3.Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі.
Ежелгі Қазақ даласындағы этникалық, саяси, мәдени үдерістерде ғұн тайпаларының алатын орны ерекше. Осынау жоғалып кеткен халық аты жаугерліктің, қаталдық пен тағылықтың бейнесіндей көрінеді. Атилла бастаған ғұндар Еуропа елдеріне жортуыл жорық жасап, оларды құлазытып кетеді, олар халықтардың ұлы қоныс аударуын бастайды. Мұның бәрі Еуропа тарихынан мәлім. Тарихи әдебиетте олар хунну немесе сюнну деген атпен белгілі.
Ғұндар б.э.д. IV-III ғасырларда қазiргi Монғолияда мемлекетiнiң территориясында, Қытайдың батысында және Оңтүстiк Сiбiр жерлерiнде көшпелi ғұн тайпаларының күштi саяси бiрлестiктерi қалыптасты.
Ғұндар жазба деректерде алғашқы рет б.з.д. 822ж. аталады, ол кезде олар Қытайға үлкен жорық жасаған. Б.з.д. ІІІғ. Ғұндардың Қытайға шабуылы үдей түсті. Сондықтан да Қытай императоры Ұлы Қорған салдырды. Бұл кезде ғұндар туысқан рулардың одағы ретінде қалыптасып, оны сайланған көсем басқарды. Б.з.д. 209ж. Туман атты көсемнің баласы Моде өзін “сенгир” деп жариялап (сенгир-ұлы) Ғұн мемлекетін құру барысында қызмет ете бастады. Алдымен Ғұндардың шығыстағы көршілері — дунхулар талқандалды. Одан кейін ғұндар өздеріне батыста юечжи мен үйсіндерді, оңтүстікте лоуфень мен байян тайпаларын бағындырды. Ғұндардың күшейюі Қытайдың назарынан тыс қалған жоқ, ол кезде Қытайда жаңа Хань әулеті билікке келген болатын. Ғұндар мен Қытай арасындағы соғыс б.з.д. 188ж. Қытайдың жеңілуімен аяқталды. Қытай императоры Гао-ди өз әскерімен бірге Байден тауында қоршауға түсті. Императорды Моденің мейрімділігі ғана құтқарып қалды. Көп ұзамай Қытай мен Ғұндардың арасында бітім орнады. Ол бітім бойынша Қытай ғұндарға жылсайын салық төлеуге тиіс еді. Моде өлгеннен кейін бейбіт кезең бірнеше ондаған жылдарға созылды. Оны император Уди бұзды. Соғыс б.з.д. 129ж. басталып, 2 жақ алма-кезек жеңіске жетіп отырды. Қытайлар Ғұндарды Ордостан ығыстырса, б.з.д. 90ж. Яньшань тауының жанында күйрей жеңілді. Сенгир Хулагу өз бітімінің шарттарын талап етті. Бірақ бейбітшілік ұзақ болмады. Б.з.д. 59ж. Ғұн мемлекетінде өзара қырқысулар басталады. Сенгирлердің билікке таласына қытай дипломатиясы өршітіп отырды.
Деректерде ғұндар мен қаңлылардың өзара қарым қатынасы туралы мәліметтер сақталған. 55 жылы аса ғұдыретті ғұн мемлекеті – оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Солтүстік батыс Монғолиядағы Қырғыз Нұр көліне таяу жерден теріскей ғұндардың билеушісі Шөже (Чжи Чжи) өз ордасын орнатады. Олар үйсіндерге шабуыл ұымдастырып тұрады. Шөже мен Қытай елі де жауласады, әсіресе Шөже қытай елшілерін өлтірткеннен кейін бұл жағдай одан әрі ушығып кетеді. Шөже мен оңтүстік ғұндар арасындағы бәсеке тартыс күшейе түседі. Осы кезде үйсіндер мен қаңлылар арасында да соғыс өрши түсті. Қаңлылар одақтас ретінде Шөжеге ұсыныстар жасап Талас өңіріндегі жерлерді беріп, әскеріне қолбасшылық құқығын береді. Оған қоса қаңлы билеушісі қызын береді. Бірақ оның үміті ақталмады. Шөже үйсіндерді күйрете алмады. Керісінше шаньюй мен қаңлылардың арасында үлкен соғыс басталады. Шежірелерге сүйенсек Шөже қаңлылардың әдет ғұрыптарын мойындаудан бас тартты және ашумен қаңлылардың қызын (әйелін) өлтіріп қояды, бұған қоса бірнеше атақты ақсүйектерді өлтіріп Талас өзеніне лақтырып тастайды делінген. Бұл үшін Шөже қаңлы билеушісінің қосынан қуылып, Таластың жоғарғы жағына кетіп шаһар сала бастайды.
Шөженің күшейе түсуі және оның үйсіндерді дүрліктіріп, шапқыншылық жасай бергені Қытайды алаңдатты.Олар соғыс бастайды. Әскері екіге бөлінеді. Қалың қол Шу алқабы мен Таласқа барып Шөженің қаласының түбінде қосылады. Қытай әскері қамалды бұзып Шөженің 1518 адамы тұтқынға алынып, олардың түгелдей басы кесіледі.
Ғұндардың қоныс аударуының екінші толқыны б.з. 93жылы басталады. Олар бірқатар тайпаларды бағындырып, екіншілерін соңынан ертіп, Сырдария бойы мен Арал өңіріне, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Б.з. ІV ғасырында олар Европадан бой көрсетеді.
Тарихшылардың басым көпшілігінің деректеріне сүйенетін болсақ, ғұндар түріктердің арғы ата бабалары, олардың Қазақстан жеріне келіп кіруіне байланысты, шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Б.з. І мыңжылдығының бірінші жартысынан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тайпаларының антропологиялық тұрпаты өзгереді де, моңғол тұрпаттылар пайда бола бастайды.
Ғұндардың шаруашылығы. Ғұндардың шаруашылық қызметінің негізгі түрі көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелі өміріндегі басты рөлі жылқы мен қой атқарғаны белгілі. Өйткені, олар тебіндеп, жыл бойы жайыла алатын еді. Жылқылары моңғол тектес – жатаған, тұрпайы, бұлшық еттері мығым, қысқа да жалпақ басты болып келеді. Бұдан басқа өгіз, қодас, түйе табындары, орасан зор қой мен ешкі отарлары ұсталды. Мал отбасының меншігінде болды, әрбір отбасы мал жайылымы үшін ру аумағының бөлігін пайдалануға және өз руы тарапынан қорғауға алынды. Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алған. Олар малын жайып келе жатып, жолай аң мен құстарды атып тіршілік қажетіне жаратқан. Біреуінің қылмысы үшін бүкіл ұжым жауап берді. Отбасылық қатынастарда көп әйел алу мен әмеңгерлік дәстүр үстем болды.
Ғұндардың қоғамы. Деректерге қарағанда, ғұндар 24 руға бөлінген. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Ғұн қоғамының билеуші тобы төрт рудан құралды. Бұл рулар арасындағы байланыстар некелік қатынастармен бекітіліп отырған. Яғни бір рудың ер азаматтары басқа үш рудаң ғана қыз алысатын болды. Мемлекет басшысы тәңірқұт (шаньюй) төрт рудың ең ықпалды руынан ғана сайланатын болған, оған іле шала жалпы аты түмен басы деп аталатын бекзаттар жүреді. Жазба деректер күәлігіне қарасақ, олардың шаньюйдің ұлдары, аға інілері немесе жақын ағайын туыстары болған.Түменбасылар саны небәрі 24 екен, оларда әрқайсысының меншігінде қөшіп қонатын жер сулары болған. Деректерде қара халықтарды қанау құралы ретінде, алым салықтың да болғаны жөнінде мәліметтер бар.
Кәсібі мен саудасы. Ғұндар арасында қолөнер кәсібінің өркен жайғаны металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан жасалған бұйымдарды көп табылғанынан белгілі. «Қабырғаларда кездесетін, қолдан немесе құмыра шеңберлерінде кездесетін керамика құмырал мен көзелер, саптыаяқтар» – құмырашы өнерінің жоғарғы дәрежеде екендігінің дәлелі. Қазба жұмыстары кезінде ғұндар қабырғаларынан шетелдік заттар табылған. Олар: жібек маталар, қытайдың ағаштан жасалған қымбат мүліктері, айналар мен нефриттен істелінген бұйымдар.
Достарыңызбен бөлісу: |