Лекция. Тақырыбы: Химиялық сандық талдаудың негізгі ұғымдары. Сандық талдау жайлы түсініктер. Анализдік реакциялар және олардың сипаттамасы. Сандық талдау әдістерінің жіктелуі. Жоспары


Сандық талдау әдістерінің жіктелуі



бет3/3
Дата19.09.2023
өлшемі18.2 Kb.
#478001
түріЛекция
1   2   3
ЛЕКЦ 1 - САН ХТ

3. Сандық талдау әдістерінің жіктелуі.
Сандық талдаудың əдістері шартты түрде химиялық, физикалық жəне физика- химиялық болып бөлінеді.
Химиялық əдістерге гравиметрлік (салмақтық), титриметрлік (көлемдік) жəне газдық анализ жатады.
Гравиметрлік анализде қосылыстағы заттардың сандық құрам бөлігі, оны қиын еритін тұнбаға айналдырып, тұнбаның массасы арқылы (алғашқы заттың құрамы) анықталады. Мысалы, күміс нитратындағы күміс ионының сандық мөлшерін анықтау:
AgNO3 + НСl → АgCl↓ + НNO3
Күміс хлоридінің нақты (дəл) массасын өлшеу арқылы күміс нитратындағы Ag+ ионының сандық мөлшері анықталады. Кейде анықталатын компонентті қыздыру арқылы бөліп, заттың массасының кемуі арқылы бөлінген заттың мөлшері анықталады, немесе бөлінген ұшқыш затты арнайы сіңіргішке сіңіріп, массасының өсуі арқылы анықтайды.
Мысалы, карбонаттағы СО2 мөлшерін анықтау:
СаСО3 + 2Н+ → СО2 + Са2+ + Н2О
СО2 + 2NаОН → Nа2СО3 + Н2О
Карбонат үлгісін қыздырып, бөлінген СО2 газын натрон ізбесі (СаО + NаОН) салынған сіңіргішке сіңіріп, массасының өсуі арқылы сандық мөлшерін анықтайды.
Гравиметрлік анализ М.В. Ломоносовтан бастау алады. Бұл дəл əдіс. Тұнбаға түсіргіш есебінде органикалық еріткіштердің қолданылуы əдісті əрі қарай дамыта түсті. Л.А.Чугаевтың диметилглиоксиммен Nі2+ ионын тұнбаға түсіруді қолданғаны бұл облыста маңызды жетістік болып табылады.
Титриметрлік анализ анықталатын зат пен реакцияға түсетін реагенттің (концентрациясы дəл анықталған титранттың) дəл көлемін өлшеуге негізделген. Реакцияның аяқталуы индикатор түсінің өзгеруімен, немесе басқа физика-химиялық тəсілдермен анықталады. Мысалы, хлорид ионын анықтау үшін концентрациясы белгілі күміс нитратымен титрлейді, реакция аяқталуын К2СrO4 реагентінің қызыл-кірпіш тəрізді түс беруімен анықтайды, яғни:
NаСl + АgNО3 = АgCl + NаNО3
Күміс нитратының хлорид ионымен эквивалентті мөлшерден артық бір тамшысы калий хроматымен К2СrO4 қызғылт Аg2CrO4 түзеді, күміс нитратының титрлеуге кеткен дəл көлемі арқылы хлорид ионының мөлшерін есептейді. Титриметрлік анализдің (нейтралдау əдісінің) негізін қалаған 1800 ж. В.П.Севергин.
Газдық анализ анықталатын газ түріндегі заттардың көлемін өлшеуге негізделген. Зерттелетін сынаманың көлемі қатты немесе сұйық сіңіргіштер сіңіргеннен соң, кейде газ қоспасын жаққаннан кейін өлшенеді.
Физикалық жəне физика-химиялық əдістер. Химиялық реакцияға жүгінбей-ақ, заттардың физикалық параметрін өлшеу арқылы химиялық құрамын анықтайтын əдіс – физикалық деп аталады. Белгілі бір химиялық реакция нəтижесінде түзілген жүйедегі физикалық құбылысты өлшеу арқылы заттардың құрамын анықтайтын əдіс – физика-химиялық деп аталады.
Мысалы, темір хлоридіндегі темір ионының құрамын анықтау:
ҒеСl3 + 3NН4SCN → Ғе(SCN)3 + 3NН4Сl /бірінші саты/
Негізінде темірдің координациялық саны n=1-6 аралықта өзгеретін темір роданидінің комплексті қосылысы түзіледі:
Fe3+ + nSCN- ↔ [Fe(SCN)n]- (n-3)
Екінші сатыда темір роданидінің оптикалық тығыздығын өлшеу арқылы темір хлоридіндегі темір ионының концентрациясы анықталады.
Қазіргі уақытта ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты оптикалық, электрохимиялық, радиометрлік жəне т.б. көптеген əдістер қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1. «Химиялық сандық талдау» пəні, міндеті нені қарастырады?
2. Химиялық əдістерге қандай əдістер жатады?
3. Гравиметрлік анализдің негізі.
4. Титриметрлік анализдің негізі.
5. Титриметрлік анализде реакцияның аяқталуы қалай анықталады?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет