Лекция тақырыбы: Қышқылды негіздік титрлеу әдісі Лекцияның оқыту нәтижелері Білім алушыларды әртүрлі химиялық анализ әдістерінің теориялық негіздерімен танысады


Қышқылды-негіздік титрлеу әдісіндегі титрлеу қисықтары



бет3/5
Дата25.03.2024
өлшемі99.61 Kb.
#496435
түріЛекция
1   2   3   4   5
ISOZJGXOMMKO17032024182811

Қышқылды-негіздік титрлеу әдісіндегі титрлеу қисықтары

Нейтрализация процесінде ерітіндінің рН-ы қосылатын титрленген ерітіндінің көлемі мен концентрациясына тәуелді үнемі өзгеріп отырады. Бұл процесті графикалық түрде бейнелеуге болады. Координаталар жүйесінің горизонталь осіне титрленген ерітіндінің көлемін (мл бойынша немесе титрлеудің әр түрлі мезетінде оның қалатын проценттік құрамын), ал вертикаль осіне – ерітіндінің сәйкес келген рН мәндерін белгілейтін болсақ, онда бірқатар нүктелер пайда болады. Осы нүктелер қатарын қоса отырып, қисық аламыз. Титрлеудің әр түрлі мезетіне сәйкес келетін ерітінді рН-ның мәнін формула бойынша есептеп табады. Атап айтқанда, сулы ерітіндідегі Н+ ионының концентрациясын, сондай-ақ қышқылдардың, негіздердің, гидролизденетін тұздардың, буферлі қоспалардың сулы ерітіндідегі Н+ иондарының концентрация мәндерін есептейді.


Әрбір титрлеу қисығына титрлеу секірісі тән. Титрлеу секірісі дегеніміз – эквиваленттік нүкте маңындағы ерітіндінің рН мәнінің күрт өзгерісі. Титрлеу секірісінің мәнін титрлеу қисығындағы вертикальды бөліктің биіктігін өлшейді. Титрлеу секірісінің шамасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым затты дәл титрлеуге және индикаторды оңай талдап алуға болады.


Қышқылды - негіздік титрлеудегі қателіктер



  1. Көлемді өлшегенде ыдыстың шкаласынан кететін абсолютті қателік

± 0.02 – 0.2 мл
Тек көлемді өлшеуге сәйкес салыстырмалы қателік (СҚ):
СҚ

V - титрлеуге алынатын көлем, ∆V – есептелген көлем;


2. Индикаторлы қателік - рТ мен рН Э. Н. арасындағы айырмашылықтан туындайды.
3. Протонды қателік, егер рН < рН Э. Н. болсатитрлеудің соңғы нүктесінде ерітіндіде артық мөлшерде Н3О+ иондары жүреді.
4. Гидроксильді қателік. Егер рН > рН Э. Н. болса, онда титрлеудің соңғы нүктесінде ОН- иондары артық мөлшерде жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет