Филология – жазба ескерткіштердің тілін, стилін, тарихи жақтарын зерттейтін ілім. Оның
дүниеге келуі жазба ескерткіштердің пайда болуымен, оны зерттеу қажеттігінің тууымен
тығыз байланысты. Грамматика теориясы көне заман елдерінің әрқайсысында әр түрлі
мақсатта және әртүрлі дәрежеде болған.
Ежелгі Қытай тіл білімі. Қытай – мәдениеті,
ғылыми ой-пікір ертеде дамыған,
дүниежүзілік мәдениетке зор үлес қосқан ежелгі ел. Қытай тіл білімінің тарихы екі мың
жылдан астам уақытты қамтиды. Қытай тіл білімі 19 ғасырдың аяғына дейін басқа елдердегі
тіл білімінің әсерінсіз өз бетінше дамыған. Тіл ғылымы тарихында өзіндік дәстүр
қалыптастырған. Бірақ Қытай тіл білімі әлемдік тіл ғылымына мәнді үлес қосқан жоқ,
ұлттық шеңберден шыға алмады. Қытай жазба ескерткіштері біздің заманнан 15 ғасыр
бұрын пайда болған. Олар мал сүйектеріне, әсіресе жауырынға жазылып сақталған.
Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою
теориясын
қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551-479 жылдар
арасына өмір сүрген философ ғалым – Конфуций (Кун-Цзы).
Грамматикалық өнер ежелгі дәуірден сақталған діни жазбалар тілін зерттеу негізінде
туған. Көне және Ортағасырлық Қытайда тілге байланысты үш түрлі филологиялық
мәселеге ерекше көңіл аударылған. Оның бірі- көне
сөздердің мағыналарын айқындау,
екіншісі – иероглифтің құрылысы мен этимологиясын айқындау, үшіншісі – фонология
Ежелгі Үнді тіл білімі. Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы 5
ғасырдан басталады. Бұл материалдардың ғылыми жүйелілігіне, ой тереңдігіне қарағанда
Үнді тіл білімі бұдан да бұрын болғанға ұқсайды. Тіл білімі мұнда практикалық
қажеттіліктен туған. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни
жырлардан құралған «Веда» деп аталатын жазба ескеркіштері болған.
Зерттеулер үнділердің атақты лингвисі Яски мен Панини жазған еңбектер арқылы
біздің заманға жеткен. Яски біздің дәуірімізге дейінгі 5 ғасырда өмір сүрген. Ол – «Веда»
тілінің бес томдық сөздігін жасап, түсінік берген адам.
Панинидің біздің дәуірге дейінгі 6 ғасыр шамасында жазған «Аштадхъян»
(грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі) деген еңбегінде төрт мыңдай грамматикалық
ереже берілген. Бұл еңбегінде Панини «Веда» жыры тілінің дыбыстық жүйесін, көне әдеби
тілінің және «Веда» жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөзжасам, сөз өзгерту жолдарын жан-
жақты зерттеген. Зерттеушілердің айтуынша, Панини еңбегі – тіл білімі тарихындағы біздің
дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика. Ол
санскрит тілінің грамматикасы деп те
аталады.
Достарыңызбен бөлісу: