Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет45/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Лекция жинағы

Әдіс туралы жалпы түсінік. Әдіс (грек сөзі) — ғылыми зерттеу ісінде қолданылатын 
әр түрлі әдіс-тәсілдердің, зерттеу ережелерінің жиынтығы, әдістемелер арқылы 
айқындалған фактілерді ғылыми игерудің жолдары. Әдіс — ғылыми зерттеудің 
айырылмайтын серігі, адастырмайтын, мақсатқа тура бастайтын құбылнамасы. Өзіндік 
әдіс-тәсілі жоқ зерттеудің болуы мүмкін емес. Олай болатыны, зерттеуге тиісті нысанның 
сыры, табиғаты әрдайым ашық-айқын көрініп тұрмайды, көбіне жасырын болады. Ал, оны 
стихиялық жолмен ашу мүмкін емес. Нысанның ерекшелігіне, алға қойылатын мақсатқа сай 
келетін белгілі бір амал-тәсілдерді қолдана отырып зерттеу қажет. Зерттеудің әр түрлі 
әдістерін дүниеге келтіретін де осы қажеттілік. 
Әдіс — шындық өмір құбылыстарында, материалдық дүниеде болатын, соларға тән 
қасиет емес, бұларда тек шынайы заңдылық қана болады. Әдіс — зерттеушілердің саналы 
әрекеттерінде болатын, соған тән әр түрлі туынды тәсілдер жүйесі, яғни субъективтік 
категория. Бірақ субъективтік болғанымен, оның материалдық негізі болады, нысанның 
өзіндік мәні мен табиғаты жөніндегі мәліметке, білікке негізделеді. 
Нысанның, пәннің өзіндік сипаты жөніндегі білім — әдіс атаулының теориялық негізі, 
оны қолданудың дұрыс жолын көрсететін, ғылыми зерттеуінде әсерлі, тиімді тәсілге 
айналдырған күш. Пәннің, нысанның негізгі сипаттарын, заңдылығын білмей тұрып, оны 


зерттеуге қандай әдіс-тесіл-дерді қолдануға болатынын айқындау да мүмкін емес. Мысалы, 
тілдің заман өткен сайын өзгеріп, дамып отыратын тарихи құбылыс екендігін, тілдердің 
өзара туыстас болатынын білмей тұрған заманда тіл біліміңде салыстырмалы-тарихи әдіс 
те болмады. Оны тіл білімінің зерттеу әдісі етіп қалыптастыру әрекеті — айтылған жайттар 
белгілі болғаннан кейін ғана мүмкін болды. Міне, осы білік — салыстырмалы-тарихи әдісті 
дүниеге келтірген әрі теориялық, материалдық, әрі тідцік негіз болып есептеледі. Әдістің 
теориялық, материалдық немесе тілдік негізі дегендерден осындай жайттарды түсінген 
жөн. 
Зерттеу әдісі бір қалыпта қалып қоймайды және ол әр ғылымда бірнеше болуы мүмкін. 
Әдістің өзгеруі зерттейтін нысанның сипатына, ғылымның даму дәрежесіне байланысты. 
Ғылым дами келе нысанның бұрын байқалмаған жаңа сырлары, тың құбылыстары 
ашылады. Оны жан-жақты және терең айқындау үшін бұрын қолданылып келген зерттеу 
тәсілдері жарамсыз болады да, зерттеудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану қажеттігі туады. 
Ондай әдістердің бұрын қолданылмаған тың туынды болуы да немесе басқа бір ғылымнан 
ауысқан болуы да мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет