А.С.Мельничук). Көне тіл құрылымын жаңғыртудың сыртқы және ішкі әдіс-тәсілдерін
жетілдіруге мән берілді.
1960-80 жылдары
салғастырмалы тіл білімі қарқынды дамыды. КСРО-ның көп ұлтты
жағдайында орыс тілімен және кейбір Батыс Еуропа
тілдерімен ұлттық тілдерді
салғастырып оқыту тәжірибесі халық мәдениетін, тіл мәдениетін арттырудың тиімді жолы
ретінде қарастырылды.
Жалпы бағыттардың бірі ретінде
лексикологиялық зерттеулер елеулі жетістіктерге
жетті. Әр түрлі
тілдерге қатысты атау теориясы, оның негізгі принциптері, сөз
мағынасының түрлері зерттелді (О.С.Ахманова, А.И.Смирницкий, Ю.С.Степанов т.б.).
Сөзжасам мен фразеология теориясының қалыптасуында Кеңес тіл білімі жетекші рөл
атқарды В.В.Виноградов, Е.А.Земская, Г.О.Винокур т.б.).
Фонетика мен фонология – тілдің дыбыстық құрылысының екі саласы ретінде
қарастырылды. Фонология теориясы Л.В.Щерба, М.Ф.Яковлев, Р.И.Аванесов,
С.И.Бернштейн т.б. еңбектерінде дамытылды. Кеңес тіл білімі фонологиялық жүйе
принциптерін айқындауда психологизмнен бас тартты. Фонеманың танымалдық-
айырымдық қызмет атқаратынына байланысты тіл жүйесін
жасауға қатысты екені
айқындалды.
20 ғасырдың екінші жартысында структурализм бағыты дами бастады. Тілдің таңбалық
жүйесіне негізделген, тіл элементтерінің құрылымын сипаттап зерттеуде математикалық
тәсілдерді қолдануға тырысатын бұл бағыт В.Г.Гак, В.А.Звенгинцев, Ю.С.Степанов т.б.
еңбектерінде дамытылды.
Дегенмен, 1970 жылдардан бастап Кеңес тіл білімінде
структурализмнің ерекше ғылыми көзқарастар жүйесі ретінде мәні әлсіреп,
жалпы тіл
теориясының құрамында қалатыны анықтала бастады.
Әлеуметтік тіл білімі (социолингвистика) Кеңес тіл білімінде тілдің қоғамдық
қызметінің заңдылықтары туралы ғылым ретінде пайда болды (В.В.Виноградов,
В.М.Жирмунский, Р.О.Шор, Б.А.Ларин, Ю.Д.Дешериев т.б.). Ол – тілдің нормалық
теориясын қалыптастыру, жазуды ретіне келтіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, көптілділік
мәселесін, әлеуметтік
факторлардың тілге әсерін, тілдің қоғамдағы рөлін т.б. зерттеумен
шұғылданды.
Кеңестік тіл білімі теориясының дамуында академиктер И.И.Мещанинов, Л.В.Щерба,
В.В.Виноградов еңбектерінің маңызы зор болды.
Достарыңызбен бөлісу: