принципі дегенді оның басшылыққа алған философиялық қағидалары, дүниетанымы деп
түсінген жөн. Әдетте, басшылыққа алған методологиялық принципінің, сүйенген
философиялық негізінің
қандай болуына қарамастан, ғылым жетістіктері, ғылым ашқан
жаңалықтар таптық болмайды, жалпыхалықтық, жалпыадамдық игілік болады. Бірақ бұдан
ғылым табыстарын адамдар әр түрлі мақсатта пайдаланбайды, ұстанған методологиялық,
философиялық принциптің таптық мәні болмайды деген қорытынды шықпайды.
Әрбір ғылымның өзіне тән арнаулы зерттеу әдісі зерттеушінің
басшылыққа алған
методологиялық принципіне, сол белгілеп берген негізгі мақсатқа сай келіп отырады.
Зерттеу әдісі бір болғанымен, егер басшылыққа алған методологиялық принциптері әр түрлі
болса, әдіс алдына қойылатын талап та, одан шығарылатын қорытынды да әр түрлі болмақ.
Мысалы, 19 ғасырда және 20 ғасырдың бас кездерінде бір-біріне қарама-қарсы бағытта
қалыптасқан лингвистикалық мектептердің басым көпшілігі салыстырмалы-тарихи әдісті
зерттеудің бәріне де ортақ тәсілі ретінде қолданды. Бірақ ол әдісті натуралистер "тіл —
биологиялық құбылыс, организм" дейтін негізгі концепцияларын дәлелдеуге пайдаланса,
психологистер "тіл — таза психикалық құбылыс" дейтін концепцияларын дәлелдеуге
пайдаланды. Сол сияқты құрылымдық әдіс те түрлі мектептерге
ортақ әдіс болғанымен,
олардың әрқайсысы әр түрлі мақсатта, әр түрлі бағытта қолданылады т.б.
Достарыңызбен бөлісу: