Лекция. Тақырыбы: Кіріспе. Метрология ұғымы және негізгі мәселелері. Өлшеу ұғымы



бет2/5
Дата14.03.2022
өлшемі135.5 Kb.
#456252
түріЛекция
1   2   3   4   5
1 лекция

Өлшеулер бірыңғайлығы – өлшеулердің нәтижелері заң- дастырылған шама бiрлiктерiнде көрсетiлген, ал өлшеу нәтижелерінің қателіктері белгіленген ықтималдықпен белгілі болған және белгіленген шектерден шықпаған кездегі өлшеулердің күйі. Бірінші кезекте өлшеулер бірыңғайлығы түрлі жерлерде және түрлі уақытта, түрлі өлшеу әдістері мен құралдарының көмегімен алынған өлшеулердің нәтижелерін салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл қазіргі қоғамда қызметтің барлық дерлік салаларында – ғылыми-техникалық, экономикалық және әлеуметтік салаларда пайдаланылатын өлшеу ақпа ратының дәлдігіне және шынайылығына қойылатын талаптардың өсуі үдерісімен байланысты.
Шамалар бірліктері және өлшеулер қателіктері туралы бөлімдер зерттелгеннен кейін «өлшеулер бірыңғайлығы» ұғымының мазмұны төменде егжей-тегжейлі берілетін болады.
Өлшеулер нәтижелерінің өлшенетін шаманың ақиқат мәніне жақындығы өлшеулер дәлдігі болып табылады, бұл ұғым өлшеулер нәтижесі қателігінің нөлге жақындығын көрсетеді.
Өлшеулер туралы ғылым ретіндегі метрология мәнін келесідей міндеттер құрайды:

  • өлшеулердің жалпы теориясы;

  • физикалық шамалардың бірліктері және олардың жүйе- лері;

  • өлшеу әдістері және құралдары;

  • өлшеулердің дәлдігін айқындау әдістері;

  • өлшеулер бірыңғайлығын қамтамасыз ету негіздері;

  • физикалық шамалар бірліктерінің эталондары;

  • бірліктердің мөлшерлерін эталондардан өлшеулердің жұмыс құралдарына көшіру әдістері.

Метрология келесі негізгі бөлімдерден тұрады:



  • теоретиялық (іргелі) метрология, мәні – өлшеулердің жалпы теориясы және қателіктер теориясы, физикалық шамалар бірліктерінің және олардың жүйелерінің теориясы, шкалалардың және тексеру сұлбаларының теориясы, т.б. сияқты метрологияның іргелі негіздерін әзірлеу;

  • заңнамалық метрология құқықтық ережелер дәрежесінде қолданылатын және мемлекеттің бақылауында болатын өлшеулер бірыңғайлығын қамтамасыз ету жөніндегі міндетті түрде қолданылуға тиіс метрологиялық ережелер мен нормалардың жиынтығы болып табылады;



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет