тәжірибелік (қолданбалы) метрология теориялық метро- логияның әзірлемелерін және заңнамалық метрологияның ережелерін тәжірибе жүзінде қолдану мәселелерін, атап айтқанда, тексеру және калибрлеу құралдары мәселелерін шешеді.
Өлшеу ұғымы
Өлшеу – адамның қоршаған материалдық әлемді тануы үдерісіндегі ең ежелгі операциялардың бірі. Өркениеттің даму тарихында өлшеудің қалыптасуы және дамуы, өлшеу әдістері мен құралдарының жетілуі, өлшемдер дәлдігі мен бірыңғайлығының артуы үздіксіз жүрді.
Өлшеулердің даму үдерісінде адамзат сезім органдарының және дене мүшелерінің көмегімен өлшеуден бастап дамыта келе, өлшеулердің ғылыми негіздерін қалыптастыра білді және осы мақсаттарда күрделі физикалық үдерістер мен техникалық құрылғыларды пайдаланатын болды. Қазіргі уақытта физикалық қасиеттерінің өзгеруі ауқымына қарамастан өлшеулер материяның осы қасиеттерін қамтиды.
Адамзат дами келе экономикадағы, ғылымдағы, техникадағы, өндірістік қызметтегі өлшеулердің мәні арта бастады. Өлшеулердің көмегімен табиғат құбылыстарының арасындағы сандық арақатынастар анықталады, сол себепті көптеген ғылымдар «дәл ғылымдар» деп атала бастады. Шын мәнісінде өлшеулер өнері рөлінің артуының және жетілуінің арқасында бүкіл ғылым мен техника ілгері қадам басты. Д.И. Менделеев айтқандай, «Ғылым өлшеуден басталады. Өлшемсіз дәл ғылым болмайды».
Техникада, өндірістік қызметте, материалдық құндылықтардың есебін жүргізгенде, қауіпсіз еңбек жағдайларын және адамның денсаулығын қамтамасыз еткенде қоршаған ортаны қорғауда өлшеулер маңызды. Өлшеу құралдарын кеңінен пайдалану және сан алуан өлшеулерді жүргізу үдерістерінсіз қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогресс мүмкін емес.
Техникалық құралды қолдану операцияларының жиынтығы ретіндегі өлшеудің техникалық жағы: бірліктің мөлшерімен (өлшеммен) салыстыру үдерісі ретіндегі өлшеудің метрологиялық мәнісі және шаманың мәнін алу үдерісі ретіндегі өлшеудің танымдық жағы көрсетілген.
Өлшеудің жоғарыда келтірілген анықтамалары метрологияда «өлшеулердің негізгі теңдеуі» деп аталатын теңдеумен берілуі мүмкін:
X X X (1)
мұндағы X - өлшенетін шама; X өлшенетін шаманың сандық мәні; X өлшеу бірлігі. Өлшеудің барлық анықтамаларында шама немесе қатаңырақ айтқанда физикалық шама ұғымы беріледі.
Метрология тәжірибелік қызмет ретінде ерте заманнан бері келе жатыр. Адам қоғамының даму барысында өлшеулер адамдар арасындағы, олардың сыртқы ортамен, табиғатпен қарым-қатынаста негізгі рөл атқарды. Сол кезден бастап өлшемдер, пішіндер, заттардың, құбылыстардың қасиеттері, сонымен оларды салыстыру туралы ережелер мен әдістер дайындалып шығарылды.
Бұрын өлшеу бірліктері мен олардың өлшемдерінің атаулары арнайы қоңдырғыларды қолданбай, қол, аяқ астында болған заттардың атауына сәйкес қойылды. Мысалы: Ресейде ұзындықтың негізгі бірліктері ретінде пядь және локоть қолданды. Кейінірек, аршин атты бірлік пайда болғанда пядь қолданыстан алынды.
Атаулары бар өлшемдердің бірліктерін біріктіру үшін үлгілі өлшемдер шығарыла басталды.
Францияда 1840 жылдың басында өлшемдердің метрлік жүйесі енгізілді. Метрлік жүйенің маңыздылығын Д.И. Менделеев терең бағалады. Менделеевтің арқасында 1875 жылы Парижда өткен Дипломатиялық метрологиялық конференцияда Метрлік конвенция қабылданды, конференцияға 17 ел қатысты.
Қазақстандағы өлшемдер мен өлшеу техникасының дамуы Ресейдегі метрологияның дамуы мен қалыптасумен тығыз байланысты. Қазақстан аймағындағы ең алғашқы мекеме 1923 жылы Семейде Омбылық салыстырып-тексеру палатасының Семейлік бөлімшесі ашылды. Ол аспаптарды қолдануға жарамдылығын анықтау сияқты мәселелермен айналысты. Яғни нақты дәл жүретін өлшемдер мен аспаптардың көрсеткіштері мен саудада, кәсіпорындарда қолданылатын өлшемдер мен аспаптардың көрсеткіштерін салыстырды. Бұл салыстырып-тексеру деп аталды, ал мұндай мекемелер салыстырып-тексеруші мекемелер деп аталып кетті.
Қазіргі уақытта мамандық иелері өндірісте қолданылатын өлшеуіш-ақпараттық жүйелеріндегі өлшеу құралдарын, оларды тексеру және оны пайдалану жолдарын білуі қажет.
Метрология мен өлшеу негіздері туралы, метрологиялық қамтамасыз ету мен нормативті-техникалық құжаттар туралы, өлшеу құралдарын тексеру туралы мағлұматтарды қарастырады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың, метрологияның қолданылуымен, ұйымдастырушылық құрылымымен, тапсырмасымен, негізімен таныстырады, өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыру, стандарттау, сертификаттау және метрология саласында толық мағлұматты қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |