Лекция Тақырыбы: Кіріспе



бет18/20
Дата15.06.2023
өлшемі363.5 Kb.
#475067
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
стандарт лекция

Сұрақтар:
1 Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды кім жүргізеді?
2 Метрологиялық бақылауды не үшін жүргізеді?
3 Метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады?
4 Заңнаманы бұзғаны үшін қандай айыптар салынады?
5 Қандай бұзушылықтар үшін айыптар салынады?

14-лекция
Тақырыбы:Халықаралық стандарттау.
1.Стандарттау бойынша ұйымдар.
Халықаралық стандарттау ұйымдарының құрылымын, функциялары мен есептерін оқу. Жалпы стандарттау бойынша бірінші халықаралық ұйым – ұлттық ұйымдардың Халықаралық ассоциациясы 1926 ж. құрылған, бірақ 1939 ж. екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін ыдырады. Қазірдегі стандарттау бойынша Халықаралық ұйым – ISO (International Organization for Standardization, ISO) 1946 ж. 25 елмен құрылды. ISO ұйымының қызмет саласы электротехника мен электроникадан басқа барлық салалардан тұрады. Электротехника мен электроника салаларындағы стандарттаумен Халықаралық электротехникалық комиссиясы (International Electrotechnical Commission - IEC) айналысады. Кейбір жұмыстарды ISO мен IEC бірге орындайды. ISO есептері: тауарлар мен қызметтермен халықаралық алмасу, және интеллектуалды, ғылыми-техникалық, экономикалық салаларында ынтымақтастықты дамыту мақсаттарымен әлемдегі стандарттау және жапсарлас қызметтерінің дамуына жәрдемдесу. ISO стандарттары өнімдер мен қызметтер қауіпсіз, сенімді жане сапалы болатынына кепілдік береді. Бизнес үшін шығындар мен қателерді минимумдау және тиімділікті жоғарлатудың олар стратегиялық құралы болады. Осы стандарттар компанияларға жаңа нарықтарға қол жеткізу, дамитын елдерге бірдей шарттарды қамтамасыз етуге, еркін және әділетті халықаралық саудаға көмектеседі. ISO стандарттары дуниежүзіндегі мамандармен жасалады, сондықтан олар халықаралық тәжірибе мен білімдерді көрсетеді. Қазіргі кезде ISO-ға 162 ел уәкілдері кіреді, оның құрамында стандарттарды құрастыратын 3368 техникалық органдары бар, 151 адам ISOның Орталық хатшылығында (Женева, Швейцария) жұмыс жасайды. ISO-ның жоғарғы басшылығы Бас ассамблея болып табылады, ол үш жылда бір рет өткізіледі. Тікелей басшылықты ISO Кеңесі орындайды. Негізгі үйлестіруші жұмыстар 7 негізгі комитеттерде өткізіледі: СТАКО (STAKO - Standard Commitee)– стандарттаудың ғылыми принциптерін оқу комитет, ПЛАКО (PLACO - Planning Committee) - техникалық бюро, КАСКО (CASCO - Committee on conformity assessment) – сәйкестікті бағалау комитеті, ИНФКО (INFCO- Information Committee) - ғылыми-техникалық ақпарат бойынша комитеті, ДЕВКО (DEVCO — Committee on developing country matters) – дамушы елдерге көмек беру комитеті, КОПОЛКО (COPOLCO - Committee on consumer policy)– тұтынушылардың мүдделерін қорғау комитеті, РЕМКО (REMCO - Committee on reference materials) – стандартты үлгілер комитеті. Халықаралық стандарттарды жасаудың тікелей жұмысын техникалық 37 комитеттер мен кіші комитеттер орындайды. Олар жұмыс топтарын құра алады. ISO ұғымының ресми тілдері ағылшын, француз, орыс. ISO 19000 астам стандарттар құрастырды, жыл сайын 500-600 стандарттар әзірленеді, өңделеді. Орыс тіліне барлық стандарттардың 70% астам аударылған. ISO халықаралық стандарттары барлық мүше елдер үшін міндетті статусы жоқ. Әр ел оларды қолдануларына немесе қолданбауларына болады. Қазақстанда ISO стандарттарының жартсысы қолданылады. Стандарттардың тек қана 20%-да белгілі өнімдерге талаптар орнатылған. Стандарттардың көбісі қауіпсіздік, өзара алмасушылық, техникалық сәйкестік, өнімдерді сынаудың әдістерін және жалпы методологиялық сұрақтарын қарастырады. Халықаралық электротехникалық комиссия (IEC) 1904 ж. 13 елдің конференциясында құрастырылды. Осы елдердің ынтымақтастығының басталуының мерзімі – 1881 жыл. IEC бірінші салалық стандарттау бойынша халықаралық ұйым болып табылады. IEC электротехника, электроника, радиобайланыс, аспап жасау салаларындағы стандарттау есептерін қарастырады. IEC 1946 жылдан бастап ISO құрамындағы бірінші автономдық ұйымдастыру. Барлық мүше елдердің ұлттық комитеттері IEC-тің жоғарғы басқару органын - Кенесті құрастырады. IEC-тің негізгі үйлестіруші органы – Әрекет комитеті. Ол жұмыстың жаңа бағыттарын дамытудың қажеттіліктерін анықтайды, әдістемелік құжаттарды жасайды, басқа ұйымдармен ынтымақтастық сұрақтарын шешуге қатысады. Кеңестің тапсырмаларын орындайды. IEC стандарттарын екі түрге бөлуге болады – салааралық болатын жалпы техникалық, және белгілі өнімге талаптардан тұратын техникалық с.тандарттар Жыл сайын IEC халықаралық стандарттау бойынша 500 астам тақырыптарды қарастырады. IEC 2000 астам стандарттарды қабылдады. ISO– ның стандарттарына қарағанда бұл стандарттар нақтылау болып табылады. ISO-мен бірге IEC сынау зертханаларының және әдістемелік сұрақтарының стандарттау, сертификаттау, аккредитациялау ISO/IEC Нұсқаулықтары мен директиваларын жасайды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекетаралық Кеңесі ТМДның стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша келісілген саясатын қалыптастыру және жүргізудің үкіметаралық органы болып табылады.
Мемлекетаралық Кеңесі «Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келісілген саясатты өткізу туралы келісім» (1992 ж. 13 наурыз) негізінде стандарттау, метрология және сертификаттау салаларындағы жұмыстарды үйлестіру, стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредитациялаудың негізгі бағыттарын анықтауға құрастырылған. Мемлекетаралық Кеңес мемлекетаралық стандарттарды қабылдайды. Мемлекетаралық Кеңес мүшелерінің отырысы Мемлекетаралық Кеңестің жоғарғы органы болып табылады, ол жылына екі рет кезекпен мүше 38 елдерде – Келісімге қатысушыларда өткізіледі. Отырыстар арасында Кеңес жұмысын Төраға басқарады. Мемлекетаралық Кеңес төрағасының функцияларын кезекпен стандарттау, метрология және сертификаттау ұлттық органдарының басшылары орындайды. Регионалды ақпараттық орталық пен эксперттер тобынан тұратын стандарттар бойынша Бюро Мемлекетаралық Кеңесінің жұмыс органы болып табылады. 1995 ж. Мемлекетаралық Кеңес стандарттау бойынша Халықаралық ұйымдастыруымен (ISO) - Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Еуразиялық Кеңес ретінде бекітілді. Стандарттаудың еуропалық жүйесінің негізгі принциптері тәуелсіздік және билік органдарымен ынтымақтасу. Америкалық жүйеден өзгеше стандарттаудың еуропалық жүйесі реттелген және ұйымдасқан. Стандарттау бойынша Еуропада үш ұйымдастыру бар: телекоммуникациялық стандарттардың Еуропалық институты ETSI (European Telecommunications Standards Institute), стандарттау бойынша Еуропалық комитет СEN (European Committee for Standardization), стандарттау бойынша Еуропалық электротехникалық комитет CENELEC (фр.- Comité Européen de Normalisation Électrotechnique), олардың барлығы жеке болып табылады. СEN 1961 жылдан бар. Оның мүшелері – Еуропаның 18 елі. Еуропалық жүйе 1985 г. Еуропалық Одағының Кеңесі қабылдаған стандарттау және техникалық регламенттеудің жаңа амалдарының талаптарына негізделген. Оларға сәйкес стандарттау бойынша мемлекеттің қызметі денсаулығын немесе нарыққа өнеркәсіптік тауарлар жеткізу кезінде қауіпсіздік сақтаудың негізгі талаптарын орындалғанын бақылау болып табылады. Осы талаптарды сақтауды қамтуға техникалық мәселелерді шешу еркін стандарттардың ролі болып табылады. Сол үшін Еуропалық комиссия стандарттау бойынша еуропалық ұйымдармен өзара түсіністік Меморандумына қол қойды. Соған сәйкес Еуропалық комиссия өзінің техникалық талаптарын жасамайтынын бекітті. Сонымен бірге еуропалық жүйе сыртқы функцияларында орындап, еуропалық саудадағы техникалық барьерлерін жояды. Ұлттық жүйелерге қарағанда Еуропалық жүйеде еуропалық стандарттаудың басымдылығы қамтылады. Осы принципке сәйкес жалпы еуропалық деңгейде жұмыстар жасалса ұлттық ұйымдар өздерінің стандарттарын жасамайды. Сонымен бірге Еуропаның ұлттық ұйымдары жалпы еуропалық стандарттарын қабылдайды, еуропалық стандарттарға сәйкес болмаса өздерінің әзірлеулерін жояды. АҚШ. Америкалық стандарттау жүйесінің ерекшелігі салалық спецификасын есепке ала отырып қамту ауқымы өте кең. Америкалық жүйе өндірістік салалар бойынша тараған және стандарттау бойынша көптеген ұйымдармен сүйемелденеді, жеке және мемлекеттік. Америкалық стандарттары өндірістік өнеркәсіптердің және мемлекеттік билік органдарының нақты сұрақтары бойынша бөлек салаларға әзірленген. Жүз жылдан астам америкалық стандарттау жеке сектордың инициативасымен, 39 мемлекеттің қатыспауымен дамыған. Стандарттарды ендіргенде негізгі есеп өнімге, технологиялық процестер мен жүйелерге техникалық талаптарды әзірлеу болып табылады. 1918 жылы стандарттау бойынша жеке ұйымдар серіктестер федерациясы құрылдыды – Америкалық ұлттық стандарттар институты (ANSI -American national standards institute). Оның негізгі міндеті стандарттау саласында қызметін үйлестіру. ANSI – мемлекеттік емес ұйым оның құрамына 700 фирмалар, 30 үкіметтік органдар, 20 институт және 260 кәсіпорындық, техникалық, коммерциялық және өнеркәсіптік ұйымдар бар. ANSI қызметі мұшелік жарналар мен құжаттарды сатудан табыстармен қаржыландырылады. АҚШта стандарттарды шамамен 600 ұйымдар әзірлейді. Стандарттау жүйесі еркін, сондықтан стандарттарға сәйкес болу міндетті емес. АҚШтың федералды үкіметі стандарттау ұйымдарын қаржыландырмайды және басқармайды, бірақ жеке сектор сүйемелдеуімен еркін стандарттауға сатып алушы және техникалық стандарттарды белсенді әзірлеушісі ретінде қатысады. Сонымен бірге федералды үкімет стандарттау процесі ұлттық мүделеріне сәйкес болуын бақылайды. Америкалық стандарттау жүйесінің күрделілігіне қарамастан, ол өзінің тиімділігін дәлелдейді, өндірушілерге өнімдерді жобалау, жасау және іске асыруға көмек береді, уақытысымен өндірістің, үкіметтің және тұтынушылардың сұраныстарын қамтамасыздандырады. Қазіргі кезде АҚШ әлемдік өндірістік өнімнің шамамен 25% жасайды. Өндірістің келесідей жоғарғы интеллектуалды түрлерінде: компьютерлік техника, авиақұру, автомобилдерді жасау, темір жол көлік, ғарыштық техника, т.с. бұл ел лидерлік орында. Ресей Федерациясы. Кәзірде Ресейде стандарттаудың негізгі міндеті: жоғарғы сапалы, қауіпсіз және бәсекеге қабілетті өнімді шығаруын, өндіруін және тұтынуын қамтамасыздандыратын нормативтік базаны дамыту және сүйемелдеу. 1998 году жылы Ресей Госстандарты стандарттаудың үлттық жүйесінің жаңа Концепциясын қабылдады. Осы концепцияға сәйкес стандарттар функциясы өнімдердің сапа және қауіпсіздік көрсеткіштерінің деңгейін орнатады. Осы деңгей санитария, гигиенаның замануи талаптарына сәйкес болуын, қоршаған ортаны қорғауды және адам мен олардың мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыздандырады. Ресей Госстандартының құқықтық статусы (Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Ресей Федерациясының Комитеті) «Стандарттау туралы» Заңымен бекітілген Сонымен бірге Ресей Госстандартын жалпы яғни бүкіл елге бірдей болатын стандарттау бойынша барлық жұмыстарды өткізудің ұйымдықтехникалық ережелерін орнатуға құқығы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет