15-лекция
Сапаны басқару (квалиметрия негіздері)
1.Квалиметрия, сапаның көрсеткіштер түрлері
2.Сапаның көрсеткіштерін анықтау әдістері
Сапа көрсеткіштерін бағалау әдістерін, қалыптастыру ережелерін, қасиеттерін оқу.Өлшеу және сапаны бағалау Тұтынушылардың белгілі қажеттіліктерін қамтамасыздандыру мүмкіншіліктеріне сәйкес өнімнің қасиеттер жиынтығы оның сапасы деп аталады. Сапаны басқару үшін біріншіден оны бағалу, ал идеалды жағдайда - өлшеу керек. Сапаны бағалу сұрақтарын квалиметрия оқиды. Сапа деп аталатын қасиет физикалық шама болып табылмайды және метрологиялық көз қарасы жағынан өлшенбейді, себебі осы қасиеттің заңдаңдырылған өлшемі жоқ. Сонда да физикалық шамаларды өлшеу аналогиясы негізінде квалиметрияда сапаны бағалудың (сонымен бірге сан жағынан да) практикалық ұсынымдары алынған. Бір шаманы анықтау және өлшеу тек қана оны басқа салыстыру бірлігі болатын белгілі шамамен – өлшеммен салыстырып орындауға болады. Метрологияда осындай өлшемдер ретінде физикалық шамалардың бірліктері болып табылады. Физикалық шамалардың аналогтары квалиметрияда сапа көрсеткіштері болып табылады. «Физиқалық шама» және «сапа көрсеткіші» түсініктемелер жақын, бірақ тең емес. Физикалық шама табиғаттың объективті қасиеттерін көрсетеді, ал сапа көрсеткіші – белгілі жағдайлардағы қоғамдық қажеттіліктерін. Мысалы, масса – физикалық шама, ал өнім массасы – оның тасымалдылық көрсеткіші; жарықтандыру – физикалық шама, ал жұмыс орынның жарықтығы - эргономикалық көрсеткіш. Сапа - өнімнің күрделі, көпөлшемді қасиеті, оның тұтыну қасиеттер жиынының жалпылаған сипаттамасы. Бағалау мақсатымен ол сапаны анықтайтын компоненттердің тек қана шағын санын есепке алатын. қарапайымдыланған модельмен көрсетеіледі. Қажет болса, сапа моделі жетілдіріледі, сапаны басқа жағынан сипаттайтын өнімнің жаңа қасиеттері есепке алынады. Кері қарай – модель қарапайымдылануы мүмкін.
Сапа көрсеткіштерінің қасиеттері және оларды қалыптастыру ережелері
Физикалық немесе физикалық емес (экономикалық, гуманитарлық, әлеуметтік, т.б.) шамалар болатынына сәйкес сапа көрсеткіштері физикалық шамалар бірліктерімен немесе келісім бойынша қабылданған бірліктермен 45 (мысалы, балл, балдық шкала) көрсетіледі. Сапа көрсеткіштері бірлі-жарым немесе комплексті деп бөлінеді. Бірліжарым көрсеткіштері сапаны анықтайтын қасиетерінің бірі болады; комплексті көрсеткіштер бірнеше бірлі-жарым көрсеткштерінен құрастырылады. Комплексті көрсеткіштері бірлі-жарым көрсеткіштерінен олар арасындағы белгілі функционалдық тәуелділіктерінен құрастырулары мүмкін, немесе келісім бойынша қабылдаған бірлі-жарым көрсеткіштерінің комбинациясы болуы мүмкін. Мысалы, радиоаппаратураның сапасының бірлі-жарым көрсеткіші ретінде кернеу көзінің U кернеуін және тұтынатын I тогын таңдап, Р = UI функционалдық тәуелділігін қолданып, комплексті көрсеткішті – тұтынатын Р қуатты алуға болады. Егер де объективті функционалдық тәуелділік болмаса, сапаның комплексті көрсеткіштерін құрастыру үшін субъективті әдісін қолданады – орта салмақты принципі бойынша, келесі формулардың біреуін қолданып: - орта арифметикалық салмақтау мәні i n i Q giQ = = 1 ; (11.1) - орта гармоникалық салмақтау мәні = = = n i i i n i i g Q g Q 1 ~ 1 ; (11.2) - орта геометриялық салмақтау мәні = = = n i i n i g i g Q Q i 1 1 1 . (11.3) Салмақты коэффициенттер i g көмегімен әрбір Qi бірлі-жарым сапа көрсеткішінің маңыздылығы немесе құндылығы (салмағы) есепке алынады. Сапа көрсеткіштерінің салмақтарын анықтаудың есебі, әдетте, келесі шарттан есептелінеді 1. 1 = = n i i g (11.4) Практикада келесідей ұсынымдар орнатылған: 1) болмашы айырмашылықтары бар біртекті көрсеткіштер біріктірілсе, онда сапаның комплексті көрсеткішін есептеу үшін орта арифметикалық салмақтау мәні қолданылады; 2) көрсеткіштердің айтарлықтай айырмашылықтары бар болса, онда орта гармоникалық салмақтау мәнін қолдану ұсынылады; 46 3) комплексті көрсеткішті орта геометриялық салмақтау мәнімен біріктіру комплексті көрсеткішті құрастырудың ең универсалды амалы деп есептеледі. Біртекті емес (әртүрлі өнімдерге немесе оларды қолданудың әртүрлі шарттарына жататын) немесе шашырауының деңгейі жоғары бірліжарым көрсеткіштерді осы сұлба бойынша біріктіреді. Егер де комплексті көрсеткіш құрамына сапаның әр текті көрсеткіштерін кіргізсе, оларды қатыанасты түрде көрсету керек. Өнім сапасын көпмлексті көрсеткішпен бағалағанда бір бірлі-жарым көрсеткіштердің төмен мәндерін басқа көрсеткіштің мәнін негізсіз көтеріп өтеуге тырысу амалдары қолданылуы мүмкін. Осындай мүмкіншіліктерді жою мақсатымен сапа көрсеткішін вето коэффициентіне көбейтеді. Бір маңызды бірлі-жарым көрсеткіштің мәні рұқсат етілген шектерден шықса бұл коэффициент нолге айналады, басқа жағдайларда бірге тең. Осыған байланысты, өнімнің ең болмағанда бір маңызды қасиеті мүмкін емес аз болса, сапа көрсеткіші нолге айналады. Бірлі-жарым көрсеткіштер негізінде алынған сапаның комплексті көрсеткіштерін жоғарғы деңгейдегі комплексті көрсеткіштерге біріктіруге болады. Сонымен, сапа көрсеткіштердің құрылымы көпдеңгейлі болады. Жағарғы деңгейдегі көрсеткіштерге көшкенде өнім сапасының моделі өрескел болады, соңында сапаны жалғыз – жалпыланған көрсеткішпен бейнелеуге келтіреді. . Сапаның комплексті көрсеткіштерін өнім қасиеттерінің анықталған тобына қатысты құрастыруға болады. Осындай көрсеткіштер топтық деп аталады. Мысалы, өндіріс өнімдері үшін топтық көрсеткіштері тағайын, сенімділік, қауіпсіздік, т.б. көрсеткіштері болады. Сапаны экономикалық көз қарасы жағынан бағалау үшін комплексті көрсеткіштің түрі – сапаның интегралды көрсеткіші болып табылады. Ол келесі жолмен құрастырылады: өнімді қолданудың пайдалы эффектінің оны жасау және пайдалануға кеткен шығындар шамасына қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |