Лекция тақырыптары Дінтанудағы деректеметану теориясы


- модуль . Шығыс діндерінің көне жазбалары



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата23.03.2023
өлшемі104.69 Kb.
#471018
түріЛекция
1   2   3   4
Лекция

2- модуль . Шығыс діндерінің көне жазбалары
 
Конфуцишылдықтың негізгі канондарымен жұмыс жасау. 
Конфуцишылдықтың негізгі кітаптары. Лунь юй- Конфуцидың əңгімелері 
мен ойлары. Конфуцидың өмірі мен ілімінің негіздеріне шолу жасау. 
Жиналған мəліметтер туралы шығыс жəне батыс ғалымдарының зерттеулері. 
Да сюэ ұлы ілім (Конфуцишылдыққа кіріспе). Конфуци ілімінің мазмұны 
мен мəні. Чжунь юн - тең орта туралы ілім. Конфуцишылдықтың дамуы. 
Мен-Цзы ойлары. Меньцияның қанатты сөздерінің философиялық мəні. Сяо 
цзин – ұлдық құрмет туралы кітап жəне оның тарихи-əлеуметтік мəн-
мағынасы. Конфуцишылдық канондар жиынтығы. Олардың хронологиясы. И 
цзин - Өзгерістер кітабы. Иу цзин - Тарих кітабы. Ши цзинь – Əндер кітабы. 
Ли цзин – дəстүрлер жəне міндеттер кітабы. Чюнь цю – Көктем мен күз. 
Жылнама. Конфуцишылдық канондардың мазмұны мен мəні, өзіндік 
ерекшеліктер.
 
 
Ведалық əдебиеттер. 
Ведалардың пайда болуы. Ведалық əдебиеттердің мақсаты. Ведаларды 
зерттеудің эмприкалық əдістері. Ведаларға байланысты тарихшылардың 
көзқарастары. Архиология жəне антропологияның Ведаларға қатысты 
қорытындылары. Лингвистикалық зерттеулердің ведаларға берген бағалары. 
Самхиттер. Ведалық гимндер. Брахмандар. Араньяктар. Упанишадтар. 
Ведаларға берілген түсініктемелер. Шанкараның Ведаларға берген бағасы. 
Ведалардың Батысқа таралу тарихы. Аудармалар жəне Ведалық 
əдебиеттердің батыстық варианттарының ерекшеліктері. В. Джонс, Ч. 
Уилкинс, Т. Кольбрук, О. Т. Вильсон сияқты ғалымдардың ведатануға қосқан 
үлестері.
 
Буддизмнің қасиетті кітаптары. 
Трипитаканың мəні мен мазмұны. Виная-питака (ордендер уставы) жəне 
оның жүйесі. Пратимокша – Заңдар. Кхандана – заңдарға берілген 
түсіндірмелер (Махавагга жəне Чуллавагга). Паривара – заңдардың 
ережелерін игеру үшін берілген кеңестер жиынтығы. Сутта – Питака 
(Будданың кеңестері) Дигха – Никая (Махапариниббона, Тевиджа жəне 
басқалары, барлығы 34 сутта) жəне оның мазмұны. Маджхима – Никая. 
Будданың əлем, табиғат жəне адам туралы əңгімелер жинағы. (150 əңгіме). 
Самьютта-Никая (Дхаммапада, Сутта-Нипата, Джатаки жəне т.б. барлығы 15 
кітап). Абидхарма-питака жеті трактат. Буддизм канондарына жасаған 
ағылшын, француз т. б. батыстық ғалымдарының аудармалары жəне зерттеу 
жұмыстары. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет