Тәрбиенің принциптері
Принцип - адамның нақты іс -әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер.
Тәрбиенің принциптері - педагог басшылыққа алатын тәрбие процесінің мазмұны мен іске асыру жолдарын айқындайтын бастапқы ережелер, алғышарттар, талаптар мен қағидалар жиынтығы. Тәрбиеші оларды таңдамайды, басшылыққа алады, солардың талабы тұрғысынан күрделі, жалпы немесе дербес, нақты мәселелердің шешімін іздейді.
Тәрбие процесін ұйымдастыру формалары
Форма – бұл тәрбиелік істер процесіндегі тәрбиеленушінің тәрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі.Тәрбие жұмыстары формаларын түрліше топтастыру мүмкіндіктері бар. «Форма» терминінің мәні: тәрбие процесінің сырттай көрінісі; тәрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәсілдері мен тәрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы; тәрбиеленушілердің ұжымдық және жеке, дара іс-әрекеттерін жоспарлы ұйымдастыру жүйесі.
Тәрбие құралдары
Ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал жасаушы заттың бəрі тəрбие құралы болып есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сəт көріністері жəне т.б. – тəрбиелік ықпалға ие. Тəрбие құралдары тəрбиеленушіге өздігінен əсер етеді, сонымен бірге оларды тəрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін
Тəрбие құралдары қандай да тəрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі. Мұндай да таңдау тəрбие əдісіне орайлас орындалады. Құралдар өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді, тəрбиеленушілердің белсенділігін көтереді, материалды- техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық көңіл-күй шуағын береді, іс-əрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы рəмізін айқындай түседі, т.с.с.
Құралдар белгілі гигиеналық, эстетикалық, экономикалық, инабаттылық, құқықтық талаптарға сай болуы шарт. Тәрбие құралдары – бұл әлеуметтік тәжірибенің педагогикалық тәуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тәрбиелік ықпал жасаушы әрқандай заттың бәрі тәрбие құрал –жабдығы болып есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сәт көріністері және т.б. тәрбиелік ықпалға ие. Тәрбие құралдары тәрбиеленушіге өздігінен әсер етеді, сонымен бірге оларды тәрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін.
Тәрбие құралдары – бұл әлеуметтік тәжірибенің педагогикалық тәуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал жасаушы заттың бəрі тəрбие құралы болып есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сəт көріністері жəне т.б. – тəрбиелік ықпалға ие. Тəрбие құралдары тəрбиеленушіге өздігінен əсер етеді, сонымен бірге оларды тəрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін.
Тəрбие құралдары қандай да тəрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі. Мұндайда таңдау тəрбие əдісіне орайлас орындалады. Құралдар өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді, тəрбиеленушілердің белсенділігін көтереді, материалдық-техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық көңіл-күй шуағын береді, іс-əрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы рəмізін айқындай түседі, т.с.с.
Құралдар белгілі гигиеналық, эстетикалық, экономикалық, құқықтық талаптарға сай болуы шарт. Тәрбие жабдықтары мен формаларын таңдап, іріктеудегі басты мақсат – олардың білім беру, дамыту және тәрбиелеу қызметтерінің толық іске асуы, оқушылардың рухани белсенділігіне дем беріп, ой-толғаныс әрекеттерін ұштауы, қоршаған болмыс заттарымен өзбетінше дербес қарым-қатынас жасауға жәрдем беруі
Тәрбиелік жұмыстар өз кезегінде төменгі аталған тәрбиелік қызметтерді орындайды:
ұйымдастырушылық: ұйымдастыру ісі тәрбиелік жұмысқа қатысушылардың өзара ықпалды әрекеттерінің қисынын бейнелейді.
реттеушілік: қандай да форманың өзі оны пайдалану процесінде әлеуметтік қатынастар нормаларын қалыптастырушы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара байланыстарды реттеп, түзетіп баруға мүмкіндік береді;
ақпараттық: тәрбиеленушілердің игерген білімдерін ғана біржақты хабарлауына мүмкіндік ашып қоймай, олардың өзіндік тәжірибелері мен бұрыннан меңгерген ақпараттарын іске қосуына жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |