Лекция тезисі №1 лекция тақырыбы. Математика тарихы және методология пәні. Математика мұғалімін дайындау жүйесіндегі математика тарихының және методологиясының ролі



бет5/13
Дата02.03.2022
өлшемі154.37 Kb.
#455892
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Математика тарихы ж не методол

Квадрат теңдеулер.
Көп жағдайларда қытайлықтар жүйелерді сызықтық теңдеулерге келтіреді.
жүйесі оған эквивалент теңдеуімен ауыстырылады.
Геометриялық есептер. «Тоғыз кітаптан» тұратын математиканың ІХ-ші кітабы шешуде Пифагор теоремасы қолданылатын геометриялық есептерге арналған. Осыдан Пифагор теоремасы б.э.д. VI бұрын белгілі болған деген жорамал бар. Бұл теореманың дәлелдеуі сызбаға негізделген. Тікбұрышты үшбұрыштың а, в катеттерінің қосындысы арқылы салынған квадрат осы катеттердің айырмасы арқылы салынған квадрат пен қабырғалары а, в болатын 4 тік төртбұрыштың қосындысы түрінде және гипотенуза бойынша салынған квадрат пен берілген үшбұрышқа тең 4 үшбұрыштың қосындысы түрінде көрсетіледі, яғни осыдан қатынасы шығады.

Ежелгі және Орта ғасырдағы Қытай математикасының мәні. Қытай математикасы XIV ғасырға дейін дамыды. Ол есептегіш тақтада арифметикалық, алгебралық, геометриялық кейбір есептер классын шешуге арналды. Қытай математиктерінің басты нәтижесі теріс сандарды енгізу болды, оған олар қарапайым түсіндірме берді. ХІІІ-ХV ғғ. Қытай, Үндістан, Орта Азия, Ислам елдерінің арасында мәдени алмасу болды.
Қытай математикасы, Үндістан және Ислам елдері арқылы Европа математикасына әсер етті, бірақ Қытай математиктерінің көптеген басты ашылулары Европада кеш белгілі болды.
Әдебиеттер: [2,4-6,8-10]; [14,15,20]; [26-31];[32-34]; [35-37].
5 лекция тақырыбы. Ежелгі және Орта ғасырлардағы Үнді математикасы (Қайнар көздер. Позициялық ондық номерлеу. Сандарға қолданылатын амалдар. Алгебралық символика. Теріс және иррационал сандар. Геометриялық білімдер. Тригонометрия. Сандық қатарлар. Комбинаторика)
Б.э.д. ІІІ мыңжылдықта алғашқы халқы қоныстана бастаған үнді жерінде өркениеттің дамуы басталды.
Б.э.д. VІІ-V ғасырларға үнді жеріндегі алғашқы математикалық ескерткіштер кіреді.
Б.э.д. І мыңжылдықта брахмандардың «Веды» (білім) атты кітаптары пайда болды.
VІІ-VІІІ ғасырларда Ариабхата мен Брахмагупта еңбектері бүкіл ислам еліне танымал болды және араб тіліне аударылды.
Б.э.д. ІХ ғасырдан кешікпей үндіде Вавилон халқымен байланыс орнады. Оңтүстік үндіде Магавира (ІХ ғ.), Бхаскара (ХІІ ғ.) математиктері еңбек ете бастады.
Үнділіктердің ғылыми трактаттарының көбі – санскритте жазылған. Яғни, брахмандардың діни кітаптарының тілінде. Тек қана ХVІІ ғасырда Үнділіктер ғылыми трактаттарды қатынас тілінде жаза бастады.
Осы жерде ежелгі және орта үнді математиктері туралы мәліметтер толық емес екендігін атап өту керек.
Астроном-математиктердің еңбектерінің ең маңыздысы 628 жыл шамасында Брахмагупта жазған «Сидханта», яғни «оқу» еңбектері болып табылады. Ол 20 кітаптан құралатын «Усовершенствованное учение Брахмы» деп аталады және 1 бөлімі астрономдарға арналған, ал ХІІ кітап арифметика мен геометрияға, ХVIII кітап алгебраға негізделген.
ХІІ ғасырда өмір сүрген ірі үнді математигі Бхаскараға «Венец учения» деген трактат жазды және бұл трактаттың алғашқы бөлімі арифметикаға, екіншісі алгебраға, соңғы 2 бөлімі астрономдарға арналған 4 бөлімнен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет