Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


Жазанның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен



Pdf көрінісі
бет65/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72
 
3. Жазанның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен 
ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту.Мерзімінен бұрын 
шартты түрде босатуға қарағанда, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл 
жаза түрімен ауыстыруды сот онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр 
қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен 
келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін 
қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн
неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін. Басқа қылмыс санаттарына 
жататын қылмыстар үшін мұндай жеңілдіктер қолданылмайды. Бұл ретте адам, 
өмір бойына тағайындалған жазаларды қоспағанда, жазаның қосымша түрін 
өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін. 
Жазаның өтелмеген бөлiгi, сотталған адам онша ауыр емес және 
ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн жаза мерзiмiнiң кемінде төрттен 
бірін, ауыр қылмысы үшiн немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны 
өтеуден бұрын шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған және жазаның 
қалған өтелмеген бөлiгi кезеңiнде жаңа қылмыстар жасаған адам жаза 
мерзiмiнiң үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен 
ауыстырылуы мүмкiн. 
Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру 
адамдардың қаза табуына әкеп соққан не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан 
террористік немесе экстремистік қылмыс, сондай-ақ қылмыстық топтың 
құрамында жасалған қылмыс, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы 
жасалған қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты қолданылмайды. 
Жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот бас бостандығынан 
айырудың төрт күніне бір айлық есептік көрсеткіш есебiмен айыппұлды не бас 
бостандығынан айырудың бiр күнiне бас бостандығын шектеудің бiр күнi 
есебiмен бас бостандығын шектеуді таңдауы мүмкiн. Айыппұлға ауыстырудың 
шарты қылмыспен келтірілген залалды толық өтеу болып табылады. 
Онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр қылмыстар немесе аса ауыр 
қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, егер ол
жазаны өтеу кезеңінде қылмыстық топ жасаған қылмыстарды ашуға және 
тергеп-тексеруге ықпал еткен не процестік келісімнің барлық талаптарын 
орындаған жағдайда, сот қалған өтелмеген жазасының жартысынан аспайтын 
бөлігін қысқарта алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет