relax(M1,M2,M3,M4,M5, A,n,r)-r спектральды радиуспен берілген Пуассон теңдеуінің шешімі болатын А матрицаны анықтайды.
multigrid(M,n)-шешімдік нүктелерінде шешімі 0-ге тең болатын Пуассон теңдеулерінің шешімінен тұратын матрицаны анықтайды.
sbval (y,x1,x2,F,l, score)-х1 және х2 аралығындағы шектік есептің шешімін анықтайды.
Бақылау сұрақтары 1. Дифференциалдық теңдеулердің мәнін табуға қандай функциялар қолданылады?
2. Коши есебін шешуге қандай функция қолданылады?
Әдебиеттер 1.М.Херхагер, Х.Партолль, MathCad 2000: Полное руководство. Изд-во "BHV", Киев, 416 стр.
2.А.А. Черняк «Высшая математика на базе MathCAD» Санкт- Петербург, «БХВ-Петербург»,2004
Лекция №9 Тақырыбы: Сызықтық және сплайн интерполяция. MathCAD-та полиномиальді және экспоненциальді регрессия Жоспар: 1.Сызықтық және сплайн интерполяция.
2.MathCAD-та полиномиальді және экспоненциальді регрессия
Интерполяция- түйіндегі нүктелердің арасындағы функция мәндерін жуықтап есептеу.
Экстрополяция- түйіндегі нүктелерден тыс жердегі функция мәндерін есептеу.
MathCad жүйесі 2 түрлі аппроксимакция жасауға болатын 2 түрі бар.
Графика түрінде бөлікті сызықты интерполяция түйінді нүктелердің кесінді арқылы қосылу.
Сплайн аппроксимация жасау үшін 4 түрлі функция қолданады.
1.pspline (vx,vy)-негізгі нүктелердегі мәндерді есептеуді параболалық сызыққа жуықтағанда функцияның 2-ші реттік туындысынан тұрады.
2.cspline (vx,vy)- кубтық полинумға арналған функция.
3.lspline (vx,vy)- сызықтық функцияны қолдану кезіг\ндегі векторды анықтайды.
4.interp (vs,vx,vy,x)- х-ң мәніне сәйкес vs,vx,vy,x векторлары арқылы анықталған у (х) функциясын анықтайды.
У (х),vx,vy вектор берілген болсын. Сплайн интерполяциясы 2 этаппен жүргізіледі.