Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009



Pdf көрінісі
бет14/74
Дата09.03.2024
өлшемі1.99 Mb.
#494755
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   74
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

Түргеш қағанаты 704—756 жылдар аралығында өмір сүрді. 
Қағанаттың негізін қалаушы Үшелік-қаған болды. Қағандықтың 
аумағы Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) 
қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Турфан қалаларына 
дейінгі аралықты қамтыды. VI ғасырда Тянь-Шань таулы аймақ-
тарында өмір сүрген түргештер VII ғасырда Жетісуға қоныс ау-
дарып, Батыс түрік қағанатының сол қанатының құрамына енген, 
халқы ең көп тайпа болған. Қағандық халқының этникалық құрамы 
негізінен сары жəне қара түргеш тайпаларынан тұрды. Жазба 
деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларында өмір 
сүрген. Үшелік қаған өзінің негізгі тайпаларын екі Ордаға бөліп, ба-
сты орталығын Суяб қаласында, екінші ордасын Іле аңғарындағы 
Күнгіт қаласында орналастырған. Батыс түрік қағандығының 
құрамында болған басқа да түрік тілдес тайпалар да түргештердің 
құрамына енген. Саяси əкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы 
билеушісі бас қағанның қолында болды. Үшелік қаған қағанатты
20 əкімшілік аймақтарға бөліп, əр аймақта 7 мыңнан əскер ұстады. 
706 ж. Үшелік қаған қайтыс болып, оның орнына баласы Сақал 
қаған (706—711 жж.) отырды. Сақал қаған тұсында мемлекет ішінде 
бірлік болмай қаған билігі үшін сары жəне қара түргеш тайпаларының 
арасында талас-тартыс басталды. Оның үстіне қағанатқа батыстан 
арабтар, оңтүстіктен қытайдың Таң империясы, шығыстан Орталық 
Азия түріктері қауіп төндірді. Ішкі тартыстардың барысында қара 
түргештер жеңіске жетіп, олардың көсемі Сұлу-қаған (715—738 
ж.ж.) билікке келеді. Оның тұсында Түргеш қағанаты күшейіп, 
нығайды. Мемлекет астанасы Талас (Тараз) қаласына ауысады. Сұлу 


38
39
қаған мемлекет ішінде тыныштық орнатып, бар күшті батыстағы 
арабтарға қарсы жұмылдыруға мүмкіндік алады. 723 жылы 
түргештер Ферғана қарлұқтарымен жəне Шаш тұрғындарымен 
бірігіп арабтарға күйрете соққы берді. Бірақ та арабтар 732 жылы 
түргештерді ығыстырып, Бұхара қаласын басып алады. 737 жылы 
Сұлу қаған арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып Тохарыстанға 
дейін жетті, бірақ көп ұзамай жеңіліп, қайтар жолында өзінің 
қолбасшыларының бірінің қолынан қаза табады. Сұлудың орны-
на оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болды. Оның тұсында 
қағанат ішінде сары жəне қара түргештер арасында билік үшін 20 
жылға созылған ұзақ күрес басталып, қағандықтың саяси жəне 
экономикалық жағдайы мүлдем əлсірейді.
Осы алауыздық кезінде Жетісуға Алтайдан қарлұқ тайпалары 
көшіп келіп қоныстана бастайды. Түргештер қарлұқтарға лайықты 
қарсылық көрсете алмады. Осы жағдайды пайдаланған Қытай 
империясының Шығыс Түркістандағы билеушісі 748 жылы Суяб 
қаласын басып алып, содан кейін Шаш қаласының билеушісін 
жазаға тартады. Оның баласы көмек сұрап, арабтарға барады. 751 ж. 
Тараз жанындағы Атлах қаласы түбінде Зияд-ибн-Салық бастаған 
араб əскері мен Гао Сяньжи басқарған қытай əскерлері арасында 
5 күнге созылған үлкен шайқас болды. Шешуші сəтте қарлұқтар 
арабтар жағына шығып, қытай əскерлері ауыр жеңіліске ұшырады. 
Қытай əскері Жетісуды ғана емес, Шығыс Түркістан жерін де тастап 
өз иеліктеріне кетуге мəжбүр болды. Сондай-ақ арабтар да Талас 
өңірінде тұрақтай алмай Шаш қаласына шегінді. Осыған қарамастан 
іштей əлсіреген Түргеш қағанаты қайтадан қалпына келмей, 756 ж. 
қарлұқ тайпаларының қысымына шыдамай, біржола құлайды. Осы-
дан кейін бұрынғы Батыс түрік қағанатының орнына төрт мемлекет: 
Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты,
Сырдың орта жəне төменгі ағысы мен Арал өңірінде Оғыз мемлекеті, 
Қазақстанның Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарында Қимақ 
мемлекеті, Жетісу жерінде Қарлұқ мемлекеті пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет