Лекциялардың қысқаша конспектілер



бет13/23
Дата03.03.2023
өлшемі314.5 Kb.
#470323
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Лекциялардың қысқаша конспектілер (1)

Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Ақша функциялары. Ақша агрегаттары. Сандық ақша теориясының теңдеуі
2. Кейнстің өтімділікті таңдау теориясы. Нақты ақша қорлары.
3. Ақша нарығындағы тепе-теңдік
Негізгі әдебиет: (175-192 б., 200-226 б./4/)
6 тақырып. IS-LM моделі.
Лекция мақсаты: Тауар және ақша нарығындағы тепе-теңдігінің қалыптасуы жағдайларын және оған әсер ететің механизімдерді көрсету.
Негізгі терминдер: ақша нарығы, тепе-теңдік, Кейнс мультипликаторы, макроэкономикалық саясат, сұраныс және ұсыныс қисықтары.
Лекция негіздері

  1. Тауар және ақша нарықтарындағы тепе-теңдік. IS-LM моделі.

  2. Жиынтық сұраныс қисығын шығару.

  3. IS-LM моделі және Кейнс мультипликаторы. Инвестицияларды ығыстыру нәтижесі. Кейнсиандық берілетін механизм.

  4. Экономикалық ауытқулар. Жиынтық сұраныс және жабық экономикадағы макроэкономикалық саясат.

Игіліктер және ақша нарықтарындағы тепе-теңдік
Игілік нарығы түсінігінде қызмет көрсету мен тұтыну тауарлары нарығы қарастырылады. Бұл тауарлар санаттары арасында кейбір ерекшеліктер бар, дегенмен олар өзара сұраныспен ғана шарттасып тұр, өйткені тұтыну мен инвестицияланған тауарларға деген сұраныстың болуы әр түрлі айнымалы шамаларға байланысты. Тұтыну тауарларына сұраныс негізінен табысқа байланысты, ал инвестициялық тауарлар пайыздық мөлшерлемемен байланысты болады. Бірақ бұл айырмашылықтар үстіртін қарастырылған, өйткені тұтыну мен инвестицияланған тауарлар нарығын бір-бірінен шектеу үшін, олардың салыстырмалы бағаларын білу керек. IS-LM моделінде экономикалық тепе-теңдік – ол IS және LM қисықтарының қиылысатын нүктесінде орын алады. Осы нүктеде пайыздық мөлшерлеме мен пайданың мөлшерін анықтап, тауар нарығының тепе-теңдігі мен ақша нарығының тепе-теңдігін қанағаттандырады. Басқаша айтқанда, екң қисықтың қиылысу нүктесінде нақты шығындар жоспарланған шығындарға тең және ол нақты ақша сұранысының қаражаттары ұсынысқа тең екендігін көрсетеді.
IS–LM үлгісі (инвестиция – қор жинағы, ұнамды өтімділік - ақша) – жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, экономикалық факторды айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі.
IS – тауар нарығындағы тепе-теңдік үлгісі, ал LM – ақша нарығындағы тепе-теңдіктің үлгісін анықтайды. Сонымен, IS – LM үлгісі екі нарықта да тепе-теңдікті орнатады. Оның теңдеулері келесідей:

  1. Y = C + I + G + Xn – негізігі макроэкономикалық тепе-теңдік.Мұндағы:

  2. C = a + b(Y – T) – тұтыну функциясы;

  3. I = e – d×i – инвестиция функциясы;

  4. Xn = g – m×Y – n×i – таза экспорт функциясы.

  5. – ақшаға сұраныс функциясы.

Үлгінің ішкі айнымалылары:
Ү – табыс, С – тұтыну, Іинвестиция, Хn – таза экспорт, i – пайыздық мөлшерлеме.
Үлгінің сыртқы айнымалылары:
G – мемлекеттік шығындар, MS – ақша ұсынысы, T – салық мөлшерлемесі.
Эмпирикалық коэффициенттер:
(a, b, e, d, g m, n, k, h) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.
IS және LM қисықтарын бір диаграммада үйлестіріп, IS-LM моделін аламыз. Ол экономикалық саясаттың салдарын талдаудың ыңғайлы құралы болып табылады.
IS және LM қисықтарының қиылысуы А нүктесін белгілейді, онда бір мезгілде тауарлар мен қызметтер нарығы мен ақша нарығында тепе-теңдік орнайды.
(Үe,ie) тепе-теңдік жұпты, G мемлекеттік шығыстар, T салықтар, M ақша жиыны мен P бағалар деңгейінің берілген мәндері шартында, Ү және і жөнінде

екі теңдеу жүйесін шығару арқылы есептеуге болады.
Осы тауарда біз экзогенді айнымалылардың өзгерісі эндогенді айнымалыларға қандай жолмен әсер ететінін IS–LM үлгісінде зерттейміз. Себебі ақша-несие және бюджет-салық саясаттары экзогенді айнымалылардың арасында орын алады және IS–LM үлгісі қысқа мерзімді кезеңде экономикаға осы айнымалылардың әсерін көрсетеді.
i


IS-LM моделі

Бюджет-салық саясатының әсері. Бюджет-салық саясатының өзгерісі арқылы экономикаға әсерін зерттейміз. Бюджет-салық саясаты IS қисығын жылжытады., яғни пайда мен пайыздық мөлшерлемесіне әсерін тигізеді. Мемлекеттік шығыстардың G өсуі немесе салықтардың Т азаюы IS қисығын оңға жылжытады. Табыс Ү пен пайыз мөлшерлемесінің і тепе-теңдік деңгейі жоғарылайды. Бірақ мұнда табыстың Ү өсуі «кейнстің қиылысы» аз шамамен байқалады, себебі пайыз мөлшерлемесі і өсуінен инвестициялар І азаяды. Бұндай жағдай ығыстыру нәтижесі деп аталады..


G – мемлекеттік шығындардығ мультипликаторы кез-келген пайыздық мөлгшерлемесінде пайданың деңгейі – ға өсетінін кейсиандық қиылыста түсіндіріледі.
Т – салық саясаты мультипликаторының өзгеруі кез-келген пайыздық мөлшерлемеде пайда деңгейінің – ға өсетінін кейнстік қиылыс көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет