Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Макроэкономика пәні экономикалық саланың қандай заңдылықтар мен бөлшектерің зерттейді?
2. Ұлттық шоттарға не жатады?
3. Макроэкономикадағы негізгі шығындар мен кірістер түрлерін атап шығыныздар.
Негізгі әдебиет: (13-66 б. /1/)
2 тақырып. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс
Лекция мақсаты: Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстын құрылымың, факторларың, қалыптасу заңдылықтарын көрсету.
Негізгі терминдер: жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, модельдер, баға факторлары, тепе-теңдік.
Лекция негіздері:
Жабық экономикадағы жиынтық сұраныстың құрылымы
Сұраныстың бағадан тыс факторлары
Жиынтық ұсыныс және кейнсиандық модель
Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді макроэкономикалық тепе-теңдік
Жиынтық сұраныс
Жиынтық сұраныс – бұл тауарлар мен қызметтер көлемі, яғни үй шаруашылықтарының, фирманың, үкіметтің кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын нақты ұлттық өнім көлемі. Демек, сатып алушының сұранысы – өндірілген өнім көлемі мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік.
Біз жиынтық сұранысты ақшаның сандық теориясының базасында қарапайым теңдеуді құра аламыз:
MV =PY,
мұндағы: М – ақша ұсынысы;
V – ақша айналымының жылдамдығы;
P – баға деңгейі;
Y - өндірілген өнім және көрсетілген қызмет саны.
Ақша ұсынысының бұл теңдеуі өндірістің атаулы көлемін анықтайды, ал ол өз кезегінде баға деңгейіне және өндірілген өнім санына тәуелді:
М / Р = ( М / Р) = kY,
мұндағы k = 1/V.
Бұл теңдеу нақты ақша ұсынысы М/Р=(М/Р) сұранысқа, ал сұраныс өндірілген өнім көлеміне пропорционалды екенін көрсетеді.
Жиынтық ұсыныс
Жиынтық ұсыныс – бұл әрбір мүмкін болатын баға деңгейіндегі нақты ұлттық өнім көлемі. Яғни, фирмалар мен үй шаруашылықтарының таңдаған жиынтық өнім көлемінің экономикадағы қалыптасқан бағалар мен жалақы құрылымына тәуелділігін көрсетеді. Ол баға деңгейі мен нақты ұлттық өнім көлемінің арасындағы тікелей тәуелділік көрсетеді. Жиынтық ұсыныс AS қисығымен сипатталады. AS қисығы бір бірлік өнімге шығынның өзгеруін көрсетеді, демек, нақты ұлттық өнім көлемі бағасының жоғарылауы немесе төмендеуі. AS қисығы үш бөліктен тұрады: 1 – кейнстің шектік жағдайы; 2 – кейнстің қалыпты жағдайы; 3 – классикалық жағдай.
Достарыңызбен бөлісу: |