A
A
B
А.инвестиция функциясы
С. IS қисығы
IS қисығын құру
Бюджет-салық саясатының IS қисығын жылжытуы
IS қисығының әрбір нүктесі берілген пайыздық мөлшерлеме кезінде табыстың деңгейін көрсетеді.Кейнс кресі моделінен байқағанымыздай табыс деңгейі бюджет-салық саясатымен де тығыз байланысты G мен T тұрақты деп алсақ, бюджет-салық саясатының өзгеруі IS қисығын жылжытады.
E2=C+I+G
А. Кейнс кресі
r
IS
IS’
Y1
Y2
Y
В. IS қисығы
. Мемлекеттік шығындардың өсуінің IS қисығын
оңға жылжытуы
Суретте мемлекеттік шығындардың G1 →G2 дейін өсуі IS қисығын қалай өзгертетінін көру үшін кейнс кресі бейнеленген. Кейнс кресі бюджет саясатының өзгеруі жоспарланған шығындарды өзгертетінін көрсетеді. Ол табыс деңгейін Y1 → Y2 дейін өсіреді. Сол себептен мемлекеттік шығындардың өсуі IS қисығын оңға жылжытады. Бұл суретте бейнеленген.
Салықтардың азаюы, мемлекеттік шығындардың өсуі табысты өсіреді, ол IS қисығын оңға жылжытады. Салықтардың өсуі, мемлекеттік шығындардың азаюы табысты азайтып, IS қисығын солға қарай жылжытады.
1. T↓ немесе G↑ → E↑ → Y↑ → IS↑
2. T↑ немесе G↓ → E↓ → Y↓ → IS↓
Тауарлар мен қызметтерге сұранысты өсіретін бюджет-салық саясатының өзгерісі IS қисығын оңға жылжытады. Ал сұранысты кемітетін бюджет-салық саясатының өзгерісі IS қисығын солға жылжытады.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Пайыз мөлшерлемесі және инвестициялық функция
2. IS қисығының теңдеуі мен айнымалылары. IS қисығын шығару үлгілері. IS қисығының көлбеуіне әсер ететін факторлар
3. Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік
Достарыңызбен бөлісу: |