Негізгі әдебиет: (72-125 б. /1/):
5 тақырып. Ақша нарығы
Лекция мақсаты: Экономикалық жүйедегі маңызды құралы деп есептелетің ақша нарығының табиғатың және жұмыс істеу заңдылықтарың зерттеу.
Негізгі терминдер: ақша нарығы, тепе-теңдік, пайыз мөлшерлемесі, Фишер теңдеу, ақшаға сұраныс, ақша ұсыныс, ақша қорлар.
Лекция негіздері
Ақша функциялары. Ақша агрегаттары.
Ақшаның сандық теориясының теңдеуі. Ақша айналымының жылдамдығы. Фишер теңдеуі.
Кейнстің өтімділікті таңдау теориясы. Мәмілелер жасау үшін ақшаға сұраныс және активтер жағынан ақшаға сұраныс. Нақты ақша қорлары.
Ақша ұсынысы
Ақша нарығындағы тепе-теңдік
Ақша саясатының құралдары
Ақшаның функциялары мен ақша агрегаттары
Экономиканы ақшасыз елестету мүмкін емес. Ақша деп төлем құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін кез келген нәрсені айтады. Әр түрлі даму кезеңдерінде адамзат ақша ретінде әр түрлі тауарларды, яғни тауарлық ақшаны пайдаланған: мал, асыл тастар және т.б.
Ақшаның функциялары: айналым құралы, есептеу құралы, құндылықты сақтау құралы.
Өтімділік – активтердің құнын жоғалтпауысыз қолма-қол ақшаға жылдам аудару мүмкіндігі. Ақшаны өтімділік дәрежесі бойынша ажыратады.
Ақша агрегаттары – ақша массасын анықтайтын көрсеткіштер:
М1 = Айналымдағы қолма-қол ақша (М0)+ Ағымдағы депозиттер
Ағымдағы депозиттерден ақшаны бірінші талабымен алуға болады.
М2 = М1 + Шексіз рұқсаты бар мерзімді депозиттер
Әдетте бұл шағын мерзімді салынымдар.
М3 = М2 + Тіркелген мерзімі бар ірі депозиттер + банктік емес қаржы институттарындағы шоттар
Ақша агрегаттары әр түрлі елде түрліше айқындалады.
Ақша ұсынысы
Ақша ұсынысы дегеніміз – экономикадағы қазіргі уақыт мезетіндегі бар ақша көлемі. Ақша ұсынысы келесі элементтерден тұрады: қолдағы бар ақша және депозиттер.
Ақша ұсынысы мемлекеттік саясаттың негізгі құралы болып табылады. Оны мемлекет атынан Орталық банк реттейді. Ақша ұсынысын жиі ақша массасы деп те атайды. Ақша массасының көлемін реттеу саясаты ақша саясаты деп аталады.
Ақша ұсынысын реттеудің негізгі 3 құралы бар:
Достарыңызбен бөлісу: |