Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Қазіргі экономикадағы инфляцияның қандай түрлерің білессіз?
2. Экономикада табиғи жұмыссыздықты жоюға болама?
3. Инфляцияға қарсы саясаттың ең тиімді амалдары қандай?
Негізгі әдебиет: (486-497 б. /5/):
8 тақырып. Экономикалық өсу
Лекция мақсаты: Экономикалық өсу жағдайындағы жатататың факторларды көрсету.
Негізгі терминдер: экономикалық өсу, алтын ереже, капиталдың қорлануы, өсу факторлар, Солоу моделі.
Лекция негіздері
Ұзақ мерзімді өсудің Солоу моделі. Ауқымнан қайтарылым. Модельдің кестелік көрінісі.
Жинақтар және инвестициялар. Капиталдың қорлануы. Тиімді еңбек бірлігі.
Берілген қорлану нормасы жағдайындағы капиталмен жарақтандырылғандықтың тұрақты деңгейі. Қорланудың «алтын ережесі».
Экономикалық өсу факторлары
Экономикалық өсу – ұзақ мерзімді құбылыс. ЖІӨ-ң жоғарылауы мен құлдырауы ЖІӨ-ң ұзақ мерзімді трендінің шамасында орын алады. Жалпы ұлттық өнім немесе жалпы ішкі өнім елдің экономикалық даму деңгейін сипаттайды. Халықтың әл-ауқаты деңгейін бағалау үшін халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ немесе ЖІӨ көрсеткіштері қолданылады.
Жалпы түрде ел тұрғындарының әл-ауқатын халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ көрсеткіші толық шамада көрсетпейтініне экономистердің барлығы келіседі. Себебі бұл көрсеткіш қоршаған ортаның ластануын, бос уақыттың болуын, өмірдің ұзақтығын, әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін ескермейді.
Халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ-ң жоғары деңгейі қалыптасқан бай елде де кедейшіліктің жоғары деңгейі болуы мүмкін. Кедейшілік – бұл игіліктерді бөлу проблемасы. Бірақ сонда да экономикалық өсу халықтың тұрмыс жағдайын жоғарлататын шарт болып қабылданады.
Экономикалық өсудің көздері:
пайдаланатын ресурстар (еңбек, капитал, жер, шикізат) көлемін арттыру,
жаңа тиімдірек өндіріс тәсілдерін шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |