Лекциялардың қысқаша конспектілері 1 Лекция



Pdf көрінісі
бет12/27
Дата02.10.2023
өлшемі460.17 Kb.
#479466
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Лекнорм

Белгілеудің мазмұны 
Белгілеудегі
таңбалар саны
Құжат индексі 
ТШ 
Шартты цифрлы белгіленуі: 
● Мемлекеттік басқару органы – ТШ мемлекеттік басқару 
органдарымен бекітілсе; 
● Əкімшіліктік бірлік(облыс, қала) – ТШ мекемемен бекітілсе; 
ХХХХ 
Қазақстан Республикасының қысқаша атауы 
ҚР 
ТШ түп нұсқа коды иегерінің мекемелер мен ұйымдардың жалпы 
сыныптауышы(МҰЖС) бойынша коды немесе жеке кəсіпкердің РНН 
(8 ден 11таңбаға дейін болуы мүмкін) 
ХХХХХХХХ 
ТШ бекіткен мекеменің(ұйымның) жекеменшік түрінің қысқартылған 
əріптік белгіленуі немесе жеке кəсіпкердің(ЖК) РНН (ЖШС,ААҚ 
т.с.с.) 
ХХХ 
ТШ реттік тіркеу номері
ХХХ 
ТШ қарастырған немесе бекікен жылдың төрт саны 
ХХХХ 
Мысал: Техникалық шарттың цифрлық шартты белгіленуі 
ТШ 7500 ҚР 85674315 ЖШС – 003 – 2003, 
мұнда ТШ - техникалық шарт; 
7500 – Алматы қаласының коды; 
85674315- МҰЖС бойынша ТШ түп нұсқасының коды ; 
ЖШС – ТШ бекіткен мекеменің жекеменшік түрінің қысқартылған əріптік 
белгіленуі; 
003 – ТШ реттік тіркеу номері; 
2003 – бекітілген жыл. 
Мемлекеттік басқару органдар жəне техникалық шарттардың белгілерінде 
қолданылатын шарттық цифрлық белгілер өзгертулері қайта ұйымдастырылған кезде олар 
жойылған немесе қайта қаралғанға дейін ескі белгі сақталады. 
Мемлекеттік тіркеу
ТШ мемлекеттік тіркеу жəне олардың өзгертулерін, əдетте, дайындаушы-мекеменің 
тұрған жерінде орналасқан, белгіленген тəртіпте Мемстандарт уəкіл еткен кəсіпорындар 
жүзеге асырады. 
ТШ мемлекеттік тіркеуге жатпайды: 
- өнімнің тəжірибелік үлгілеріне (топтамалары); 
- шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттардың технологиялық өнеркəсіптік 
қалдықтарына; 
- бір кəсіпорынның тікелей тапсырмасы бойынша дайындалған немесе дербес 
жеткізуге арналған бұйымның бөлімдік құрамы, жартылай шикізаттары, заттары жəне 
материалдарына; 
- халықтық көркем кəсіпшілік бұйымдары мен кəдесыйларына (бағалы 
материаллдар мен тастардан жасалған бұйымдардан басқа); 
- жеке-дара өндіріс өнімдеріне. 
Мемлекеттік тіркеуден өтпеген ТШ (жəне оларға өзгертулер) қолдануға жатпайды. 
Техникалық шарттың титул парағында қолдардан бос жерге тіркеу органы 
орнықталған формадағы штампты қояды. Штампта техникалық шарттарды тіркейтін 
органның атауы, күні жəне мемлекеттік тіркеудің номері болу керек. 


Мемлекеттік тіркеуден кейін техникалық шарттың 2 экземпляры мекемеге 
қайтарылады. Үшінші экземпляр жəне өнімнің каталогтық парағы техникалық шарттарды 
тіркейтін органда дауларды шешу үшін арбитражды экземпляр ретінде қалады.
Төртінші экземпляр стандартау, метрология жəне сертификаттау бойынша 
Комитетпен орнатылған мекемеге дайындалған техникалық шарттардың деңгейін 
зерттеу,техникалық шарттың ақпараттық каталогын жəне өнімнің каталогтық жүйесін 
құру үшін жіберіледі. 
Мемлекеттік стандарттау жүйесінің реестрінде тіркелмеген техникалық шарттарды 
қолдануға болмайды. 
Нег. : 1[47 – 53], 7 
Бақылау сұрақтары :
1. ТШ дайындау жағдайлары. 
2. ТШ дайындау тəртібі.
3. ТШ бекітілетін талаптар. 
4. ТШ келісу жəне бекіту тəртібі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет