Лекциялардың қысқаша конспектілері 1 Лекция



Pdf көрінісі
бет19/27
Дата02.10.2023
өлшемі460.17 Kb.
#479466
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Лекнорм

 
12 Лекция. Тақырыбы: Халықаралық жəне аймақтық стандарттау. 
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым. Техникалық комитеттердің құрылымы, 
құрамы, құрылу тəртібі жəне қызметі. 
Ұлттық стандарттар дайындалған жəне қолданылатын мемлекеттік ғылыми-
техникалық дамуының ерекшеліктері мен деңгейін көрсетеді. Сондықтан түрлі 
мемлекеттердің біртектес бұйымдарға арналған стандарттарының талаптарында 
өзгешеліктері бар. Бұл халықаралық сауда дамуында шынайы кедергі болып 
табылады,себебі өнімді сатып алатын мемлекет стандарттарымен сəйкес болуын талап 
етеді. 
Адам дамуындағы барлық салаларда халықаралық сауда мен халықаралық 
бірлестіктерінің дамуы ұлттық стандарттардың үйлесімдігін, халықаралық стандарттарды 
кеңінен қолданудың дұрыстығын дəлелдейді. 
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым Лонданда БҰҰ шешімі бойынша 1947 
жылы стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдарымен құрылды. Ол стандарттау саласындағы 
ұлттық ұйымдардың бүкіл əлемдек федерациясы болып табылады, атауы гректің Isos-тең 
деген сөзінен шыққан. Сондықтан əлемнің барлық тілдерінде стандарттау жөніндегі 
халықаралық ұйым ИСО деген қысқаша атпен белгілі. 
ИСО негізгі мақсаты -стандарттау жəне дүние жүзіндегі қосалқы қызмет көрсету;
халықаралық тауар алмасу процесстерде жəне қызмет көрсету, интелектуалды меншікті, 
ғылыми-техникалық, технологиялық жəне экономикалық қызметтерге үлесін
қамтамасыз ету. 
ИСО іс жүзінде халықаралық келісімдер қабылдау жəне халықаралық
стандарттарды шығарумен айналысады. ИСО жұмысына дүние жүзінің 146
мемлекеттері жəне олардың ұлттық стандарттау ұйымдары қатысады, соның ішінде 94 


мемлекеті ИСО мүшелері, 37-корреспондент – мүшелері жəне 15 мемлекет қолқойған 
мүшелері. 
ИСО мүшелері кез-келген техникалық комитеттің жұмысына қатыса алады,
стандарттардың жобасына дауыс беруге, ИСО-Кеңесіне қабылдануға, Бас ассамблеяның
отырыстарында сөз айтуға құқығы бар. 
Қолқойған ИСО мүшелері қаржылай кіріс келтіру арқылы халықаралық 
стандарттау туралы мағлұмат алып отырады. «Қол қойған мүшелер» категориясы
дамушы елдерге бағытталған. 
Негізгі ассамблея, Кеңес, Кеңес комитеттері, орталық секретариаттардың 
орындаушы бюросы, техникалық комитеттер, комитет астындағылар, жұмыс топтары 
ИСО органдары болып табылады. ИСО-ның ресми тұлғалары- президент, вице-президент, 
қазынашы жəне бас хатшы болып табылады. 
Қазақстан Республикасы стандарттау, метрология жəне сертификаттау 
Комитетімен танымал. Ол ИСО-ның тең құқылы мүшесі болып 1994 жылы кірді,
талқылау жəне шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығына ие. 
Халықаралық стандарттарды орындау тəртібі келесі тізбекпен жүзеге исады: 
1) Жұмыс жоспары тапсырылған техникалық комитеттің ИСО стандарттарын 
өңдеуін жұмысшы тобы қарастырады. Бұл ұсыныс техникалық комитеттің 
секретариатымен немесе комитеттің барлық белсенді мүшелері, яғни осы стандартты 
өндірушілер арқылы жіберіледі. 2) Жұмыстың жобалық құжаты ұсыныс қабылданған 
жағдайда қарастырылады,
көп жағдайда құжат жобасын жасағанда арнайы қатысу мақсатымен осы жұмыс тобына, 
яғни бұған қызығушы елдердің мамандары кіреді. Жоба қызметкерлері жеке мемлекеттің 
техникалық комитетімен немесе комитет құрамымен бекітілуі мүмін.
3) Техникалық комитет немесе комитет құрамының отырысында қарастырылған 
жұмыс жобасының құжаты ортақ келісім алу немесе санау жолы арқылы, орталық ИСО 
секратариатында сапалы жоба ретінде халықаралық стандарт болып тіркеледі жəне 
халықаралық стандарт болып жарияланғанға дейін нөмір беріледі. 
4) ұсыну жобасы техникалық комитет секратарымен жəне комитет 
құрамындағылар арқылы пікір білдіруші белсенді мүшелерге жіберіледі. Пікірлерін 
білгеннен кейін халықаралық техникалық комитет немесе комитет құрамы мəжіліске 
шақырылады, онда ұсынылған құжаттардың техникалық мазмұны қарастырылады. 
Əдетте, мəжіліс кезінде бір ауыздан келісімге келуі шарт емес, сондықтан əр мəжіліс 
жобасын аяқтауға қайтадан техникалық комитеттің немесе комитет құрамының белсенді 
мүшелеріне жіберіледі жəне қайта қарастырылады. Бұл жобалар: бірінші жоба, екінші 
жоба жəне т.б болып аталады. Халықаралық стандарттың кем дегенде осындай үш жобасы 
қарастырылады. Үшінші жоба арқасында шешім қабылданбаса, техникалық комитет 
халықаралық стандарттың толықтай жұмыс істеуін жалғастыруы туралы шешім 
қабылдайды. 
5) Техникалық комитет немесе комитет құрамының белсенді мүшелері ортақ 
келісімге келіп, жобаны пайымдайды, ИСО талаптарына сəйкес рəсімделіп, ИСО орталық 
секретариятына халықаралық стандарттың сапа жобасы ретінде тіркелуі үшін жіберіледі 
жəне техникалық комитет немесе комитет құрамының мүшелерінің дауыс беруіне 
жіберіледі. 6)Техникалық комитет немесе комитет құрамының белсенді мүшелерінің 
халықаралық стандарт жобасына дауысы берілгеннен кейін , жоба ИСО комитет 
мүшелеріне дауыс берілуіне жіберіледі , яғни ИСО ға қатысты елдердің ұлттық 
стандарттау ұйымдарына. 7) Кейбір жағдайда елдердің техникалық комитетінің пікірі
ұлттық ұйымдарының пікірімен сəйкес болмай қалуына байланысты тек халықаралық 
стандарты ұсынылған мемлекеттің соңғы шешімі қабылданады. Халықаралық стандарт 
қабылдау мерзімін қысқарту мақсатында жоба бойынша аралас дауыс беру 
қарастырылады , жоба техникалық комитет немесе комитет құрамының белсенді 
мүшелері мен ұлттық ИСО стандарттау мүшелеріне бірдей жіберіледі .


8) Халықаралық стандарт жобасы егер оған техникалық комитеттің мүшелерінің 
75
% мүшелері сайлауда дауыс берсе қабылданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет