Лекциялық жұмыс-34 спөЖ-34 СӨЖ-30 Аудиторлықтың барлығы-64 Еңбектілік-98 Бақылау формасы-сынақ, емтихан Астана 2006ж



Дата21.06.2016
өлшемі350.17 Kb.
#152412
түріЛекция
қазақ ұлттық музыка академиясы
Теория-композиторлық факультет

Музыка тарихы кафедрасы

бакалавриат
жұмыс жоспары(syllabus)

осы тәртіп бойынша: европадан тыс музыкалық мәдениет

мамандық: дәстүрлі музыкалық 062140 өнер

Кредит саны-2

Курс-3

Лекциялық жұмыс-34



СПӨЖ-34

СӨЖ-30


Аудиторлықтың барлығы-64

Еңбектілік-98

Бақылау формасы-сынақ, емтихан

Астана 2006ж

Тәртіп бағдарламасын құрған:

Ақпарова Ғ. Т. , ҚазҰМА музыка тарихы кафедрасының аға оқытушысы,

«Европадан тыс музыкалық мәдениет» специализациясының

«Аспаптық орындау » 060240 мамандығы бойынша ММБС негізінде.

Рецензент-Бакаева И. А.

Музыка тарихы кафедрасының отырысында қарастырылған

«28»қыркүйек 2006ж. №2 протокол
Кафедра басқарушысы ҚазҰМА профессоры

Егінбаева Т.Ж.

ҚазҰМА оқу-методикалық кеңесімен мақұлданды
«2» қазан 2006ж. №2 протокол
Оқытушылар туралы мағлұмат:
Ақпарова Ғ.Т. –Қаз ҰМА аға оқытушысы.

Офис: музыка тарихы кафедрасы



Кіріспе

«Европадан тыс елдердің музыкалық әдебиеті» пәні профессионалды музыкалық білім системасындағы профильдеуші тәртіптердің бірі, Европадан тыс мемлекеттердің музыкалық мәдениетінің ерекшкліктерін зерттеуге бағытталған.



Тәртіптің пререквизиттері. «Европадан тыс елдерінің әлем музыка тарихы » пәніне дейін БММ және колледждердегі музыкалық әдебиет өтіледі, оның мақсаты – музыканың клссикалық үлгілерін білу, жанрлар мен формалардың терминологиялық түсініктерін меңгеру. Бұдан басқа «Әлемдік музыка әдебиеті» бүкіл теоретикалық пәндердің кешенімен алдын-ала дайындалады- музыкалық формалар анализі, гармония, полифония. «Әлемдік музыка әдебиеті»- көптілік информацияны синтездеуші пән, сондықтан қоғамдықпен тығыз байланысты-тарихи тәртіптермен-тарихпен, философиямен, мәдениет танумен.

Тәртіп сипаттамасы: Бағыттың бірінші бөлімі советтік бағдарламаға қарағанда жаңа болып келеді- онда бұрын оқытылмаған, Европадан тыс елдердің музыкалық мәдениетінің ерекшеліктері зерттеледі-Американың, Азияның, Африканың және Австралияның. Пәннің мазмұнында саяси-қоғамдық тарих жөніндегі информация қамтылған, діни наным сенімдер, фольклор және Европадан тыс елдердің музыкалық мәдениеті.Музыкалық өнер өзінің спецификасы және өмір сүру тәсілі мен жағдайымен тығыз байланыстағы өзіндігі жағынан қарастырылады. Музыканы тыңдауға ерекше мән беріледі-ол музыкалық мәдениет спецификасын меңгеруге жеткілікті болуы тиіс. Бұл бағыт жаңа болғандықтан бағдарламаға музыканы таңдау оқу орнына және мұғалімге ғана байланысты, яғни бос.

Тәртіп құрылуының принципі-жалпылама сипаттан мәдениеттің ерекшеліктеріне.Әр тақырыптың дара ашылуы берілген мәдениеттің спецификасы, оның тарихи дамуы, халық дәстүрлеріне байланысы.



Пән мақсаты:

  • интеллектуалды білімді, әлемдік музыка мәдениеттерінің көпшілігін меңгерген музыканттарды тәрбиелеу;

  • музыка тарихы сұрақтарында эрудицияны және кең ой-өрісті дамыту;

  • стиль сезімін тәрбиелеу

Тәртіп мәселелері. Студенттер бағытты өткен соң осыларды білу керек:

  • әртүрлі географиялық өңірлердің: Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка мемлекеттері, Австралия, Жапон музыкалық мәдениетінің тарихи дамуының ерекшеліктері;

  • Европадан тыс елдердің музыкалық мәдениетінің ерекшеліктері;

  • Азия мемлекеттерінің діни-мифологиялық сенімдері;

  • Қытай, Үнді, Жапония, Корея, Монғолия және т. б. шығыс мемлекеттерінің фәлсәфалық ілімдері;

Тәртіпті өткен соңғы білім мен дағдылар.Бағыт аяқталған соң студент бағдарламаның теориялық және музыкалық материялын меңгеруі тиіс.

Сынақтық-емтихандық талаптар. Бірінші оқу семестрі біткенде жазбаша сынақ өтіледі (тест) , екінші семестр аяқталғанда емтихан өткізіледі. Мұнда студент теориялық білімін көрсетеді.

ІІ.Методикалық кепілдемелер.Музыка тарихы аудиторлы және аудиториядан тыс оқуды қамтитын бағыт.Аудиторлы оқудың негізгі формасы –музыканы тыңдау қосылған (фрагментті, ал толығымен тыңдау аудиториядан тысқы уақытқа шығарылады) лекциялы.

Сабақ құрылады: ұйымдастыру сәті, лекциялық бөлім, музыка тыңдау

немесе видео материал көру.

Студенттің педагог қадағалауымен өздік жұмысы.

СПӨЖ формалары

1-семинарлық жұмыстар(Оларды бір елдің музыкалық мәдениетін зерттегеннен кейін өткізеді.Мысалы «Үнді музыкалық мәдениеті» , «Қытай музыкалық мәдениеті» ) .

2-рефераттар

3-тестілеу өткізу(Ол бағыт бөлімдері боиынша кезекті және оқудың соңында қорытынды болуы мүмкүн) .



Семинарлық жұмыстсар тақырыптары:

№1 семинар: Үнді, Қытай, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің музыкалық театрының дәстүрлі формалары.

Семинар жоспары:

а) Үндістан тетрлық өнері;

ә) Қытай музыкалық театры.

-Қытай классикалық театры

-Сарай театры

-Пекиндік опера

-Қытай театрының музыкалық жағы

б)Жапон театрының дәстүрлі формалары:

-Гигаку маскаларындағы буддисттік би драмасының спектакльдері.

-Сарай маңындағы бугаку билік қойылымдар.

-Қарапайым халықтық фарсты-сюжеттік саругаку сахналары.

Кабуки театрының құрылу тарихы. Мәнерлеу тәсілдерінің системасы. Спектакльді музыкалық көркемдеу.Репертуар.

-«Но» театрының көокемдік принциптері.

в)Оңтүстік-Шығыс елдері театрлық қойылымдарының дәстүрлі формалары:

-«тео»ауылдық музыка театры

-судағы «руа нуок» қуыршақ театры

-«ваянг кулит» явандық қуыршак көлеңке театры

-«туонг» вьетнамдық музыка драмасы




Әдебиет:

1.Васильченко Е. В. Арнайы курстың конспект-бағдарламасы «Музыкальная культура Азии и Африки»музыкалық ЖОО-на арналған. –М. : 1982

2.Васильченко «Звуковые аспекты мира»........

3.Внеевропейские культуры: вопросы изучения традиций. –М. : 1988

4.Грубер Р. Всеобщая история музыки. Ч. 1.- М., 1956

5. История мировой культуры / Г. В. Драч редакциясымен.- Ростов-на Дону: Феникс, 2000.

6. Кондратьев С. А. Музыка монгольского эпоса и песен-М., 1962

7. Конрад Н. Очерки истории средневековой Японии.-М., 1978 Актуальные проблемы изучения музыкальных культур стран Азии и Африки.-Ташкент, 1983

8. Серова С. А. Пекинская музыкальная драма (ХIХ-40-е годы ХХ века)- М.:1970

9. Сорокин В. Китайская классическая драма ХIII-ХIV веков.-М.,1979


2 семинар:Қытай, Үндістан, Корея, Жапония, Түркия, араб-ислам мемлекеттерінің музыкалық системасы, аспаптары және негізгі жанрлары.

а) Үндістан(шрути системасы, әріптік нотация ),Қытай (люй-люй cистемасы, цифрлік нотация), араб-ислам мемлекеттерінің(саз системасы) музыкалық системаларының негіздері.

ә) аспаптары;

б) негізгі жанрлар: Үнді классикалық музыка-Рагасангит;гагаку жапондық музыкасы; Түркия музыкалық жанрлары- фасиль, тагасим, башраф, макам; макамның араб-ислам мемлекеттеріндегі дәстүрлері, тағы нооубы, дестан жанрлары.



Әдебиет:

  1. Васильченко Е. В. Арнайы курстың конспект-бағдарламасы «Музыкальная культура Азии и Африки» музыкалық ЖОО –на арналған-М.:1982

  2. Виноградов В. С.Индийская рага.-М.: 1976

  3. Еолян И. Очерки арабской музыки.-М.: 1977

  4. Кондратьев С. А. Музыка монгольского эпоса и песен-М.,1962

  5. Лань Юсун Лекции по истории музыкальной культуры Китая.-М.:1982

  6. Менон Радхава Р. Звуки индийской музыки. Путь к раге.- М.: 1982

  7. Сисаури В. Японская инструментальная музыка гагаку(генетические связи процесс становления) / вопросы теории и эстетики музыки. Вып. 14.-М.,1975

  8. Шнеерсон Г. Музыкальная культура Китая.-М.,1952



Рефератқа қойылатын талаптар

Реферат тәртіпті меңгерудің қорытындысы болып табылады.

Реферат-бұл студенттің оқу-зерттеулік қызметінің ұйымдастыру формасы.Оның маңызы-маманның танымдық өздігін, мамандық мазмұнды білімдерді өзі тауып, тереңдету, шығармашылықпен өңдеу қабілетін дамыту. Реферат жазу процессінде студент ғылыми-зерттеушілік қызметінің дағдыларына ие болады.

Сонымен қатар, реферат окушылардың профессионалдық дайындығының деңгеін тексеру формасы.

Реферат сабақтардан тыс уақытта, оқу бағдарламасымен белгіленген уақыт аралығында жазылады. Курстық жұмысқа 5 айдан кем уақыт берілмейді.Жұмыс көлемі: машинамен басылған 20 беттен кем болмуы тиіс.

Реферат екі экземплярмен тапсысырслады.

Реферат комплекстік сипатты, үлкен көлемді әдебиетті меңгеруге құралған.

Рефераттың ғылыми аппараты:

Тақырыптың актуалдылығы

Зерттеудің мақсаты

Зерттеу объектісі

Зерттеу пәні

Зерттеу мәселелері

Зерттеу әдістері

1.Зерттеу тақырыбының актуалдылығы оның ғылымдағы дамытылғандығының деңгейімен анықталып сипатталады.

2. Зерттеудің мақсаты-ол нұсқалған мәселеде қойылған сұраққа жауап іздеу. Зерттеудің нәтижесін болжайтын мақсат, әдетте, «дамыту», «айқындау», «негіздеу», «анықтау» т. б. баяндауыштармен, текқана позитивті хабарлауыш сойлемдермен тұжырымдалады.

3. Зерттеу объектісі – ол зерттеу өткізілетін ғылыми немесе практикалық кеңістік .Ғылыми кеңістік – зерттеу мінезін анықтайтын теория, ілім, концепция. Ал практикалық кеңістік- нақты біліктілік, тәрбиелік немесе оқу системалары, процесстері немесе жағдайлары.

Қойылған мақсатқа жету үшін атқарылатын жұмыс жағдайларын зерттеу объектісі анықтайды.

4.Зерттеу пәні – ол зерттеу объектісінің арнайы қарастырылатын және, дамытылуы мүмкін.

5.Зерттеу мәселелері - мақсаттың фрагменттері, мақсаттың сатылары фрагменттері, іздеудің сатылары. Мәселелерді «өткізу», «зерттеу», «жалпылау», «дамыту» - деген етістікткер, және зат есімдер арқылы белгілеу керек.



6. Зерттеу әдістері – зерттеу методологиясы ретінде ілімдер, ғылыми амалдар, принциптер. Зерттеудің теоретикалық базасының анықтамасы методологияның құрама бөлшегі ретінде енеді.Теориялық база -

ол нақты авторлардың ілімдері, өңдеулері, теориялары. Олар зерттеу пәнімен байланысты және оны ғана түсіндіреді. Зерттеу әдістері екі түрлі бола алады: теориялық ( мысалы, критикалық, кешендік т.б.) эмпирикалық( эксперимент, бақылау , қызмет және құжаттама өнімдерін зерттеу әдістері)

Есеп беру титулдық парақтан, аннотациядан, мазмұннан, есеп беру текстінен және әдебиет тізбегінен тұрады.

Реферат құрылысы:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды

Әдебиет тізбегі

Қосымша


Кіріспеде тақырыптың актуалдылығы әңгімеленеді, мақсат, зерттеудің пәні мен әдістері. Зерттеліп жатқан шығарманың композиторы туралы қысқаша материал беріледі, жазылу тарихы, сюжет, тематика, берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы орны жәе жалпы әлем мәдениетідегі орны.

Негізгі бөлім екі бөлімнен тұрады, олар параграфтарға бөлінеді. Егер бөлімнің мазмұны параграфтарға бөлінбесе,оны параграфтарға дейін қарапайымдау керек. Анализ жасағанда алдымен шығарманың құрылысын талдап алу керек, формасының дамуындағы алдыңғы ориентирі үшін. Құрылысты талдау уақыттағы өтуі бойынша емес, әрі кішкентай бөлшектердің ірілерге бірігуімен талдамай, керісінше – жалпы құрылыстың кескінін көріп оның негізгі бөлімдерге бөлшектенуі принципімен талдау дұрыс.

Негізгі бөлім бірнеше бөліністен тұра алады:

1 Образдық мазмұнның жалпы мінезі

2 Негізгі музыкалық образдар, олардың бір-бірімен қатынасы

3 Образдық мазмұнды музыкалық мәнерлеу тәсілдерін (мелосты, ритмді, ладты, гармониялық тілді)талдау арқылы ашу, және олардың қатынасы

4 Музыкалық форманы образдық мазмұн негізінде анықтау(музыкалық образдардың анықталан қатынасына)

5 Форманың жан-жақты анализі(бөлек бөлімдеп).

Осылардың кейбіреулерінің арасына арнайы проблематикасы бар бөліктер қойыла алады.

Жұмыстың негізгі бөлімі үшін проблематика тізбегі:

Образдық мазмұн

Қандай да болмасын стилистикалық бағыттың белгілері (мысалы, романтизм, экспрессионизм т.б.)

Негізгі музыкалық образдар, олардың қатынастары

Негізгі тақырыптың образдық мазмұны

Қосалқы партияның образдық мазмұны

Реприза мен кодадағы образдық өзгерістер

Құрылыс және тональдық системаның ерекшеліктері

Гомофонды және полигомофонды жазу типтерінің қатынасы

Форманы анықтау, және оның ерекшеліктерін түсіндіу( схемаға сүйене)

Форма анализі

Композиторлық жазудың стильдік ерекшкліктері т. б.


Аяқтау

Әртүрлі болуы мумкін:

а) резюме

ә) қорытындылар

б) аяқтаудың өзі

Кіріспе мен аяқтау көлемі бойынша толық тексттің 1/10 артпауы керек.

Қолданылған әдебиет тізбегінде саны 10 кем болмауы тиіс. Ол алфавиттік ретпен жазылады.

Қосымша. Талданатын шығарманың бөлімдерін , олардың көлемдерін, тоналдық жоспарын анықтайтын толық схемасы келтіріледі.

Курстық жұмысты орындау негізгі кезеңдері :

Тақырыпты талдау

Тақырыпқа ену

Жұмыс жоспарын құру

Теориялық зерттеудің нәтижесін анализдеу.

Студенттің өздік жұмысы(СӨЖ)

-Керкті және қосымша материалды зерттеу (конспектілеу)

-Лекциялық материалды бекту

-Музыкалық материалды толығымен тыңдау,викторинаға дайындалу



III Бақылау формасы жайлы жалпы мағлұмат

Музыка тарихы курсында бақылау формасының екі түрі болады.

Семестрлер аяқталғанда сынақ мен емтихан өткізіледі.



III Европадан тыс мемлекеттерінің музыка тарихы пәні бойынша сынаққа қойылатын талаптар.

Музыка тарихы курсында қорытынды бақылаудың екі түрі бар. Семестрлер аяқталғанда сынақ мен емтихан өткізіледі.

Сынақ тест формасында өтеді.

Музыкатанушыларға арналған тест

1.Арийлік тайпалардың шабуылынан кейінгі Үнді тарихында,ы бірінші кезең:

а) Ведалық кезең

ә) брахмандық кезең

б) исламдық кезең

2. Касталық бөліністерге қарсы бағытталған Үнді дін ілімі:

а) брахманизм

ә) буддизм

б) индуизм

3. Санкристикалық түбір vid аударылғанда нені білдіреді?

а) білу


ә) ғылым

б) ән


4. Үнді классикалық ноталық жазуда ... қолданады.

а) үш сызықты тұрақ

ә) екі сызықты тұрақ

б) бес сызықты тұрақ

5. Рага бұл:

а) Халық вокал өнерінің түрі.

ә) Үнді аспаптық музыкасының жанрлық системасы

б) ритмдік негіз

6. Төрттен бір тоннан сәл асатын аралықты Үнді музыкада қалай атайды?

а) усули


ә) шрути

б) тала


7. Аталған аспаптардың қайсысы ішекті топқа жатады?

а) бансури

ә) вина

б) табла


8. Қытайдың мемлекеттік діні:

а) конфуциандық

ә) Даосизм

б) чань – буддизм

9. 12 түтікпен белгіленген 12 сатылы хроматикалық дыбыс тізбегі қалай аталады?

а) хиджаз

ә) макам

б) люй


10. Халық масссасы арасында кітап әдебиетін таратушулар:

а) ерулги

ә) шошуды

б) екагама

11. Қытай музыкалық мәдениетте халық – театрлық көріністер:

а) но


ә) кабуки

б) янгэ


12. Аталған аспаптардың қайсысы ішекті топқа жатады?

а) да чун ку

ә) хуцинь

б) на гу ла

13. Үнді музыкалық мәдениетте нотация системасы:

а) әріпті

ә) цифрлі

б) невмалы

14. Қытай музыкалық мәдениетте нотация системасы:

а) әріпті

ә) цифрлі

б) невмалы

15.Қытайдағы халық шығармашылығының ескерткіші:

а) Вагаку

ә) Ши цзинь

б) бугаку

16 Үнді музыкасында Рага ... байланысты.

а) тәулік уақытымен

ә) Храмдық ритуалмен

б) би өнерімен

17 Орта ғасырлық Қытай оркестріне ... тән.

а) үрмелі аспаптарға сүйену

ә) құрамның камералығы

б) құрамды 1500 қатысушыға дейін кеңейту

18. Пекиндік драманың рекшеліктерінің бірі.

а) рифмалық диалогтар қимыл системасы

ә) номерлік құрылыс, ариялар мен речитативтерге бөліну

б) көріністің әдеби негізі болуы

19. Әсем әшкерлілік, трельдер, мелодикалық фигурациялар аталған ән айту стильдерінің қайсысына тән?

а) дхрупад

ә) кхайяль

б) таппа


20. Үндістанндағы музыканттың ең жоғарғы лауазымы:

а) найк


ә) дан

б) жырау


21. Ситарада орындаудың мастеры, виртуозы (20-21ғ.)

а) Рави Шанкар

ә)Рабиндранат Тагор

б) Тансен

22. Аталған аспаптардың қайсысы Қытайдың үрмелі тобына жатады?

а) цинь


ә) пиба

б) люй


23. Аталған аспаптардың қайсысы Қытайдың ішекті – ыспалы тобына жатады?

а) бянь – чжун

ә) ди

б) хуцинь



24. Филосов, ақын, композитор, Нобель премиясының лауреаты (Үндістан):

а) Тансен

ә) Васудевачария

б) Рабиндранат Тагор

25. Жапонияның бірегей, ежелгі діні:

а)даосизм

ә) синтоизм

б) дзен – буддизм

26. Жапон поэзиясының жанры:

а) хайку


ә) газель

б) касыда

27 Жапон музыкасының жанры:

а) макам


ә) гагаку

б) рага


28. Аталған жапондық аспаптардың қайсысы үрмелі аспаптарға жатады?

а) сёко

ә) хитирики

б) какко


29. 16 – 17 ғғ. Жапония театрлық дәстүрлері қай театрмен көрінді?

а) кабуки

ә) янгэ

б) ваянг – кулит



30. Жапонияның буддисттік діни әндері:

а) сёмё


ә) гагаку

б) бугаку

31.Жапондық бамбук флейта:

а) сямисэн

ә) кото

б) сякухати



32. Музыкалық – билік драма (Жапония):

а) ноо


ә) бунраку

б) сайбара

33. Саяхатшы монахтардың орындауындығы әйгілі «Хэйке – моногатариден» әңгімелер:

а) гагаку

ә) энкёку

б) хэйкёку

34. Жапондықтардың көркемдік өмірінде бүкіл заттардың өлшемі боп ... саналады.

а) табиғат

ә) адам

б) дін


35. Жапондық ішекті – шертпелі аспап:

а) сямисэн

ә) шэн

б) тайко


36.Ең жас діндердің бірі:

а) брахманизм

ә) конфуциандық

б) ислам


37. Бұл стиль Кореяда, Вьетнамда, Жапонияда тараған:

а) Тандық стиль

ә) араб стилі

б) андаллусстық стиль

38. Вьетнамның классикаляқ музыка драмасы:

а) туонг


ә) янгэ

б) кабуки

39. Яван көлеңке – қуыршақ театры:

а) но


ә) ваянг кулит

б) кабуки

40. Дзен сөзі нені білдіреді?

а) ән


ә) дін

б) медитация


МУЗЫКА ТАНУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕМТИХАН ТАЛАПТАРЫ

№1 билет


1. Үнді классикалық Рагасангит - әуендері.

2. Туркия музыкалық мәдениеті (жалпы сипат).

№2 билет

1. Жапония театрының дәстүрлі формалары (Ноо, Кабуки).

2. Монғолия музыкалық мәдениеті (жалпы сипат)

№3 билет


1. Гагаку Жапон музыкасы.

2. Арабтардың культтік музыкасы..

№4 билет

1. Люй – люй Қытай системасы.

2. Латын Америкасы мәдениетінің жалпы сипаты ( Вил – Лобос шығармашылығы)

№5 билет


1. Үнді музыкалық системасының негіздері.

2.Оңтүстік – шығыс Азия – жалпы сипат. Корея музыкалық мәдениеті.

№6 билет.

1. Араб – Ислам мемлекеииерінің музыкалық мәдениеті (кезеңдеме)

2.Солтүстік Американың мәдениетінің жалпы сипаты (континенттің жаңа жанрлары; Гершвин, Мак – Доуэл шығармашылығы).

№7 билет


1. Үндістанның музука теориясы ойы.

2. Тунистің музыкалық мәдениеті ( культтік музыка).

№8 билет

1. Қытай музыкалық мәдениеті ( кезеңдеме, діни – мифологиялық сенімдері)

2. Араб музыкасының жанрлары.

№9 билет


1. Үндістан музыкалық мәдениеті ( кезеңдеме, діни – мифологиялық сенімдері)

2. Макам жанры

№10 билет

1. Жапония музыкалық мәдениеті ( кезеңдеме, діни – мифологиялық сенімдері)

2. Рабиндранат Тагор шығармашылығы.

IV. Оқыту нәтижелерін бақылау және баға қою.


  1. Аудиторлық жұмысты орындауды, СМӨЖ, СӨЖ – ның сапасын бақылау; жазбаша жұмыс, коллоквиум, тесттік сұрақтар формасында екі аралық бақылау; қорытынды бақылауы емтихан формасында.

  2. Жазбаша жұмысты бағалау критерийлері:

Баяндаманың логикалық дұрыстығы;

Таңдалған тақырыпқа сай болуы;

Баяндама стилі;

Зерттеу бұлақтарына сілтеулер;

Аталған тақырыпты толық ашу;

Көлемі машинамен жазу тексттінің 10 бетінен кем емес



  1. Бағалау системасы:

Аудиторлық жұмыс барысындағы өтпелі бақылау (СМӨЖ, СӨЖ) – 20%;

Жазбаша реферат – 10%

Аралық бақылау – 20%

Қорытынды бақылау – 50%

Барлығы - 100%


  1. Студенттердің білімін бағалау системасы.

Студенттердің білімдері, дағдылары келесі система бойынша бағаланады:

Әріптік систе-

ма бойынша

бағалау


Баллдардың цифрлік эквиваленті


Проценттік мөлшері



Дәстүрлі система бойынша бағалау



А

А-


4,0

3,67



95 - 100

90 - 94



Өте жақсы



В+

3,33

85 – 89

Жақсы

В

3,0

80 – 84

В-

2,67

75 – 79

С+

2,33

70 – 74

Қанағаттандырарлық

С

2,0

65 – 69

С-

1,67

60 – 64

D+

1,33

55 – 59



D

1,0

50 – 54




F

0

0 - 49

Қанағаттырарлық емес

5. Оқу тәртібі саясаты:

Оку тәртібі бакалавриаттың міндетті компоненті болып табылады.. Оқу жүгі 60 сағатқа тең аудиторлық, 60 сағат СМӨЖ, 60 сағат СӨЖ,

Талап етіледі: аудиторлық сабақтарға келу және СМӨЖ,СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындау, аудиторлық сабақтарда сұрақтарды талдауға белдесене қатысу, лекциялар мен семинарлық жұмыстарға дайындалу, барлық бақылау түрлеріне дайындалу: өтпелі, аралық, қорытынды, СМӨЖ және СӨЖ сапасын бақылау графикке сәйкес.

Тақырыптар тізбегі:

1.Азия мемлекеттерінің музыка мәдениеті.

2. Үнді музыка мәдениеті.

3. Қытай музыка мәдениеті.

4.Жапония музыка мәдениеті.

5.Оңтүстік – шығыс Азия музыка мәдениеті.

6.Монғолия музыка мәдениеті.

7. Араб – ислам мемлекеттерінің музыка мәдениеті.

8. Түркия музыка мәдениеті.

9. Тропикалық Африка музыка мәдениеті.

10.Солтүстік – шығыс Африка.

11.Америкалық континенттің музыка мәдениеті.

12.Асвтралия музыка мәдениеті.

VI. Тәртіптің оқу сағаттарының тақырыптық жоспары:

«Әлем музыкасы тарихы» сабақтардың СӨЖ түрі бойынша





Тақырыптар атаулары



Сағаттар саны

Лекция-лар

СМӨЖ

СӨЖ

1.

Үнді музыкалық мәдениет.

Қысқаша тарихи очерк.

Діни – мифологиялық сенімдері.


2

2

2



2.


Халық – кәсіби шығармашылық. Ән салудың жанрлары мен стильдері.

2


2


2


3.


Үнді классикалық музыкасы – Рагасангит.

Аспаптар.





2


2


2


4.


Музыкалық системаның негіздері.

(Amir Khan орындауында рагалар lalit, megh, Ravi Shankar рагалар khamaj, lalit тыңдау.Раги Гаоти, Гуан Аньяна, Рааг Кирвани, Бхтер Даре, Рага Йогия, Рага Бахешри )




2


2


2


5.


Қытайдың музыкалық мәдениеті.

(«Пекиндік драма» видео материалын көру)




2


2


2


6.


Қытайдың дәстүрлі оркестрі.

Халық шығармашылығы.

(«Провинция Китая» видео материалынкөру;Музыка тыңдау: Қытайдың дәстүрлі музыкасын тыңдау. )


2


2


2


7.


Қытай музыкалық театры.

(«Пекинская драма» видеор материалын көру)



2


2


2

8.


Музыкалық системасының негіздері.

Люй – Люй Қытай музыкалық системасы



2


2


2


9.


Жапония музыкалық мәдениеті.

Қысқаша тарихи очерк.

Діни – мифологиялық сенімдері.

Халық кәсіби шығармашылығы



2


2


2


10.


Аспаптар.

(Музыка тыңдау: Жапон дәстүрлі музыкасы – аспаптық, Жапонияның ән шығармашылығы)




2

2

2

11.

Музыкалық системаның негіздері.

«Гагаку» Жапон музыкасы



2


2


2




12.

Жапон театрының дәстүрлі формалары.

(Видео материал көру – Кабуки театры. Музыка тыңдау: Гагаку жапон музыкасы; буддистік монахтың орындауында Хэйкёку жыры)



2

2

2

13.

Монғолия музыкалық мәдениеті .

Қысқаша тарихи очерк.

Діни – мифологиялық сенімдері.

Ән және аспаптық шығармашылығының музыкалық жанрлары.



2

2

2

14.

Эпос. Аспаптары. Ғұрыптық музыка.

(Видео материал көру: «Монғолия мкузыкалық мәдениеті», музыка тыңдау: хоомей - тамақпен ән айту,ән шығармашылығы, аспаптық шығармашылығы)



2

2

2

15.

Оңтүстік – Шығыс Азия музыка мәдениеті.

Музыкалық мәдениетінің жалпы сипаттамасы.



2

2

2

16.

Вьетнам музыкалық мәдениеті. Шығармашылығын қарастыру. Музыка тыңдау: дәстүрлі вьетнам оркестрі, Корея оркестрі,этникалық музыканың шедеврлері; видео материал көру «Обрядовые жертвоприношения.Лаос.», «Праздник дракона»

2

2

2

17.

Корея музыкалық мәдениеті.

Этникалық музыканың шедеврлері.



2


2


2


18.

Араб – ислам мемлекеттерінің музыкалық шығармашылығы.

Қысқаша тарихи очерк.

Діни – мифологиялық сенімдері.

Ғұрыптық музыка.

Музыка тыңдау: азан – мұсылмандардың культтық музыкасы,Құран речитациясы,зікірлер.


2

2

2

19.

Араб – ислам мемлекеттерінің дәстүрлі музыкасы. Аспаптар.

2

2

2

20.

Макам.

2

2

2

21.

Музыкалық системаның негіздері.

2

2

2

22.

Түркия музыкалық мәдениеті.

Халық кәсіби шығармашылығы.

Аспаптар.


2

2

2




23.

Музыкалық системаның негіздері.

(видео материал көру «Музыка Турции»,Музыка тыңдау:Түркия дәстүрлі музыкасы)



2

2

2

24

24.


24

Тропикалық Африканың музыкалық мәдениеті.

Әдет – ғұрыптардаға музыкалық жанрлар.



2

2

2

25.


25.

Воколдық стильдердің түрлері және ән жанрлары.Аспаптары.(видео материал көру,музыка тыңдау)

2

2

2

26.

Солтүстік – Шығыс Африка.

Аспсптық және вокалдық музыкадағы жанрлардың, стильдердің жалпы сипаты.



2

2

2

27

Әдет – ғұрыптардағы жанрлар

2







28

Американдық континенттің музыкалық мәдениеті.

Солтүстік Американың музыкалық мәдениетінің жалпы сипаты.



2

2

2

29

АҚШ пен Канаданың музыкалық өнерінің негіздері.

(видеоматериал көру – мюзиклдер. Гершвиннің «Порги и Бесс» операсы. Музыка тыңдау.)



2

2

2

30

Латын Америкасы мемлекеттерінің музыкалық өнерінің

Жалпы сипаты.

(видео материал көру «Бразильская самба», музыка тыңдау)


2

2

2

Пәннің қысқаша мазмұны
Тақырып 1: Үнді музыкалық мәдениеті. Қысқаша тарихи очерк. Діни – мифологиялық сенімдері. Халық кәсіби шығармашылығы. Үнді музыкалық системаның негіздері. Аспаптар.Үнді классиклық музыка – Рагасангит. Музыкалық эстетика. Үнді көрнекті музыканттары. Рабиндранат Тагор шығармашылығы.

Қысқаша тарихи очерк. Үнді цивилизациясының қалыптасу кезеңі. Арийлердің келуі олардың жергілікті дравидиялық тайпаларымен бірігуі. Үндістанның басқа елдермен саудалық, мәдени қарым – қатынастары. Үнді музыкасының ежелгі бұлақтары. Діни – мифологиялық сенімдері. Арийлердің діні (политеизм). Брахманизм (негізгі діни сенімдердің және касталық ерекшеліктер системасының қалыптасуы). Буддизм. Индуизм. Ислам. Музыканың дінмен, оның ғұрыптарымен байланысы.

Музыкалық эстетика. Ведалық әдебиет, әнұрандар жинағы. Музыка теориясы бойынша еңбекткр: «Натья – шастра», «Гита – говинда», т. б.

Үнді музыка системасының негіздері. Дыбысты физикалық, фәлсәфалық тұрғыдан түсіндіру. Жеті сатылы дыбыстізбек. Дыбыстар классификациясы. Музыкалық терминология. Шрути системасы. Нотацияның әріптік әдісі. Үш сызықты ноталық тұрақ. Ритм, өлшем.

Аспаптары. Ішектілер: ситар, вина, танпура, рубаб, дутар, саранги, эсрадж. Үрлемелілер: бансури, рамашринга. Соқпалы: мридангам, табла, нагара, панава және т. б.

Музыкалық материал: Үнді аспаптық музыкасы – Drams of India.

Тапсырма

СМӨЖ

Семинар: лекциялық материалды доклад, реферат формасында жалпылау, бекіту.



Тапсырма

СӨЖ

Әдебиет


Васильченко «Звуковые аспекты мира»

Внеевропейские культуры: вопросы изучения традиций. – М.:1988

Грубер Р. Всеобщая история музыки. Ч. 1. – М., 1956

История мировой культуры // под ред. Г. В. Драча. – Ростов – на Дону: Феникс, 2000.

Музыка народов Азии и Африки. Вып. 1 – 6. – М.:

Яковлев Е. Искусство и мировые религии. – М., 1985



Тақырып 2: Үнді классикалық музыка – Рагасангит. Жанр мінездемесі. Жанр түрлері. Тәулік мезгілдерімен байланысы: таңғы рагтар (лалит), күндізгі рагтар (джаунпури, билавал), күннің екінші жартысы рагтары (мультани, патдит), кешкі, түнеру рагтар (кальян), түнгі рагтар (дарбари, канхара). Жанр формалары.

Ән жанрлары мен стильдері. Ән салу стильдері «дхрупад», «кхаяль», «таппа», «тхумри» және т. б. Би өнері. Билік әндер «катхи». Театрлық өнер.

Тапсырма

СМӨЖ

Семинар: : лекциялық материалды доклад, реферат формасында жалпылау, бекіту.



Тапсырма

СӨЖ

Әдебиет


Васильченко «Звуковые аспекты мира»

Виноградов В. С Индийская рага. – М.: 1976

Внеевропейские культуры: вопросы изучения традиций. – М.:1988

Грубер Р. Всеобщая история музыки. Ч. 1. – М., 1956

История мировой культуры // под ред. Г. В. Драча. – Ростов – на Дону: Феникс, 2000.

Менон Радхава Р. Звуки индийской музыки. Путь к раге. – М.: 1982

Михайлов Д. Удивительный мир африканской музыки // Африка еще не открыта. М.:1973

Музыка народов Азии и Африки.Вып. 1- 6. – М.:



Музыкалық материал: Ravi Shankar орындауында Khana; Khamaj, lalit . Раги Гаоти, Гуан Аньян, Рааг Кирвани, Бхтер Даре, Рага Йогия. Рага Бхешри және т. б.

Үнді дәстүрлі музыкасы үлгілері.



Тақырып 3: Қытай музыкалық мәдениеті.

Қысқаша тарихи очерк. Діни – мифлогиялық сенімдеоі. Аспаптары. Қытайдың дәстүрлі оркестрі.

Музыкалық системаның негіздері. Люй – люй музыкалық системасы.

Қытай музыкалық театры. Музыкалық эстетика.

Діни – мифологиялық доктриналар. Конфуцийлік, даосизм, буддизм( чань – буддизм). Табиғат пен музыканың космологиялық концепциялары. Музыканың адам өміріндегі маңызы. Музыка мен өнердің барлық түрлерін белгілейтін юэ – ның жалпылама түсінігі. Ежелгі музыкалық аспаптар: литофон, қола коңырау, барабан және т. б.

Халық шығармашылығының ескерткіші «Шицзин» («Книга песен» б. з. д. 5 ғ. ). Бірдауысты музыканың кең таралуы. Конфуцийлік діннің ғұрыптық музыканың құрылуына ықпал етуі. Хань дәуірі ( б. з. д. 206ж – б. д. 581ж.).Музыкалық өнердің өркендеуі. Ресми церемониялар музыкасы – я – юэ, ақсүйектер көңілденетін музыка – су – юэ. Көп құрамды оркестрлер дәстүрінің дамуы. Аспаптарды 8 топқа бөлу.

Суй мен Тан династияларының кезеңі (581 – 907). Қытай музыкасының гүлденуі. Кореяда, Вьетнамда, Жапонияда таралған тан стилі. Сарай музыкасының жанрлық түрлері: ли – пучи – ашық ауадағы музыка; цо – пучи – ғимаратта орындау (банкет музыкасы, аспаптық және әскери). Оркестр құрамының 1500 қатысушаға дейін кеңейту. «Сарай маңы мектебі», «Алмұрт бағы» - білім беру орындарының алғашқылары. Ішекті және үрмелі аспаптарда тұрмыстық камералық музыка орындау.

13 – 12 ғғ. Монастрлар мен қалалардың белсенді музыкалық өмірлері. Аспаптық және вокалдық стильдер көпшілігі. Янь гэ – халық билері мен әндері, диалог пьесалар, дәстүрлі көріністер мен әндер музыка сүйемелдеуімен, тибеттік нанма – речитативті би.

Ән сказдарының түрлері. Олардың классификасиясы. Оңтүстік және солтүстік дәстүрлердің қалыптасуы.

Аспаптар байлығы: 100 түрі. Ішекті – шертпелі цинь цитралары, чжэнь, сэ гуслиі, пипа лютнялары, юэцинь; ыспалы: эрху, баньху, сыху, хуцинь; үрмелі : ұзын сяо флейтасы, пайсяо свирелі және т. б.

Соқпалы - әртүрлі материалдан барабандар, қоңыраулар. «Цинь» династиясы кезеңінде музыкалық драманың пайда болуы.

Ән шығармашылығының жанрлары: еңбек, ғұрып, қала кедейлерінің, қайықшылар, зергерлердің әндері. Әндер мазмұны. Табиғат суреттерін сәулелендіру («Весна на озере», «Летающие куропатки»); қоршаған ортаның құбылыстарын («Песня о слепом колдуне»). Қытай мелодикасчының және ритмикасының сипаты. Саз системаларының құрылуы. Пентатонды ладтың бес түрі. Хроматикалық дыбыс тізбек. «Люй – люй» системасы.

Орындаушылық мінезі. Регистрден регистрға тез көшу. Метр – ритмнің зор маңызы: бос синкопалы ритм. Поэтикалық тексттің және музыканың бірлігі. әндердің аспаптық сүйемелінің түрлілігі. Аккомпанемент шу фоны ретінле, вокалды партияны унисонмен қайталау, және аспапты ән ортасында «заставка» не «аяқтау» ретінде қолдану.

Музыканың қоғамдық маңызы жайлы ілім. (Дуань Ан – цзе, 5 ғ. « записи о музыке» Қытай класикалық музыкасының Корея мен Жапонияда әсерлі таралуы. Сун (10 – 13 ғғ.) кезеңіндегі эстетикалық принциптер, музыка теориясы (темперация системасы) және вокалды формалар ( чжунгундяо көп бөлімді сказ әні) ; музыкалық драманың арықарай дамуы.



Музыкалық материал: видео материал көру: «Провинция Китая»; музыка тыңдау : Қытай дәстүрлі музыкасы ( қытай ұлттық аспаптарында орындалған, хуцинь, цинь, пиба т. б., дәстүрлі асапаптық музыка.).

Тапсырма

СМӨЖ

Семинар: : лекциялық материалды доклад, реферат формасында жалпылау, бекіту.



Тапсырма

СӨЖ

Әдебиет


Тақырып 4 : Қытай музыкалық театры.

Қытай классикалық театры. Сарай маңы театры; онда әнмен драматикалық диалогтың бірігуі, аспаптық музыканың, пантомима мен бидің бірігуі; вокалдық музыканың құрмалас түрлері. Ноталық жазуды дамыту. Пекиндік опера. Авторлықтың жоқтығы. Пластикалық сценография, драматикалық, вокалдық шеберліктің және акробатикалық әдістердің кешені. Музыкалық интонация және ритм – спектакльдың негізі. Тондық әңгімелеу әсерінен рфмаланған диалог пен әндетудің ұқсастығы. Мазмұны: көркем аңыздардың, сказаниелердің, тарихи оқиғалардың қойылымы(жау шапқыншылығы, крестьяндар соғысы). Қытай театрындағы пантомиманың үлкен маңызы. Қимыл - әрекет системасы.Декорациялармен мезансценаның жоқтығы. Әрекеттің жеңіл әрі жиі ауысулары. Кейіпкерлердің бір уақытта әр жерде көрсетуі.Ойластырылған тус комбинациялары, бояулар таңдауы.

Қытай театрының музыкалық жағы. Дыбыстың, бидің, сөздің үзілмес бірлігі. Негізгі мәнерлеу әдістері - ән , аспаптық орындау. Актерлардың қозғалыстарының бір ритмге бағынуы және биге ауысуы.мелодика, ритмика темпімен,оркестр құрамымен байланысты образдар шеңбері.

Соқпалы аспаптардың маңызды рөлі. Мелодиканың халық - ән табиғаты.Провинциялы театр. «Янгэ» жанры – массаклы халық көрінісі. Негізі. Крестьяндық еңбек әндері.



Музыкалық материал:видео материал көру «Пекинская драма»

Тапсырма

СМӨЖ

Семинар: лекциялық материалды доклад, реферат формасында жалпылау, бекіту.



Тапсырма

СӨЖ

Әдебиет


Тақырып 5: Оңтүстік – Шығыс Азия музыкалық мәдениеті.

Регионның музыкалық шығармашылығының жалпы сипаты. Діни – мифологиялық сенімдері. Корея музыкалық мәдениеті.Аспаптық , вокалдық музыканың жанрлары. Аспаптары. Музыкалық системаның негізі. Музыкалық театр. Вьетнам музыкалық мәдениеті. Аспаптық және вокалдық музыканың жанрлары. Аспаптары. Музыкалық системаның негіздері. Музыкалық театр.

Оңтүстік – Шығыс Азияның күрделі әсерлесуі. Қытай, Үнді, Араб мемлекеттерінің ғұрыптық музыкаға ықпалы. Филиппины оңтүстігінде сұлтан Малай тұсынды үлкен Набат оркестрінің құрылуы. Кейбір араб аспаптарының таралуы (ребаб, цитра, лютня). Музыкалық аспаптардың санының зорлығы, дамыған ансамбльмен орындау, көптеген жанрлар мен стильдер. Музыканың вертикалды организациясына бағытталуы. Ансамбльде бір типті аспаптардың жиынтығы – жанұя. Онда жанұя иерархиясының білінуі.

Б. з. д. 3 ғ. – б.з. 4 ғ. Үрлемелі , соқпалы аспаптардан тұратын ғұрыпты – церемониялы оркестрдің құрылуы. Явандық қуыршақ көлеңкелі театрында гамеленды қолдану. Кхмерлік оркестрлекрдің құрамы. Бирмандық оркестрдің спецификасы. Жазбаша музыка негізіндегі классикалық ән жанрлары. Буддисттік монастрладағы музыка маңызы.

Вьет этносының дәстүрлі музыкасы. Музыкалық мәдениеттің ежелгі ескерткіштері – литофн, қола барабан, гонг. Сарай маңы церемониялары үшін қолданған. Қытай, Үнді мәдениеттерімен әсерлесуі. Сарай маңы және храмды музыка сфералары. Дәстүрлі музыка центрлері – динь– ортақ үйлері. Лорада «Батам» ансамбльдерінің құрылуы. Музыкалық мәдениеттің 10 ғ. бастап жарқын дамуы. Ауыл театры «тео»-ның, су бетіндегі қуыршақ театры « руа нуок»- тың қалыптасуы. Соқыр даладағы әншілердің орындауындағы баяндау мінезді әндері. Ритуалды әрі көңілдендіретін форма сияқты дамыған әйелдер әндері дәстүрі – «качу». Музыканың қатал классификациясы – Қытай ықпалы. Екі оркестр түрі «Дай няк» және «Теу няк», оркестр құрамын кеңейту.Аристократиялық музыкалық дәстур – поэмаларды лютня, не цитра сүйемелдеуімен айту. Жанрлар – «ван» және «доктау». Вокалдық формаларға жақындау.

17 – 19 ғғ. – қалалық музыканың дамуы- Хюэ қаласының камералық аспаптық өнері.

Аспаптары: үрмелі – сяо, тиеу (флейта типі), кен, сона (гобой түрі); ішекті – ыспалы: ни, дан бау (монохорд); ішекті – шертпелі – дан ты ба, дан нгуэт, дан дай, дан чань (16 ішекті цитра); соқпалы – литофон, гонг, барабан, қоңырыу, ксилофон және т.б.

Музыкалық теория. Шығыс мәдениетіне тән саздық организация. Ладтардың образдар мен сезімдермен байланысы. Екі лад типі : бак (жарқын) және гам (көңілсіз, сабырлық). 5 – 7 сатылы дыбыстізбектер. Мелодия суретінің орнаменталдығы. Силлабикалық типті ритм. Өрлету әдісі – ладты модуляция.

Музыкалық материал:музыка тыңдау: Вьетнам дәстүрлі оркестрі, корея оркестрі; этникалық музыканың шедеврлері( Вьетнам мен Кореяның әртүрлі стилистикадағы аспаптық және вокалдық музыка үлгілері); видео материал көру «Обряд жертво приношения. Лаос», «Ппраздник дракона»

Тапсырма

СМӨЖ

Семинар: : лекциялық материалды доклад, реферат формасында жалпылау, бекіту.



Тапсырма

СӨЖ

Әдебиет


Тақырып 6: Моңғолия музыкалық мәдениеті. Қысқаша тарихи очерк. Діни – мифологиялық сенімдері. Ән және аспаптық шығармашылығының музыкалық жанрлары. Эпос. Ғұрыптық музыка. Аспаптары.

Монғол музыкасының ежелгі бұлақтары. Онда Орталық Азия регионын нәсілдейтін басқа музыкалық дәстүрлі этностардың өрілуі. Вокалдық музыка орындаудың басым болуы. Ладтық система пентатоника немесе түрлі диапазонның тірек центрлері орын ауыстыра алатын ангемитонды дыбыстізбектер.Тамақпен ән салу – хоомей. Цуурда (ұзынша флейта), аманхурамда (варган типтес) ойнау.

Негізгі түрлер: регулярлы ритмикасы жоқ баяу музыка, нақты ритмикасы бар тез, билік сапаптық музыка. Аспаптар: Ішекті – ыспалы- дәстүрлі морин – хур, ир – хур, хучир; ішекті – шертпелі - тобшур, шудрага, цитра, ятга, ёочин (цимбала түрі): ағаш үрлемелі – лимбэ, цуур, биш – хур(гобой типі), эвэр – бурээ(мүйіз), соқпалы барабандар хэнгэрэг, бумбур, цан тарелкалары; литофондар, шаман бубендері де қолданылады; храмдық аспаптар – теңіз раковинасы, дун, хонх қоңыраулары, гонг, үлкен мыс трубалары.

Ежелгі музыка түрлерінің аңшылық пен мал шаруашылығымен байланысы (рожоктарда, манка - дудкаларда ойнау, сигнал – дыбыстау мелодиялары, мелодикалық ысқыру т. б. ) Хунну (б.з.д. 3 ғ. – б.з. 2 ғ.) империясы кезеңіндегі монғолдардың бақа халықтармен қатынасы. Жаңа монғолдық музыканың түрі пайда болуы. Ерте феодалды мелекет ұйымдары. Сарай маңы музыкасының музыкасының дамуы( 13 ғ деиін). Оркестрлердің функциялауы. Музыканың ата – баба культінда, шаман ғұрыптарында, әскері қызметте (дыбыстау, декламациялау түрдегі мелодиялар). Керуендік әндер сөзсіз болған (уншууу).

Моңғол империясының пайда болуы (13 ғ.) Юань династиясы. Классикалық моңғол музыкасының қалыптасуына ықпал еткен Шыңғыс хан тұсындағы церемониялық дәстүрлер. Құрамы бойнша кең оркестлер – 400 қатысушыға дейн. Көп бөлімді композициялар – 80 бөлімге дейін.

Музыкалық – поэтикалық жанрлар (ода), және сургаал (дидактикалық өлең). «Панчатантра», «Рамаяна» (14 ғ.) аудармасындағы буддийлік әдебиетті әндетіп оқу дәстүрінің пайда болуы. Тойларға, сайыстарға (күрес, атжарыс, садақпен ату) арналған тұрмыстық музыканың түрлері.

Моңғол эпосын шығару («Гэсэриада»), кеиін «Бэнсэн улигер» (кітаптық сказ); 13 ғ. «Сокровенное сказание» атты классикалық әдебиет.Цин (17 – 20 ғғ.) династиясы кезеңіндегі ламаистикалық монастырлардағы музыка.. Монастырлар маңында театрлық қойылымдар (Хамрынхийд, Гандантэгчинлэн). Моңғол созыңқы әндерінің жанрлық түрлері: созылма – уртын – дуу, қысқа – богино – дуу.

Музыкалық материал: видео материал көру – «Моңғолия музыка мәдениеті»; музыка тыңдау – тамақпен ән салу хоомей, Моңғолияның дәстүрлі ән және аспаптық шығармашылығы.

Тапсырма

СМӨЖ

Семинар: лекциялық материалды доклад, реферат формасында жалпылау, бекіту.



Тапсырма

СӨЖ


Әдебиет

Тақырып 7: Жапония музыкалық мәдениеті

Қысқаша тарихи очерк. Діни – мифологиялық сенімдері. Аспаптары. Жапон дәстүрлі оркестр, Халық – кәсіби музыкасы.

Қысқаша тарихи сипат. Янхао протокультура. Жапон этносының пайда болуы. Кезеңдеме:

1- Яёи кезеңі мәдениеті (б.з. 5 ғ. – б. з.4 ғ.) – Қытай музыкасымен, оңтүстік – шығыс мәдениеттерінің әсерлесуі. Діни мистериялары - бимен кагура - таралуы. Синтоизммен байланыс.

2- Нараи Хэйан кезеңі. Жапон музыкасында көрнекті эволюция. Барлық музыка түрлерін меңгеру, ұлттық қасиетке ие болу «Гагаку» жанры, «сёме» музыкалық стилінің қалыптасуы. Тан кезеңіндегі Қытай үлгісі бойынша сарай маңы музыкалық өмірінің организациясы. «Гагакуре» музыкалық басқармасының әндік басқарма «о ута докоро» ұйымдастырылуы, кәсіби музыканттар кландарының қалыптасуы.

Нақты жапондық музыканың үлгілерінің (вагаку) құрылысуы.гагаку жапондық түрге ие болуы, сайбара, имаё, роэй атты халық стильдерінің негізінде жаңа вокалдық – аспаптық жанрлардың пайда болуы.

3- Камакура (1185 – 1333) және Асикага (1335 - 1573). Әскери сословиенің (самурай) әлеуметтік маңызы күшейуі. Энкёку, хэйкёку вокалдық стильдерінің дамуы. Халық – театрлық өнерінің тоқтаусыз дамуы. Көркем драма «Но»-ның өзінің хогаку деген музыкасымен дамуы.

4- Адзути – Момояма (1603 - 1600) кезеңі. Аспаптық музыканың тарихи дамуы. Аспаптардың дамып, жаңа деңгейге көтеріліп өңделуі:флейтаның сякухати – ға, сарай цитрасының дауысты кото - ға модификациялануы. Сямисеннің өзгеруі.

5- Токугава (1603 – 1867) кезеңі – театралдық жанрлардың белсенді дамуы: но, кабуки, бунраку. Кото сүйемелдеунде соло ән салудың кең таралуы, сямисэнде, сякухати және т. б. профессионалды мекетептер және талғам ойнау сферасында орындаушылық дамыды.

6- Мэйдзи (1868 - 1912) кезеңі. Музыкалық өмірді организациялау жақта АҚШ, Европа елдерінің тәжірибесіне сүйену.Батыс Европа үлгісімен музыка педагогикалық системасының қалыптасуы. Діни – мифологиялық сенімдер: синтоизм – ұлттық дін. Ата – баба, табиғат культына негізделген нанымдар. Буддизм 6 ғ. бекітілді. Дзэн – буддизм түрі. Оның суретке, музыкаға, поэзияға әсері.

Музыкалық маиериал:музыка тыңдау – Жапон дәстүрлік аспаптық музыкасы(сякухати, бива. Сямисэн,кото – да орындалады);

Халық ән шығармашылығы.



Тапсырма

СМӨЖ

Семинар: лекциялық материалды доклад, реферат формасында жалпылау, бекіту.



Тапсырма

СӨЖ

Әдебиет

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет