Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет28/66
Дата15.11.2023
өлшемі0.73 Mb.
#483348
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66
Дәрістер

Минералокортикоидтар – тер, сілекей бездерінде су мен тұздардың алмасуын реттейді. 
Адренокортикоидтар жасөспірімдерде қосымша жыныс белгілерінің қалыптасуына көмектеседі. 
Бірақ жыныс бездерінің гормондарына қарағанда әлсіздеу. 
Бүйрек үсті безінің милы қабаты екі гормон бөледі: адреналин және норадреналин
Адреналин жүректің жұмысын күшейтіп соғу ырғағын тездетеді, қозғалысын жақсартады, 
қантамырларын тарылтып, қысымды өсіреді. Дененің әр жеріндегі қантамырларының адреналинге 
сезімталдығы әртүрлі. Адреналин ішек еттерінің тонусын төмендетіп, қозғалысын басады, бронх еттерін 
босатады, көздің қарашығын кеңейтеді, жүкті әйелдердің жатыр еттерін жиырады, тері түктерінің 
қапшықтарының етін жиырады (сондықтан күшті эмоция кезінде адамның шашы “тік” тұрады). 
Көмірсутегінің, майдың алмасуына әсер етеді. Қауырт жағдайда бұлшық еттердің жұмысын күшейтіп, 
рецепторлардың сезімталдығын (көру, есту) күшейтеді. Сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына 
бағытталған. Сондықтан бүйрек үсті бездерінің майлы және қыртысты қабаттарының гормондарын 
бейімдеуші гормондар дейді.
Бүйрек үсті бездерінің жас ерекшеліктері. Ұрық кезінде бұл бездерде аздап гормондар түзіле 
бастайды. 
Бүйрек үсті безінің салмағы, қызметі және қызмет белсенділігі тұрақсыз. Сонымен қатар бұл 
бездердің қызметі сыртқы ортаның әсеріне, баланың жейтін тамағына байланысты. 
Жаңа туған нәрестенің қыртысты қабаты милы қабатынан көбірек болады. 
1 жастағы баланың безінің қыртысты қабаты милы қабатынан 2 есе қалың.
10 жаста милы қабаттың ұлпасы тез өсе бастайды. Қыртысты қабатының өсуі 11-12 жасқа дейін, 
милы қабатының өсуі 6-20 жасқа дейін созылады. 
Милы қабаттың гормондары жетіспегенде, көбінесе 10 жасқа дейінгі балалардың миындағы жүйке 
клеткаларында қанттың жетіспеуінен талмауы ауруы байқалады. Сабақты көп оқығанда, ойнап 
жүгіргенде бала есінен танып қалады. Мұндай жағдайда жиі-жиі тәтті тағамдар, суға еріткен бал, қант 
беру керек. 10 жастан кейін өзінен өзі қойып кетеді. 
Қыртысты қабаттың гипосекрециясында Аддисон ауруы дамиды. Ересек адамдарда көбірек, 
балаларда сирек кездеседі. Ауру баланың денесінде қоңыр дақтар пайда болады, тез шаршайды, 
қимылдары азаяды, жүдейді, қаны қоюланады. Көмірсутегінің алмасуы бұзылады. 
Кей балаларда туа пайда болған қыртыс қабатының гипертрофиясы байқалады. Аурулардың 
белгілері 2-3 жаста байқалады. Балалардың өсу қарқыны баяулайды, 2-3 жастан ауру қыздардың 
қолтығында, шабында түктер өседі, бірақ емшектері өспейді, етеккірі келмейді.
Милы қабатының гипертрофиясы ісікке байланысты байқалады. Балалар тершең, көзі бақырайған, 
беті шырайсыз келеді, қан қысымы жоғарылайды. Ісікті алып тастағаннан кейін бала жазылып кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет