Қан кұю және иммунитет
Қан кұюдың қажеттілігі және қан топтарының негізі. Адам жараланып, денесінен қанның
жартысына жуығы аққанда әлсіреп, тірлігінен айырылады. Мұндай жағдайда бір кісінің қанын екінші
адамға құйып, жарақаттанған адамды аман алып қалуға болады. Бірақ адамдардың канының құрамы
бір-біріне сәйкес келмесе, қан құйылған кісі өліп те кетуі мүмкін. Сондықтан донордың (қан беруші
адам) канын реципиентке (қан қүйылатын кісі) құяр кезде алдымен олардың қандарының
сәйкестігін тексереді.
Қанның құрамындағы эритроцитгерде екі түрлі а г г л ю т и н о г е н деп аталған зат бар: А және В
агглютиногендер. Қанның плазмасында бұлармен кездескенде канды ұйытып тастайтын à және ß
а г г л ю т и н и н д е р болады. Егер агглютиноген А агглютинин альфамен (а) немесе
агглютиноген В агглютинин бетамен ß кездессе, қанның эритроциттері бір-біріне жабысып, бұзылып,
қан ұйып қалады да, оттегін денеге таситын эритроциттер қызметін атқара алмай, адам өліп кету
қаупінде болады. Бүл заттардың бір-бірімен қосылыс жасау мүмкіндігі 4 түрлі, соған байланысты
адамдардың қанын 4 топқа бөліп АВО жүйесі деп атаған:
1. Эритроциттерінде агглютиногендер жоқ, бірақ плазмасында екі агглютининдері (а, ß) де
бар кісілер. Мұндай адамдар 40%, олар І-топқа жатады;
2. Қанының эритроциттерінде агглютиноген А, плазмасында агглютинин ß бар адамдар 39%,
олар ІІ-топқа жатады;
3. Эритроциттерінде агглютиноген В, плазмасында агглютинин а бар кісілер 15%, олар ІІІ-топқа
жатады;
4. Эритроциттерінде агглютиноген А және В бар, плазмасында агглютининдер жоқ кісілер 6%,
олар IV-топқа жатады.
Осы агглютиногендер мен агглютининдердің бір-бірімен кездеспеуін көздеп донор мен
реципиенттің қандарын тексереді.
АВО жүйесінен басқа түрлі адамдар топтарында кездесетін қанның корғаныс жүйелері бар екені
анықталды. Соның ішінде алғаш рет макака-резус маймылдарының қанынан табылған р е з у с -
ф а к т о р деп аталған заттың маңызы күшті. Бұл зат адамдардың 85%-ында бар, ал 15%-ында жоқ.
Резус-факторы бар адамдарды он-резусты (R.Һ+), жоқ адамдарды сол-резусты (R һ-) деп атайды. Егер
RҺ+ кісіге RҺ- адамның қанын құйса, ол реципиентте сол факторға қарсы антидене пайда болады. Ал
екінші рет сондай кан құйылса, бұрын пайда болған арнайы агглютиногендер эритроциттерді
бір-біріне жабыстырып, қызметін тоқтатады да, адамның өміріне қауіп төнеді. Осы резус-факторға
байланысты R.Һ+ жүкті әйелдердің ұрығына R.Һ- әкесінің факторы тұқым куалап ауысқанда жүкті
әйелдің қанында ұрықтың факторына қарсы антидене пайда болып, түсік түседі. Сондыктан жүкті
әйелдердін қанында бұл фактор болмаса, оның күйеуінің канының факторын тексереді де, ол R.Һ+
болса, түсік болмаудың қамын ойлап, арнайы емдейді.
Сонымен, қанды кұю үшін реципиентің қанының АВО және RҺ-факторын міндетті түрде тексеру
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |