22
Төс сүйегі – жалпақ сыңар сүйек. Төс сүйегінің денесі, тұтқасы, семсерші болады. Төс сүйегінің
бөлімдерінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейін болады. Төстің төменгі жағындағы шеміршектері 15-
16 жаста, жоғарғы жағының шеміршектері 21-25 жаста сүйекке айналып, төс сүйегінің
арасы бітіп
кетеді, ал семсершінің сүйектенуі 30 жасқа дейін созылады.
Көкірек қуысының пішіні жұмыртқа тәрізді болады. 1 жастағы
баланың көкірек қуысы конус
тәрізді. 12-13 жаста ересек адамдардыкіндей болады. Көкірек қуысы жүрек, қолқа және үлкен өкпе
артериясын, өкпені қорғайды.
Партада дұрыс отырмаса баланың көкірек қуысы тарылады да, өкпе мен жүректің
дамуы
нашарлайды.
Аяқ-қол сүйектері – адам денесінің екі белдеуін құрайды: иық және жамбас белдеулері.
Иық белдеуін жауырын және бұғана сүйектері құрайды. Жауырынның
сыртқы бұрыштары иық
басы сүйектері арқылы қол сүйектерімен жалғасады. Алдыңғы жағында бұғана сүйегімен жалғасады.
Жауырын – жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық ет арқылы жалғасқан.
Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарды 18 жаста қатаяды.
Бұғана латынның S әрпі тәрізді иілген сүйек. Бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері
сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ ұшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: