Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


Мектептегі оқу-тәрбие жұмысына қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет62/66
Дата15.11.2023
өлшемі0.73 Mb.
#483348
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Дәрістер

Мектептегі оқу-тәрбие жұмысына қойылатын талаптар 
 
Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Жазғы 
демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Сондықтан оқу жылының басында өткенді 
қайталап, жаңа тақырып өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп 
бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында қайтадан жеңілдене бастайды. 
Сабақ кестелері апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек қабілетіне сай жасалады. 
Аптаның дүйсенбі-сәрсенбі күндері жоғары болады да, бейсенбі күннің аяғында шаршау байқалады, 
жұма, сенбі күндері қабілеті төмендейді. Демалыстан кейін дүйсенбі күні зейіні төмен болады. 
Сондықтан сейсенбі-бейсенбі күндері қиын пәндерді қою керек. Жұма-сенбі күндері сабақ санын және 
қиын пәндердің мөлшерін азайту қажет. 
Жеңіл пәндерге: әдебиет, тарих, ән-күй, денешынықтыру, сурет-сызу пәндері жатады. Қиын 
сабақтың алдында денешынықтыру пәнін қоюға болмайды. Қиын пәндерге: физика, грамматика, 
математика, химия пәндері жатады. 
Күнделікті сабақ саны төмендегідей болғаны дұрыс: 
- 1-4 сыныптарда күніне 4 сабақтан
- 5-7 сыныптарда 6 сабақтан; 
- жоғары сынаптарда 6-7 сабақтан аспау керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
15-тақырып. Балалар ауруы туралы түсінік. Оларды болдырмау шаралары 
 


41 
Жұқпалы аурулар дегеніміз патогенді микробтар немесе вирустар қоздыруымен пайда болатын 
аурулар. 
Әрбір жұқпалы аурулардың өз қоздырғышы болады. Балалар жұқпалы ауруларына: қызылша 
(корь), ұшпа (краснуха), шірінше (паротит), қызамық (скарлатина), күл (дифтерия), жұлынның қабынуы 
(полиомелит), желшешек (ветряная оспа), көкжөтел (коклюш) жатады. 
Қызамық – қоздырғышы стрептококтар. Сондықтан ауруды тек қызамықпен ауырған адамнан 
ғана емес, стрептококты баспамен ауыратындардан да жұқтырады. 
Егер ауру асқынбаса, стрептококтың бөлінуі 7-10 күнде тоқталады. Ауру асқынса жұқпалы кезең 
ұзарады. Балаға ауру науқас адаммен қарым-қатынас кезінде ойыншық, кітап, сүлгі арқылы жұғады. 
Аурудың белгілері: кенеттен қызу көтеріледі, бірнеше сағаттан кейін немесе келесі күні баланың 
денесінде қызарған ұсақ бөртпелер пайда болады. Мұрын-еріннен басқа жерге түгел шығады. Жамбас-
кіндіктен төмен жерге, шап, қолтыққа қалың шығады. 
Бөртпелер 3-5 күндей тұрады. Ең тұрақты белгісі – баспа. Бүкіл жұтқыншақ ашық қызыл түсті 
болады. Алғашқы күні тілді қою сары-сұр түсті зат басады. 
Аурудың алғашқы 5-6 күні бала жатуға тиіс. Балалар бақшасына, мектепке ауыра бастағаннан 22 
күн өткенше баруға болмайды. 
Антибиотикпен емдейді. 
Күл - қоздырғышы уландырғыш күл таяқшасы, оның күшті у бөліп шығаратын қасиеті бар. 
Аурудың таралу көзі – ауырған адам немесе ауру таяқшасын таратушы сау адам бола алады. 
Жасырын кезеңі 2-10 күн. 
Күлмен ауырған жұтқыншаққа тән белгі сұрғылт, бүкіл жұтқыншақты жауып тұратын маржандай 
жылтыраған немесе ойық-ойық болып тұратын сірі қабық. Мұны анықтау үшін бактериологиялық 
анализ жасау керек. 
Жұтқыншақтағы күл өте ауыр өтеді. Қызуы 40º жетеді, жұтқыншақ қызарып ісінеді, мойны ісініп, 
бала әлсізденеді. Бұл ауруға дер кезінде шара қолданбаса бала өміріне қауіп төнеді. Ең басты күл 
ауруына қолданатын дәрі – қан сарысуы. Күлмен ауырған баланы тез ауруханаға жеткізу қажет. 
Қазір күл ауруына қарсы алдын ала егуге байланысты сирек кездеседі. Уақытында егілмей қалған 
балалар ауруы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет