Анализ және синтез жалпы алғанда ғылыми тануды дамыту амалдары болып табылады. Анализ және синтез бүтінді ойша бөліктерге бөлу және керісінше бөліктерді біріктіру процесі. Олар өзара шарттасқан процестер. Оларды бір-біріне қарсы қоюға, бір-бірінен бөліп алуға және біреуін артық бағалауға болмайды.
Зерттеудің теориялық деңгейде логикалық ойлаудың көптеген формалары кеңінен қолданылады, оның ішінде әсіресе, анализ бен синтез.
Анализ бен синтез арқылы обьективтік мазмұнды жіктеуге болады. Анализдің көмегімен к. к. педагогикалық құбылыста оның кейбір жақтары, белгілері, ерекшеліктері, қасиеттері бөлі-ніп , қарастырылады. Талдау өте күрделі құбылыстарды бөлшектеуге көмектеседі: бірыңғай фактілерді басқалардан бөліп алу, оларды бір-бірімен теңдестіру, қарама-қарсы қою, қандай фактілер жиі, ал қандай фактілер сирек кездесетінін анықтау . Педагогикалық құбылысты ғылыми тұрғыда талдау әрқашан синтезбен ( жинақтаумен ) аяқталынады. Белгілі бір фактілерді талдай отырып, оларды топтаймыз және жүйеге келтіреміз. Талдау мен жинақтау зерттеушіге жинақталған фактілерді оқып- үйренуге, ондағы ең негізгіні, жалпы және жеке бөліктерін таба білуге көмектеседі .
Абстракциялау – кез келген заттың қасиеті мен белгілерін сол заттың өзінен ойша бөліп алу процесі. Бұл затты терең білу үшін, басқа заттардан және басқа қасиеттерден, белгілерден бөліп алу қажетАбстракциялаудың 2 түрі бар :жалпылама және жеке дара “ақшыл” деген сөзді алсақ, бұл да абстаркциялық ұғымға жатады. Абстаркцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атаймыз. Нақтылау абстаркциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Нақтылау абстаркцияға қарағанда ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік берді. Жеке мысал көрнекті құрал нақтылаудың түрлі формалары .
Жалпылау дегеніміз бір текті заттардың, құбыластардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Жалпылау бізге сыртқы дүние заттардың мәнді белгілерін ажырата алуға жәрдем береді.
Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип бойынша орналыстыруды жүйелеу дейді . Жүйелеудің жоғары түрі классификация. Оны құру логикалық ережелерге бағынады:
бір классификацияда бірыңғай негіз болу керек;
классификация мүшелері оның жиынтығын құрау керек;
классификация мүшелері көлемі бойынша бірінен- бірі аспауы керек;
кіші топтарға бөлу үздіксіз болу керек, яғни біртіндеп өсу немесе кему бойынша жүргізілуі керек.
Абстракцияның 1 түрі көптеген заттардан жалпы бірдей белгілерді бөліп алу жолымен пайда болды.
Ал 2 түрі көптегн заттардың болуын қарастырмайды. Мысалы педагог оқу процесінің көптеген белгілерінің ішінен біреуін оқу материалының беріктілігін өз алдына жеке қарастырады. Беріктілік дегеніміз не, оған қалай жетуге болады, материалды меңгерудегі оның ролі қандай?
Абстакцияның сирек түрі – иделизация болып табылады, оның нәтижесінде идеализацияланған обьектілер туралы ұғым пайда болған. Мысалы, географиялық нүкте , идеалды газ т. б.
Модельдеу.Теориялық зерттеулерде салыстыру, әсіресе салыстырудың ерекше түрі – аналогия кеңінен тараған. Аналогия бір обьектінің басқаға белгілі бір қатанасы негізінде эквиваленттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Онда құрылымы бойынша қарапайым боьект молель болып қалады. Модель – көмекші обькетісі адамның танымдық мақсатта таңдап алған негізгі обьект туралы жаңа мәлімет береді.К. Д. Ушинский салыстыруды :”Кез-келген түсінік пен кез келген ойлаудың негізі “ деп есептеді. Оқытудың әдістерін салыстырмалы түрде оқыту жемісті болып табылады. Осының негізінде оқыту әдістерінің әлді және әлсіз жақтары анықталынады.
Индукция және дедукция.
Индукция - жалқыдан жалпыға көшу. Индукцияда белгіліден белгісізге көшу жүреді, экспериенталдық фактілерге, практикаға сүйене отырып талдау жасалынады. Индукция – эмпирикалық деңгейден теориялық деңгейге көшу формасы.
Достарыңызбен бөлісу: |