10.Сөздің экспрессивтік қызметі және оған мысалдар келтір
Тіліміздегі сөздер өздерінің экспрессивтілігі жағынан да әр түр-лі. Демек
экспрессивтік сапа белгілі бір сөздерден ғана байқалады. Мысалы: адам,
көл, қабырға, үлкен, сусын, бала, тау, көтеру, аға, таныс, киім, шөп, отын
тәрізді бір топ сөзді қылпың, тыраш, қақшу, тойтаңдау, жортақы, дедектеу,
қаздаңдау, қымыңдау, шал-жию дегендермен өз ара салыстырсак,
өздерінің көркемдік бейнелілігі, эстетикалық әсерлілігі тұрғысынан
бұлардың екі сала нәрсе екенін оңай аңғаруға болады. Мысалы соңғы
топтағылар ғана экспрессивті сөздер. Бұлар көбінесе көркем әдебиет стилі
мен сөйлеу стилі және публицистикалық стильдерде жиі жұмсалады.
Мысалы
Сөлектеп, алдымды орап, екеуің бір болмайсың (М. Әуезов).
Ақыры, Абай мен Тәкежан алшайысып кетті (сонда). Жалаудан жел де
сарнайды(С, Сейфул-лин). Тек кез келгенді белуардан көстите береді (М.
Әуезов). Сол табақтарды, үй ішіне сүңгітіп жатыр (сонда). Осы
сөйлемдердің қай-қайсысы да экспрессивті. Бұлардағы экспрессивтік бояу
сөйлемнің мазмұнына түрліше стильдік өң бе-ріп тұр. Өйткені
жоғарыдағытыраштану, селтию, сөлектеу, ал-шайысу, көститу, сүңгіту
етістіктері белгілі дәрежеде автордың суреттеліп отырған оқиғаға деген
көзқарасын аңғартады.
11. Фразеологиялық тұтастық
Фразеологиялық тұтастық дегеніміз фразеологизмнің
құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, əбден жымдасып
кеткен,
олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын
тұрақты
тіркестер. Мəселен, мұрнынан шаншылып жүр, мұрнына су
жетпеді
дегеннен қолы тимеді, бұрылуға мұршасы болмады дегенді
түсінеміз.
Бұл мағына осындай үш сөздің тұтас жиынтығынан келіп
шығады.
Түйдек ішіндегі жекелеген сөздерге талдау жасап, бірін
екіншісінен
бөліп алуға көнбейді. Түйені түгімен жұтты дегеннен ойсырата
пара
алып, елді қанады деген мағына туады. Бұл мағынаның
жасалуына
түйе, түк, жұту сөздерінің тікелей қатысы жоқ, соларды бірінен
соң
бірін тіркеп, жұбын жазбай қолдану арқылы пайда болған.
Жағына
пышақ жанығандай дегеннен тамырына ілінген арық, жүдеу
дегенді
түсінеміз. Бұл мағынаны жасауға жақ, пышақ, жану сөздерінің
тікелей
қатысы болмаған. Иегінен тағалы ат тайып жығылғандай
дегеннен
сақал- мұртынан жұрдай, көсе дегенді ұғынамыз. Мұнда да
мағына
тұтастығының бірлігін айқын байқаймыз. Аттың жалы, түйенің
қомында
дегеннен қарбалас шақ, абыр-сабыр уақыт дегенді түсінеміз.
Мұнда да
тұрақты тіркестегі жеке сөздер мен фразеологиялық мағына
арасында
тікелей байланыстың болмағандығы байқалады. Бір ұрты май,
бір ұрты
қан дегеннен екі жүзді, залым дегенді ұғынамыз. Бұл
фразеологиялық
мағына тұрақты тіркестердің құрамындағы бір, ұрт, май, қан
деген
сөздердің меншікті мағынасымен мүлдем сəйкеспейді.
Фразеологиялық
тұтастық жеке сөздердің тұтас жиынтығынан пайда болғанымен,
олар
іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс- əрекетті, сапа мен белгіні,
зат пен
құбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |