8.– Сөз жұмсаудың реттері: қисыны, жүйесі, қызметі
Сөз əдебі - тіл қатудың, сөз жұмсаудың қоғам қабылдаған, жұртшылық
ұйғарған, ұлттық сипатқа ие ережелері мен тəртібі.
Тіл қатудың тəртібі қарым-қатынас жағдайына қарай жұмсалатын арнайы
сөздер мен тұрақты сөз орамдарының жүйесі арқылы жүзеге асады.
Қоғам мүшелерінің арасындағы əрбір қарым-қатынас жағдайын
қамтамасыз ететін тілдік құралдар ақылы жүзеге асады. Қоғам
мүшелерінің арасындағы əрбір қатынас жағдайын қамтамасыз ететін
тілдік құралдар жəне олардың синрнимдік қатарлары болады.Тілдесуші
жақтардың білім, тəрбие деңгейін, мекенін, жыныс, жас айырмасын
тұрақты, тұрақты емес т.б əлеуметтік рөлдеріне тəн белгілерін есепке алып
отыру cөз əдебінің əлеуметтік қырлары болып табылады.
Сөз əдебінің өзіне тəн лингвистикалық табиғаты олардың құрылымдық
жəне функционалдық қасиетіне тығыз байланысты. Сөз əдебінің бірліктері
таңбалары - байланыс жасау мақсатында тыңдаушы жаққа берілген белгі,
олай болса, бұл белгі коммуникативтік бірлікке жатады. Ал кез келген
коммуникативтік бірліктің предикативтік мазмұны (жақ, шақ,рай т.б)
болуға тиіс.
Сөз əдебінің коммуникативтік жəне одан басқа да байланыс орнату
(фатикалық), тыңдаушының назарын аудару (апеллятивтік), сыпайылық
таныту (конативтік), тыңдаушының көңілін аулау, көтеру (эмотивтік) т.б
тəрізді функциялары бар.
10.
Лексика (грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы,
сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер
қолданылуына қарай актив жəне пассив болып бөлінеді. Актив
сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал
пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер,
диалектілер мен кəсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы
шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы,
орыс, т.б.) тұрады. Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап
Лексика, сөйлеу тілінің Лексикасы, жазба тіл Л-сы деп бөлінеді.
Бейтарап Лексикаға барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық
сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б. Сөйлеу тілінің
Лексикасына тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, əдеби
тілде сөйлеу Лексикасы жатады. Жазба тіл Лексикасына көне дəуір
кітаби Лексикасы мен қазіргі кітаби Лексика жатады. Мазмұнына
қарай Л.: 1) есім жəне шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3)
синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді. Сипаты мен көрінісі
жағынан Лексика былайша сараланады: 1) омонимдер; 2)
омографтар; 3) омофондар; 4) омоформдар. Л. атауы тілдің сөз
байлығы деген ұғыммен қатар қаламгер тілі, көркем шығарма тілі
деген ұғымды да білдіреді. Мыс., Абай тілінің Лексикасы,
Сұлтанмахмұт тілінің Лексикасы, батырлар жырының Лексикасы,
т.б. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халықтар тілінің көпшілігінде
термин болып қалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі
арқылы келіп орнықты. Бұл термин – бір тілдегі барлық сөздердің
жинағы деген ұғымды білдіреді. Осы лексика деген терминнің
ұғымына тілдің жергілікті ерекшелігі де, сол бір тілдің диалектілері
де енеді. Лексиканың құрамына енген сөздерді тексеретін ғылым–
лексикология, мағыналарын тексеретін – этимология, сөздік жасау,
сөздерді жүйелі түрде жинау ісін тексеретін – лексикография кіреді.
Бұған фразеология да іргелесіп отырады. Қатынас құралы ретіндегі
тілдің сөздік құрамына жəне лексикалық единица ретіндегі сөздің
табиғатына қатысты жалпы лингвистикалық проблемалар бар.
Олардың қатарына тілдің лексика-семантикалық жүйесі туралы
мəселе, тілдік бірліктердің ішінде сөздің алатын орны, сөзге тəн
басты белгілер, сөз бен ұғымның ара қатынасы, сөздің лексикалық
мағыналарының түрлері, сөздің лексикалық жəне грамматикалық
мағыналарының ара қатынасы мен байланысы, лексикалық минимум
жəне т. б. мəселелер енеді. Əлемдегі кез келген тілдің сөздік құрамы,
өздерінің ежелден келе жатқан төл сөздерінен жəне басқа
халықтардың тілдерінен енген кірме сөздерден тұратындығы белгілі
жəйт. Халықтардың тарихи, экономикалық жəне мəдени
байланыстары, өмірдің түрлі саласындағы құбылыстар тілдің сөздік
қорына ықпал етіп, түрлі оқиғаларға байланысты сөздерді куə етіп
қалдырып отырады. Сол секілді халқымыздың басынан кешірген сан
қилы тарихи фокторлардың тілімізге тигізген əсері де əр түрлі
болған. Түркі тіліне араб элементтерінің енуіне түркілердің ислам
дінін қабылдауы едəуір əсер етті. Ислам дінінің түркі топырағына
жетуі VIII ғасырда басталғанымен оның кең етек жаюы X ғасырда
Қараханиттер мемлекетінің тұсында болды. Бұл дəуірде Таяу жəне
Орта Шығыс халықтарының мəдени өмірінде араб тілі халықаралық
тіл қызметін атқарған болатын. Яғни, бір кездері Батыс Европа
халықтарына латын тілі қандай қызмет атқарса, шығыс халықтары
үшін де араб тілі сондай болды. Ал парсы сөздері түркі
тайпаларының тіліне араб сөздерінен əлдеқайда ертеректе ене
бастағанын тарихи деректер көрсетеді. Б.з.д. VI-IV ғасырларда
Қазақстан территориясын мекен еткен сақ тайпаларының солтүстік
тобы түркі тілдерінде сөйлесе, оңтүстік тобы көршілес тайпалармен
иран тілі арқылы қарым-қатынас жасаған. Мəдениеті мен өнері
дамудың біршама жоғары сатысына жеткен сақ тайпалары
Персиямен тығыз қарым-қатынаста болған. Сондай-ақ VII-VIII
ғасырларда Зеревшан, Қашқадария ойпатын мекендеген соғды
тайпалары да түркі тайпаларымен қоян-қолтық араласып тұрған. М.
Қашқари да Шығыс Түркістанның оңтүстігі мен Талас, Шу
ойпаттарын мекен еткен соғдылардың екі тілде сөйлейтіндігін атап
көрсеткен. Сонымен қатар Тараз бен Аққаланың (Сайрам)
тұрғындары секілді Баласағұн қаласының тұрғындары да соғды
жəне түркі тілдерінде сөйлейтіндігін айтады [5, 45]. Демек бұл
тарихи деректер парсы сөздерінің түркі тілдеріне ене бастауы араб
сөздерінен бұрын болғандығын растайды. Түркі тілдеріндегі парсы
тілінен кірген сөздердің дені діни ұғымнан гөрі егін, су
шаруашылығына, сауда-саттыққа, құрылыс істеріне, тұрмыстық
салт-санаға, əдебиет пен өнерге байланысты. Тіптен ғалымдар парсы
тілдерінде едəуір мөлшерде араб элементтерінің бар екендігін жəне
оларды тұла бойына əбден сіңіріп төл сөздеріне айналдырып
жібергендігін, ал ол сөздердің түркі тілдеріне парсы тілі арқылы
енгізгендігін де айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |