«Lesson Study» зерттеуі бойынша 8 «ә» сыныбындағы өткізілген сабақтарым бойынша рефлексивті есеп


«Lesson Study» зерттеуі бойынша 9 «ә» сыныбындағы



бет2/2
Дата26.01.2022
өлшемі15.6 Kb.
#454866
түріСабақ
1   2
Есеп үлгі

«Lesson Study» зерттеуі бойынша 9 «ә» сыныбындағы

өткізілген сабақтарым бойынша рефлексивті есеп
9 «ә» сыныбындағы алғашқы сабағым «Қазақ әдебиеті» пәнінен Махамбет Өтемісұлы "Бағаналы терек" өлеңі тақырыбында өтіп, оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсатым: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау. Алдымен ұйымдастыру кезеңінде оқушы-лармен амандасып, сабаққа дайындықтарын тексердім, оқу мақсатын таныстырдым. Сыныпты үш топқа бөлдім. Махамбет Өтемісұлының «Бағаналы терек» өлеңінен топтарға қиындылар беріп, оқушылар мағынасына, ұйқасына қарап өлеңді құрастырды. Өздерінің құрастырғаны бойынша кімнің өлеңі, не туралы екендігіне болжам жасады. Тақтадан дұрыс нұсқасы көрсеттім, топтар өздерін тексеріп, қателескен тұстарын тапты. Әр топ өздеріне берілген үзіндіні құрылысына талдады, мағынасын түсіндірді. Бұл жұмысқа зерттеуге алынған үш оқушы С1 (Самарбек), С2 (Данияр), С3 (Аружан) үш топта жұмыс жасап, белсенділік танытты. Келесі «6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы бойынша әр топтан 1 оқушы ортаға шығып, жабулы тұрған сұрақтардың біреуін суырып, сұраққа жауап берді. Жауап бергені келесі «неліктен» сұрағын таңдады, жауап бере алмаса кезек келесі топқа беріліп отырды. Бұл жұмысқа С1 (Самарбек), С2 (Данияр) оқушылар «жақсы» деңгейде қатысса, С3 (Аружан) оқушы «жеткілікті» деңгейде қатысты. Әрі қарай «ПОПС» формуласымен оқушылар өлең мазмұны бойынша өздерінің ойын жазды. Бұл жеке жұмысқа С2 (Данияр) оқушы ғана өз ойын анық, әрі нақты жеткізе алды. Сабақ аяғында «Кеме» әдісі бойынша кері байланыс берді. Кеме – сабақтан алған әсері; Желкен – ұсынысы; Ту – сабақтағы өз жетістігі. Жазған кері байланыстарынан бұл сабақта С1 (Самарбек), С2 (Данияр) оқушылардың сабақтан айтарлықтай білім алғанын көрсем, С3 (Аружан) оқушыға әлі де көбірек назар аударып, сабаққа тартуым қажеттігін байқадым.

Ал екінші сабағым, «Қазақ тілі» пәнінен «Азаматтардың құқықтары мен бостандығы» тақырыбында өтті. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсатым: әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау; салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру. Әдеттегідей сабақты ұйымдастыру кезеңімен бастадым. Үйге берілген тапсырманы бірнеше оқушыға оқыттым. Зерттеуге алынған үш оқушы да үй жұмысын орындап келген. Қызығушылықты ояту мақсатында Сендердің адам құқықтары мен бостандықтары туралы бұрыннан білетін қандай мәліметтерің бар? Деген ойтүрткі сұрағын қою арқылы жаңа тақырыпты болжаттым. Бұл сұраққа басқа оқушылар жауап берді. Одан соң сыныпты топқа бөліп, топтық жұмыс жасаттым. Мәтінді сызбадағы мәліметпен толықтырып оқып, мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру. Топтар бұл тапсырманы орташа деңгейде орындады. Соның ішінде зерттеуге алынған оқушылар да бар. Келесі оқылым мәтіні негізінде ойды сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы аннотация немесе тезис жазу тапсырмасын жеке орындаттым. Бұл жұмысқа С1 (Самарбек), С2 (Данияр) оқушылар белсенділік танытса, С3 (Аружан) оқушы орташа деңгей көрсетті. Жұптық жұмыс бойынша ойталқыдағы пікірлерін қорытындылап, екі құрмалас сөйлем жазу тапсырмасына үш оқушы да қалыпты деңгейде қатысып отырды. Сабақ соңында «ҚҚҚ» әдісі бойынша кері байланыс берді. Берген кері байланыстарынан С1 (Самарбек), С3 (Аружан) оқушыларға аннотация жазу мен құрмалас сөйлем құрастыру аздап қиындық тудырғанын білдім. Зерттеуге алынған оқушылардың бағасы: С1 (Самарбек) 6-7 балл, С2 (Данияр) 6-8 балл, С3 (Аружан) 6-6 балл.



Жалпы «Lesson Study» тәсілі бойынша зерттеуге алынған оқушыларда оң нәтиже байқадым. Бұндай зерттеу сабақтардың оқушының сабаққа бет бұруына, ынтасының артуына аз да болса ықпал ететіндігіне тағы бір мәрте көзім жетті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет