/Декорация ауысады Карабас шығады қолында қамшысын соғып жерге, Пьеро жүгіріп шығады/
К.Б: Үстел әкел /пьеро орындық әкеледі/
/Карабас қамшысынмен тағы жерге соғады Арлекин келеді/
К.Б: Тамақ әкел. /Арлекин тарелкаға әкеледі/ Кет.!!!
/ Карабас тарелканы иіскеп, тамақты жейін деп жатқанда дыбыс естіледі/
К.Б: Кім екен бұл қолайсыз ауа райында келген.
Дуремар: Бұл мен Дуремар. Емдік сүліктердің сатушысымын. Мырза еш жеріңіз ауырып тұрған жоқ па. Мен сізге барлық дертке дауа бір дәрі бергім келіп тұр. Бар болғаны 5 -ақ алтын ақша.
Батпақтағы сүліктер. Бақа шаяндар. Ауырған жеріңе қойсаңыз бірден сауығып кетесіз.
К.Б: Кетшей жоғал. / қуады./ маған ешқандайда бақа сүліктерің керек емес. /отырып тамақ жуге кіреседі/
Дуреман: Ох саудам онша жүрмей жүр.
Карабастың алдына келіп отырып, тұрып жаттығу жасайды. Ол қарайды/
Дуремар: Ешкім түсіне бермейді батпақтың емдік шөптерін. Олар өтее пайдалы. Мырза мен сізге тек 5 -ак алтын ақшаға бере саламыз. Немесе алдыңыздағы тағаммен айырбастаймын.
К.Б: Кет жоғал оңбаған. /қуады, ол қайтадан келеді/
Дуремар: Мырзаа мен сізге үлкен бір құпияны ашсам деймін.
К.Б: Әлемде тек бір ғана құпия бар. Соны білгім келеді болды. Қалғанына түкіргенім бар.
Дуремар: Білемін ол Тартилла тасбақаның құпиясыыыы.
/Карабас қолындағы шаныщқыны түсіріп алады. Дуремар шанышқын алып қояды./
К.Б: Қымбатты Дуремар, жақсы Дуремар. /шанышқыны алып қоюға тырысады/
Кәне айтша маған сол құпияңды. /дуремарға етін жеуге мүмкіндік бермейді/
Дуремар: Мен батпақта жүр едім
К.Б: Ия, Сонымен /Дуремардың қолынан ұстап тұрады, тағамды жегізбеуге әрекет жасап/
Дераман: Сол баяғыдай бақа шаяндарды аулап жүргенмін.
Достарыңызбен бөлісу: |