Пьеро: Мальвина. Көгілдір көзді, сұлу қыз.
Арлекина: Ол қызды ойлап миыңды ашытпау үшін сені ұрып жіберейін бе? Бәрін ұмытып қаласың.
(ұруға әрекет жасап тұрғанда Буратино жүгіріп шығады)
Буратино: Тоқта, тоқта. Не істеп тұрсың. Достарды ренжітуге болмайды. Кәне таяғыңды бер.
Арлекина: Бермеймін.
Буратино:Бер деймін.
Арлекина: Бермеймін.
Буратино: Бересің деймін. Қап бәлем қоя тұр.
(екеуі төбелесіп кетеді. Буратино таяқты тартып алады. )
Арлекина:Қатырады екенсің. Сен өзің кімсің?
Буратино: Сен не мені танымайсың ба?
Арлекина: Жооқ.
Буратина: Балалар айтыңдаршы менің атым кім. Кәне бірге. БУ рА тИ Но.
Балалар: Буратино.
Пьеро: Сен сол әлгі көңілді Буратиносың ба ?? /қуанып/ Арлекина:Алақай.Біз сені қатты күтік. Сәлем /Буратиномен амандасады/ Буратино: Сәлем: / еекеуімен де амандасады./ Неге сендердің мерекелерің өте көңілсіз.
Пьеро: Крабас Барабас балалардың көңілді болғанын ұнатпайды.
Буратино: Ха. Мен онда дәл келіппін ғой. Сендердің көрермендерің ұйықтайын деп қалғып отыр. Ал, біз оларды көңілді әнмен оятамыз.
Арлекина: Саған айтқан жоқпыз ба. Карабас барабас көңіл көтергенді ұнатпайды.
Буратино: Шыныбен бе?
Арлекина: Айтып тұрмын ғой, ұнатпайды деп.
Буратионо: Ештеңе етпейді. Ол бізді естімейді. Дайындаламыз. Кәне бізбен бірге қайталаймыз. Қолдарымыз қайда??
( Банан биіне билейді ) Би «БАНАН »
(үрейлі әуен ойналады, Карабас барабас қолында қамшы ашуланып кіреді)
К. Б.: Кім? Кім біздің коммедиямыздың шырқын бұзған. Сен кімсің?
Буратино: Мен Буратинамын. Мырза сіздердің коммедияларыңыз дымда қызық емес.