Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс


Үлгермейтін оқушылардын оқуға қалыпты көзқарасын қалыптастыру жөніндегі жұмыс жүйесі



бет2/6
Дата01.03.2024
өлшемі75.37 Kb.
#493709
1   2   3   4   5   6
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс баяндама

Үлгермейтін оқушылардын оқуға қалыпты көзқарасын қалыптастыру жөніндегі жұмыс жүйесі.

№ 1 кесте






Бірінші кезең


Екінші кезең


Үшінші кезең


Төртінші кезең

Оқу материалдарының мазмұнына көзқарас.


Ең оңай қызықты материал. (маңыздылығына қарамастан)


Маңызы бар материал .


Маңызды, негізгі, бірақ қызықсыз материал.


Нәтижесін бағалау.


Оқу үрдісіне көзқарас.


Мұғалім әрекет етуші, оқушы қабылдаушы.


Мұғалім жетекшілік атқарады. Оқушы үрдістің жекеленген кезеңдерінде ғана қатысады.


Оқушы жетекшілік етеді, мұғалім үрдістің жекеленген кезеңдерінде ғана қатысады.


Оқушы өз бетімен әрекет етеді.


Өзіне, өз күшіне деген көзқарас.


Көп күшті қажет етпейтін жұмыстар, қол жеткен табыстарын мадақтау.


Азғантай күш қажет ететін жұмыстар, қол жеткен табыстарын мадақтау.


Көп мөлшердегі күшті қажет ететін жұмыс, қол жеткен табыстарын мадақтау.




Мұғалімге (ұжымға) көзқарас.


Бейтараптық


Мейірбандылық көңіл бөлу, көмек беру, жаны ашу.


Көмек беру мен қатар өзіндік пікірі-нің болуы




Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор, өйткені сол арқылы оқушылардың іс-әрекетінің дербестігі артады.

Бұл туралы А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігін ұзақ жолды қысқару үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей, кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасы, оны ұйымдастырудың тәсіл - амалдары туралы педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі пікірлер айтылады. Профессор Р.Г.Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты: оқушылардың істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі; жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы: Жұмысты оқушылардың өз еркімен қалауымен орындауын көздеу керек.

Оқушылардың өзіндік жұмысына тән негізгі сипаттарды анықтап беру қажет. Бірден ескертетініміз: Ол күрделі әрекет болғандықтан, бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: Мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі:

Жұмысты орындаудың және аяқталудың уақытын белгілеуі, мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы, олардың жұмысты өз еркімен және қолдауымен істеуі, оған әсер ететін мотивтер және т.б.

Оқушылардьң өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік жұмысының жоғарғы формасына, олардың өз еркімен жаңа амал- тәсілдері қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары да жатады.

Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Осыған орай, олардың дербестігі, ең алдымен, белсенділікке байланысты, ол белсендік дербестікті қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті

оның белсенділігін арттырады. Бұл екі термин өзара ұқсас болғанымен, олардың мазмұнында айырмашылық бар.

Қысқаша айтқанда, бұлар бір мағынадағы ұғымдар емес.

Белсенділік-дербестікке қарағанда мағынасы кең ұғым.

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда халық педагогикасының үлгілерін қолданудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр..

Бізге мәлім, мектеп есігін алғаш ашқан балалардың жас шамасы қатар болса да, түсінуі, құбылысты қабылдау қабілеттері әр түрлі. Мысалы, біреуі сыпайы, тәртіпті, тіл алғыш, сезімтал, бір нәрсені тез меңгеріп кете алса, енді бірі самарқау, айтқанды қиын қабылдайтын, ал енді біреуі жалқау болып келеді. Өйткені олар әр жанұядан, түрлі дайындықпен келеді. Соның нәтижесінде әр сыныпта азда болса (сабаққа ынтасы төмен) үлгермейтін оқушылар кездеседі.

Мұндай оқушыларды толық үлгерімге жеткізу - мұғалімнің қиын да абыройлы міндеті. Бұл міндетті орындау үшін біріншіден, оқу сапасын арттырып, теория мен практиканы ұштастыра отырып, әр уақытта газет-журналдарда жарияланған методикалык жаңалықтарды, озат тәжірибені, жаңашылдар әдісін (Ш.А.Амонашивили, С.Н.Лысенкова т.б.) өз сабағында мүмкіндігінше пайдалану қажет.

Екіншіден, әр оқушының өзіндік ерекшелігін, тұрмыс жағдайын ескеріп ата-анасымен тығыз байланыс жасаймыз. Сонымен бірге, оқушыны зерттеп, олардың білімдерін есепке алуды басты мақсат еттік. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізгенде мынадай ұйымдастыру шараларының көп көмегі тиді.

- Топқа бөліп оқыту әдісін жиі пайдаланамыз. Оқыған оқушылардың


мінез-құлқы, ынтасы, білім деңгейі өзімізге белгілі. Сол қорытынды
бойынша оқушыларды топқа бөлеміз. 1 топ – “өте жақсы”; 2 топ –
“жақсы”, 3 топ – “орташа”, 4 топ - үлгерім дәрежесі төмен оқушылар.
Жоғары үш топпен жүргізілетін жұмысқа тоқталмай, соңғы білім

дәрежесі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түріне тоқталмақпыз.

1-сыныпта оқытудың басты міндеті балаларды оқуға жазуға және санауға үйрету. Басқа жұмыстар осы мәселелерге негізделіп жүргізіледі.

Бұл топта төрт оқушы бар. Екеуі даярлықта оқымаған. Осы төрт оқушының біреуі әліппеден де, математикадан да нашар. Жұлдызай деген оқушы өткен дыбысты, санды менімен қосылып айтады, сәлден кейін сұрасам ұмытып қалады.

Осы оқушылармен сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда жұмысты төмендегіше жүргіземіз.

1. Сабақ үстінде:

а) үлгерімі төмен оқушылардан жиі-жиі сұрау, сабақ үстінде оларға барынша
мүмкіндік тудыру. Ол үшін: берілетін білімді түсіндіріп айту, оңтайландыру,сұраққа толық жауап алу, жазуға үйрету, жазбаша салыстыру.

ә) жолдастарының берген дұрыс жауаптарын жиі қайталатып өз қателерін түзеттіру.

б) сол пәнді өте жақсы білетін жолдастарының көмегін ұйымдастыру.

2. Сабақтан тыс уақыттарда:

а) өзіндік жұмыстың пайдасы көп, оқушыларға жеңілдетілген үлестірмелер, қызықты тапсырмалар беріп, көбірек сөзге, іске тартып белсенділігін арттыру. Мысалы: Әліппе кезеңі - сауат ашудың негізгі кезеңі. Бұл кезеңде оқушы оқу мен жазуды жүзеге асырады. Осыған орай үлгерім дәрежесі төмен оқушыларға тапсырманы жеңілден бастап біртіндеп күрделендіру көзделеді.

Ұлы педагог К.Д.Ушинский: “Егер сіз бір сөз айтудың өзі қиын соғатын сыныпқа кірсеңіз, жұмысыңызды сурет көрсетуден бастаңыз, сонда сынып сөйлей жөнеледі”, - дейді.

Балаларға, әсіресе үндемейтін, тұйық оқушыға суреттің, суретті үлестірмелердің әсері зор. Суретті бала көзімен көріп, көңіліне тоқиды, сол заттардың түсін, бейнесін есіне сақтайды.

С.Н.Лысенкованың іс-тәжірибесінен тірек схемасын пайдалана отырып, сөйлем құрату. Бұл оқушыны “қателесіп қаламын ба”, не “артық сөз айттым ба?” деген сезіктенуден сақтайды, балаларды дәл ойлауға бағыттайды.

1.Үлестірме бойынша суретке қарап үш сөзден тұратын сөйлем құрайды.

2.Әр заттың бастапқы дыбысын астындағы тор көзге жазып, шыққан сөзді


оқып дауысты дыбысты атау.

3.Әуелі суреттегі затты атайды. Бірінші қандай дыбыс екенін біліп, орын


ауысқан дыбыстарды реттеп дұрыс құрап шығуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет