Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілген жұмыс есебі 2020-2021 оқу жылы



Дата23.09.2022
өлшемі18.76 Kb.
#461197
тәуелсіздік тақпақ




Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілген жұмыс есебі

2020-2021 оқу жылы



Мақсаты: Үлгерімі төмен оқушылармен түрлі жұмыстар жүргізу арқылы оқу үлгерімін арттыру. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу; Үлгерімі төмен оқушылардың оқу техникасын, шығарма жазуға қабілеттерін, оқу сапасын көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әріптердің дұрыс оқылуын қалыптастыру;
Үлгерімі төмен оқушылар әр сыныпта кездеседі. 2 «Б» сыныбында Вершинина Нелли, Баранник Артем сияқты оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша үлгерімі төмен. Сабақ жүргізу барысында жаттығуды көшіру,жауапты қайталау, сияқты тапсырамалар беремін. 2-3 рет үй тапсырмасын орындамай келсе,күнделікке ескерту жазу арқылы жұмыс жүргіземін,тиісті бағаны қоя отырып,сынып жетекшісіне ескертемін. Соның нәтижесінде оқушы оянып,әлі жеткенше тапсырмаларды орындап келеді.
Жаңа тақырыпты үйрену барысында үлгірімі төмен оқушылардың зейінін тақырыптың маңызды, қиындау бөлімдеріне аудару, оларға жиі сұрақтар қойып, түсінгендерін сұрап , ынталандыру . Аталған осы оқушылармен І тоқсан бойы жұмыстар жасалады. Өздігінен жұмыс істеу барысында қателерін түзетуге арналған жаттығу үлгілері, кесте түрінде тапсырмалар берілді. Күш салып, орындаған жұмыстарынның дұрыс жерлерін айтып,мақтау сөздер айтылып отырды. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасауға қажетті жағдайлар мен ұсыныстарды есте ұстап,сұрақтарға , тапсырмаларға жазбаша түрде жауаптар алынды. Білім сапасы төмен оқушылармен жұмыс жүргізіп, өз жұмысымда әр түрлі бақылау формаларын: қарапайым тапсырмалар, деңгейлік тапсырмаларды орындатамын. Өзіне сенімі жоқ, үлгерімі төмен оқушыны қолдап-қуаттау қажет.
Бұл оқушылардың тілдері орысша, психологиялық реттілігі төмен, өз әлемі бар және басқа дүниеге оңайлықпен үйрене қоймайды, тұйық, балалардың ашылуына тек шығармашылыққа бағытталған сабақтар ғана әсер етеді.
Ата-анасымен және сынып жетекшісімен байланыстамын. Сауаттылық жағынан жазба жұмыстарын көбірек жаздырту мақсат етілді Пәнге қызығушылығы мүлде төмен. Үнемі жеке жұмыс жүргізуді қажет етеді. Ойын жеткізуінде сенімсізік, кемшілік ерекше байқалады. Грамматикалық сауаттылығ өте төмен. Барлық дүниеге ұнасын, ұнамасын келісе береді, бұл оқушының өзіндік пікірі әлі қалыптаспағанын байқатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет