Үлгілік нормалар мен еңбек нормативтерін бекіту туралы



бет1/3
Дата01.07.2016
өлшемі454.05 Kb.
#169997
  1   2   3


Үлгілік нормалар мен еңбек нормативтерін бекіту туралы
Еңбек кодексінің 117-бабы 2-тармағына сәйкес және еңбекті нормалауды жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған:

1) Әкімшілік және қоғамдық ғимараттарға қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлер санының үлгілік салааралық нормативтері;

2) Іс қағаз жүргізу қызметімен айналысатын қызметкерлер уақытының үлгілік салааралық ірілендірілген нормалары бекітілсін.

2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А. Ә. Сарбасов) осы бұйрықты Министрліктің веб-сайтына жариялауды қамтамасыз етсін.

3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК осы бұйрық бойынша туындайтын мәселелерді қарап, шаралар қабылдасын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Министр Г. Әбдіқалықова

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2009 жылғы «31» желтоқсан

401-п бұйрығымен



БЕКІТІЛГЕН
ҰЗАРТЫЛДЫ:

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау вице-министрі

__________________________________

_______________________________

_________



Ұзарту мерзімі

______________ ______________ дейін
ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҒИМАРАТТАРДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР САНЫНЫҢ САЛААРАЛЫҚ

ҮЛГІ НОРМАТИВТЕРІ

Астана

2009 ж.


ӘЗІРЛЕГЕН: «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК

МАЗМҰНЫ
Түсіндірме сөздік 4



КІРІСПЕ. 5

1. Жалпы бөлім 6

2. Еңбекті ұйымдастыру .9

3. Нормативтік бөлім .10

3.1.Гардеробшылар санының нормативтері .10

3.2. Рұқсаттама бюросы қызметкерлері санының нормативтері .10

3.3. Лифтёрлер санының нормативтері ……………. .11

3.4. Ғимараттың инженерлік жабдықтарын жөндеумен айналысатын және оларға күтім жасайтын жұмысшылар санының нормативтер...............……………….……………………....12

3.4.1. Санитарлық-техникалық жұмыстар ………………………………….…………………...12

3.4.2. Электр желілері мен электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі жұмыстар...….………….13

3.4.3. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы жөндеу жөніндегі жұмыстар..………….14

3.4.4. Пісіру жұмыстары …………………………………………………………………………..14

3.4.5.Коммуникациялық коллекторлар күтімі жөніндегі жұмыстар.………………….………..14

3.5. Ғимараттардың құрылымдық элементтерін жөндеумен айналысатын жұмысшылар санының нормативтері ...………………………………………………………………….……….15

3.5.1. Төбе жабын жұмыстары .......…………………………………………………………….…16

3.5.2. Сырлау жұмыстары………………………………………………………………….……....17

3.5.3. Ағаш шеберлік жұмыстары...……………………………………………………….……....17

3.5.4. Әйнектеу жұмыстары .…………………………………………………………….…….….18

3.5.5. Сылақ жұмыстары ...………………………………………………………………….……..18

3.5.6. Ағаш ұсталық жұмыстары...………………………………………………………………...18

3.5.7. Әртүрлі жұмыстар…………………………………………………………………….……..19

3.6. Желдету жабдықтарына күтім жасайтын және жөндейтін жұмысшылар санының нормативтері...............…………………………………………………………………..20

3.7. Газ тәрізді, сұйық отынмен және электрмен қыздыру арқылы жұмыс істейтін қазандықтар күтімімен айналысатын жұмысшылар санының нормативтері.......…………………………….21

3.8.Қатты отынмен жұмыс істейтін қазандықтардың күтімі ....………………………………...22

3.9. Күзетшілер (вахтер) санының нормативтері…..………………………………………........ 24

3.10.Диспетчерлік қызмет..............………………………………………...……………………...24

3.11. Қарапайым құрылғыларды қолдана отырып орындалатын жүк тиеу - түсіру жұмыстары... ....………………… ....………………… ....………………… ....…………………..25

3.11.1. Автокөлікке таралық-қаттама және дара жүктерді тиеу немесе түсіру ..................…....25

3.12. Байланыс жүйелерін пайдаланумен айналысатын жұмысшылар санының нормативтері ....................................................................................................................................………….........26

3.13. Қызметтік үй-жайларды тазалаушылар қызметтерінің нормалары ....……..…………….28

3.13.1.Механикалық жинаудағы қызметтер нормалары…………………………………………30

3.14. Аула тазалаушы (аула сыпырушы) қызметтерінің нормалары ..………………..…..…....31



1-қосымша .....……………………………………………………………………………………....34

2-қосымша.......……………………………………………………………………………………...35

3-қосымша......………………………………………………………………………………………37

4-қосымша......……………………………………………………………………………………....38

5-қосымша.......……………………………………………………………………………………...39
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
Осы нормативтік құжаттада мынадай қысқартулар пайдаланылды:

ТМҚ

Тауар-материалдық құндылықтар

НЗ

Негізгі заттар

ЕҚ, ТҚ

Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі

ЖЖМ

Жанар-жағар материалдар

ҒЗИ

Ғылыми-зерттеу институты

ҒЗЖ

Ғылыми-зерттеу жұмысы

ҒТК

Ғылыми-техникалық кеңес

ДК

Дербес компьютер

ОЕНБ

Орталық еңбекті нормалау бюросы

БТБА

Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы

АТС

Автоматты телефон станциясы

АҚ

Ағымдағы қызмет

АЖ

Ағымдағы жөндеу


КІРІСПЕ
Жинақты «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК (бұдан әрі –

ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ) әзірледі.


Осы жинақ сандық нормативтерден, уақыт нормаларынан тұрады және әкімшілік әрі қоғамдық ғимараттарда қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің қажетті санын анықтауға және оларды негіздеуге арналған.

Еңбек жөніндегі салааралық нормативтер мен әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ кәсіпорындар мен ұйымдардың өтінімдері бойынша жүзеге асырады.



Жалпы бөлім
1.1. Осы сандық нормативтер әкімшілік және қоғамдық ғимараттарда қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің қажетті нормативтік сандарын, уақыт нормаларын, қызметтерінің нормаларын белгілеу және негіздеу үшін әзірленген.

1.2. сандық нормативтерді әзірлеудің негізіне мыналар салынған:

– хронометражды байқаулар деректері;

– техникалық есептемелер;

Жинақты жасағанда мынадай нормативтік материалдар пайдаланылған:

– Су құбыры – кәріз шаруашылығы басшылары, мамандары, қызметшілері мен жұмысшылары санының нормативтері (Алматы 1997 ж.);

– Қоғамдық ғимараттарға (басқарма ғимараттары мен конструкторлық және жобалау ұйымдары) қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар санының нормативтері. (М., ЦБНТ, 1988 г.);

– Спорт құрылыстарының техникалық күтімімен айналысатын қызметкерлер санының нормативтері. (М., ОЕНБ, Экономика, 1986 ж.);

– Сауықтыру кешендері қызметкерлері санының нормативтері. (М.: Экономика, 1990 ж.);

– Әкімшілік, оқу және қоғамдық ғимараттарға қызмет көрсетудің еңбек нормалары. (Минск қаласы, БР Еңбек ҒЗИ, 2003 ж.);

– Тұрғын үй, су құбыры - кәріз және энергетика шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегін нормалау және еңбегіне ақы төлеу жөніндегі ұсыным. (М., 1993 ж.);

– Мәдени – тұрмыстық мақсаттағы объектілер мен қоғамдық ғимараттарда қызмет көрсетумен және оларды жөндеумен айналысатын қызметкердің еңбегін нормалау жөніндегі ұсыным. (Мәскеу, 2005 ж.)

- Автокөлік кәсіпорындарындағы қосымша жұмыстармен айналысатын жұмысшылар санының салааралық нормативтері (М., 2006 ж.);

- Энергетикалық шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегін нормалау жөніндегі ұсыным. (М.1999 ж.)

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың қосымша жұмыстарындағы еңбек нормалары. (М, 2006 ж.)

1.3. Жұмысшылар кәсіптері мен қызметшілер лауазымдарының атаулары Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, Басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес келтірілген.

1.4. Жинақта келтірілген "дейін" деген сандық мәндердің шектерін қоса алғанда деп түсіну керек.

1.5. Сандық нормативтерде дайындық-қорытынды жұмыстарға, демалысқа және жеке мұқтаждыққа кеткен уақыт ескерілген.

1.6. Егер жабдықтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына осы нормативтермен көзделгеннен аз мөлшерде қызметкерлер күтім жасаса және бұл ретте, техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, жұмыс технологиясы мен сапасы ережелерінің талаптары орындалса, қызметкерлердің іс жүзіндегі саны сақталады.

Қызмет көрсету учаскелері бойынша қызметкерлердің саны өндірістік қажеттілікке байланысты бөлінеді.

1.7. Жинақтың нормаларымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелеріне сәйкес жұмыстарды орындау көзделген.

1.8. Сандық нормативтерде тәулігіне немесе ауысымда қызмет көрсететін персоналдың тізімдік саны қарастырылған. Инженерлік қызметтердің жұмысы үшін 8 сағаттық ауысым ұзақтығымен ауысымда қызметкерлердің келу саны қарастырылған.

Жұмысшы персонал санын белгілегенде жұмыс уақытының орташа айлық нормасы жылдық жұмыс уақытының балансына сәйкес.

Нақты жұмыс түрі бойынша жұмысшылардың тізімдік саны (Стіз) мына 1-ші формула бойынша белгіленеді:

Стіз = Ск x Кш, (1)

мұндағы: Стіз – тізімдік саны;

Ск – келу саны,

Кш = 1,1 - барлық кәсіптер үшін демалыстар кезінде, ауруы және т.б. бойынша жоспарланып отырған коэффициенті.

Әрбір кәсіп бойынша олар болмаған уақытта міндеттерін орындау талап етілетін жұмысшылар санын белгілеу кезінде демалыс уақытында ауруы және т.б. бойынша жоспарланған шықпаулар коэффициенті есептеледі.

Кш = 1 + (2)

Қызметтер нормаларын пайдалану кезіндегі келу саны 3 формула бойынша белгіленеді:

Ск = + + + , (3)

мұндағы: Q1, Q2, Q3, …Qn – жекелеген жұмыс түрлерінің көлемі;

Нo1, Нo2, Нo3 …Ноn – тиісті жұмыс түріне арналған қызметтердің нормалары.

4 формула бойынша белгіленген жинақта келтірілген уақыт нормаларын пайдаланғанда:

Ск = , (4)

мұндағы: Ен – нормалармен қамтылған жұмыс түрлері бойынша нормативтік еңбек сыйымдылығы;

Қж – есептеу кезеңінде бір жұмыскердің жұмыс уақытының жоспардағы пайдалы қоры.

Нормативтік еңбекке сыйымдылық 5 формула бойынша белгіленеді:

Ен = Нуақ x V, (5)

мұндағы: Нуақ – нақты нормаланатын жұмыс түрі көлемінің бірлігін орындауға жұмсалатын уақыт нормасы;

V - есептеу кезеңінде орындалатын нақты жұмыс түрінің көлемі.

1.19. Жинақтардан, ұйымдастыру-техникалық шарттардан көзделгеннен өзгеше қолданылса, сондай-ақ жинақта қарастырылмаған жұмыстарды орындағанда, жергілікті техникалық негізделген нормаларды әзірлеу немесе басқа да нормативтік-әдістемелік құжаттарды қолдану ұсынылады.



2. Еңбекті ұйымдастыру
2.1. Ұйымдар мен кәсіпорындарда жұмысшылардың қызметі құрылымдық бөлімшелер туралы ережемен, лауазымдық нұсқаулықтармен регламенттеледі. Жабдықтарға күтім жасау жөніндегі жұмысты тиісті құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырады.

2.2. Жұмысшылардың жұмыс орындары оларда еңбекті ұйымдастырудың үлгілік жобаларына ұйымдастырылуы тиіс.

2.3. Жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі талаптарына және өнеркәсіптік санитария және гигиена ережелеріне сәйкес келуі тиіс.

3. Нормативтік бөлім

3.1. Гардеробшылар санының нормативтері

Кәсіптің үлгілік атауы: гардеробшы

Үлгілік жұмыс құрамы:

Қызметкерлердің және ғимаратта орналасқан ұйымға келушілердің сыртқы киімін және басқа да ұсақ жеке заттарын қабылдап алу, сақтау және беру. Сыртқы киімдер мен заттарды қабылдап алған кезде гардеробшы киім иесіне жетон береді, заттар жетонды көрсеткенде беріледі. Ауысымды тапсырғанда гардеробшы гардеробта болған барлық заттар мен нөмір белгілерін қабылдап алады.

1-кесте

Гардеробтағы орындар саны

Сандық нормативтер (ауысымда 1 гардеробқа келетін адам )

100-ге дейін

0,86

101-200

0,97

201-300

1,18

301-400

1,39

401-500

1,60

501-600

1,81

601-700

2,02

701-800

2,23

801-900

2,44

901-1000

2,65

1001-1100

2,86


3.2. Рұқсаттама бюросы қызметкерлері санының нормативтері

Лауазымдардың үлгілік атауы: рұқсаттама бюросының меңгерушісі, рұқсаттама бюросының кезекшісі.

Жұмыстардың үлгілік құрамы: Бір реттік рұқсат қағазын толтыру және беру. Келушінің өтінімі мен жеке куәлігінің (паспортының) негізінде рұқсат қағазының бланкісіне келушінің тегі, аты, әкесінің аты, рұқсат қағазының берілген күні мен уақыты жазылып, мөр басылады. Компьютер болғанда рұқсат қағазының бланкісіне келушілердің жеке куәлігінің (паспортының) деректері енгізіледі, бланк принтер арқылы басылып шығарылады. Журналда тіркеу. Келушіге рұқсат қағазы бланкісін беру. Рұқсат қағаздарын беру тізілімін жасау.

2-кесте


Операциялардың атауы

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы, с

Бір реттік рұқсат қағаздарын толтыру және беру

Рұқсат қағазының

бір бланкісі



0,05


3.3. Лифтёрлер санының нормативтері
Кәсіптің үлгілік атауы: лифтёр

Үлгілік жұмыс құрамы:

Лифтерлердің міндетіне лифттердің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау, сондай-ақ жолаушылардың пайдалану ережелерінің орындалуын тексеру кіреді.

Лифті жұмыс істер алдында телефонның немесе авариялық сигнал берудің жұмысын тексереді, жинау құралдарын жеткізеді, лифт кабинасын ашады. Жолаушыларсыз, әрбір қабатта тоқтап, лифтінің жүруін, сондай-ақ «тоқтату» кнопкасының жұмыс істеуін тексереді. Ақаулары анықталған жағдайда лифтер лифтіні сөндіреді және ол туралы лифтінің механигіне және әкімшілікке дереу хабарлайды, лифтінің журналында ақаулары туралы жазу жазады. Сол журналда түзетулер және лифтіні пайдалануға рұқсаттар туралы белгі жасалады.

Жұмыс аяқталғаннан кейін лифтер төменгі қабатқа кабина қояды, кабинаның мотор-генераторын және кабинаның жарығын сөндіреді, шахта есігін жабады, өзінің кетуін журналға белгілейді. Лифтер бақылау, техникалық тексерулер жүргізу кезінде қажетті көмек көрсетеді.

Лифтерлер үшін мынадай екі тәсілмен лифтілерге күтім жасауға байланысты сан нормативтері белгіленген: бірінші жағдайда - лифтер лифті кабинасына кіреді және ауысым бойы үнемі лифтінің ішінде болады; екінші жағдайда - лифтер төменгі қабаттағы алаңда қадағалау пунктінде болады (лифтіні жолаушылардың өздерінің қолдануына бергенде). Лифтілерге күтім жасау тәртібі Лифті қондырғылары мен оларды пайдалану қауіпсіздігі ережесіне сәйкес жер жерлерде лифтілерге күтім жасау тәртібі орнатылады. Лифтілердің санын белгілеу үшін мыналарды анықтау керек:

ғимараттарда қолданыстағы лифтілердің санын (бұл ретте резервтік лифтілер лифтерлерді есептегенде ескерілетін жалпы санына енгізілмейтіндігін ескерген жөн);

лифтілерге күтім жасау тәртібін (лифтіні өздігінен пайдалану немесе лифті кабинасында болу);

әрбір лифтінің ауысымдық жұмысын. Лифтілердің белгіленген саны мен олардың жұмысының ауысымдығы бойынша лифтерлердің келу санын белгілейді.

Лифтерлер санының нормативтері:

а) бір ауысымда лифті кабинасында болу - 1 ад.;

б) ауысымда лифтілерді өздігінен пайдаланғанда 1 постыға - 1 ад.
3.4. Ғимараттың инженерлік жабдықтарына күтім жасау және жөндеумен айналысатын жұмысшылар санының нормативтері
Еңбекті ұйымдастыру және жұмыстар технологиясы

Жұмысшылар ғимараттың инженерлік жабдықтарын (жылу жүйелерін, сумен жабдықтауды, суды ағызуды, электр жарығын беруді, электр жабдықтарын, бақылау-өлшеу аспаптарын және осы жабдықтарға орнатылған автоматты қондырғыларды, желдеткіш және түтінді жою жүйелерін) пайдаланудың қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді.

Инженерлік жабдықтардың техникалық жай-күйін бақылау қазіргі заманғы техникалық диагностика құралдарын пайдалана отырып, тексеру жүргізу жолымен жүзеге асырылады. Ағымдағы жөндеудің жоспарына енгізу үшін жұмыс көлемдерінің көлемі нақтыланатын жалпы тексерулер жылына екі рет жүргізіледі.

Ішінара тексерулер жүргізу кезінде тексеруге кететін уақыт ішінде жойылуы мүмкін ақаулары жойылуға тиіс.

Техникалық күтім жасау жабдықтарды пайдалану кезеңі бойы үнемі жүргізілуі тиіс.

Инженерлік жабдықтар жүйелерін ағымдағы жөндеу оның уақытынан бұрын тозуын болдырмау мақсатында жоспарлы - алдын алу жұмыстарды, сондай-ақ пайдалану барысында туындайтын ұсақ зақымдарын жою жұмыстарын жүргізу керек.

Жабдықтардың зақымдалған жерлерін және ақауларын дұрыстауға байланысты жұмыстар әкімшіліктің өтінімдері мен нұсқаулары бойынша орындалады.
3.4.1. Санитарлық-техникалық жұмыстар

Кәсіптің үлгілік атауы: слесарь-сантехник.

Үлгілік жұмыс құрамы:

Жылу берілетін маусым басталар алдында ғимараттардың инженерлік жабдықтар мен коммуникациясын қарауды (тексеруді), сондай-ақ ақауларын анықтап және оларды жою мақсатында авариялық зақымдардан, өрттен, апатты сипаттағы құбылыстардан кейін тексеру жүргізу. Сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріндегі ақауларды жою функцияларын қанағаттанарлық қамтамасыз ету, төселгіштерді ауыстыру, су бөлу және су алу арматураның тығыздамаларын тығыздау, су ағынын бітеу, су ағатын жерді тығыздап бітеу. Су шығатын жерді құдыққа дейін тазалау. Сантехаспаптардың су ағатын жерлерін бітеу немесе су ағызатын икемді тетіктерді ауыстыру, сифондардың шығару, қотарып құю тетіктерін, сантехаспаптарға жалғататын құбырлардың бөліктерін, унитаздың резеңке манжеттерін ауыстыру, құбыр кеңдігін нақыштау, су ағызатын ыдысты ретке келтіру және су ағуын болдырмау, сантехаспаптарды бекіту. Ішкі кәріз бен сантехаспаптардың бітеліп қалуын болдырмау және кәріз тартпаларының дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Олардың қанағаттанарлық жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жылу беру және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің (құбырлардың, аспаптардың, арматураның, кең бәктердің) ақауларын, жылытылмауын, ауа кіруін жоюға байланысты жүйелерді баптау және реттеу, су аққанда жылыту аспаптарын, сүлгі кептіргіштерді ауыстыру, құбырлар мен аспаптарды бекіту, құбырлардағы жылу оқшаулауды, арматураны ретке келтіретін кең бәктерді қайта қалпына келтіру. Жылыту жүйесін жөндеу, жуу және гидравликалық сынақтан өткізу. Жылу қоспаларын, элеватор және жылу тораптарын бақылау-өлшеу аспаптарымен жабдықтау. Суару жүйелерін консервациялау, қайта консервациялау және жөндеу. Суару жүйелерінің қосымша желілерін орнату. Ұйым әкімшілігінің өтінімдері бойынша ақауларды жою жөніндегі жұмыстарды орындау.


3.4.2. Электр желілерін және электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі жұмыстар

Кәсіптің үлгілік атауы: жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер.

Үлгілік жұмыс тізбесі:

Маусымдық пайдалануға дайындық кезеңінде (көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдер) электр желілері мен электр жабдықтарын қарауды (тексеруді), сондай-ақ ақауларын анықтап және оларды жою мақсатында авариялық зақымдардан, өрттен, апатты сипаттағы құбылыстардан кейін тексеру жүргізу. Қызметтік және қосымша үй-жайлардың (баспалдақ торшаларын, вестибюльдердің, жертөлелердің, шатырасты орынжайлардың) электр жабдықтарын жөндеу. Таратқыш қалқандарды және кірме-таратқыш қондырғыларды жөндеу. Шамдарды жөндеу және ауыстыру. Қыздыру және люминесценттік шамдарды ауыстыру. Автоматтарды, пакетті ауыстырып қосқыштарды, қорғаныш сөндіру құрылғыларын (ҚСҚ), сөндіргіштерді ауыстыру. Жекелеген жергілікті электр сымын ауыстыру. Жертөлелердегі, техникалық қосалқы орынжайлардағы, техникалық дәліздердегі жарылыс қауіпсіздігі тәртібімен жарық жүйесін қайта қалпына келтіру. Үйдегі және көшедегі жарық беру жабдықтарын пайдалану. Ұйым әкімшілігінің өтінімдері бойынша ақауларды жою.


3.4.3. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы жөндеу жөніндегі жұмыстар

Кәсіптің үлгілік атауы: бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөнендегі слесарь.

Үлгілік жұмыс тізбесі:

Бақылау-өлшеу автоматты және өзге де аспаптар мен механизмдерді жөндеу, жинау, ретке келтіру, сынақтан өткізу, оңдау, монтаждау, баптау және тапсыру. Біріктіру схемаларын жасау және монтаждау. Аспаптарды сырлау. Әртүрлі дәнекерлегіштермен дәнекерлеу. Релелік қорғаныш қондырғыларын, электрлік автоматика, телемеханика қондырғыларын икемдеу және баптау. Аппаратура жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Барлық бақылау-өлшеу аспаптарының, автореттегіштер мен қоректендіру автоматтарының барлық түрлері нақтылығының сыныптары бойынша ретке келтіру және тексеру. Ақаулар ведомостерін жасау және аспаптар мен автоматтарға паспорттар мен аттестаттар толтыру.



3.4.4 Пісіру жұмыстары

Кәсіптің үлгілік атауы: электр-газбен пісіруші.

Үлгілік жұмыс тізбесі:

Пісірілетін жіктердің ағысын анықтау мақсатында жылыту маусымы басталар алдында ғимараттың инженерлік жабдықтары мен коммуникациясын жыл сайын тексеруді жүргізу. Белгіленген мөлшерде пісірілетін жіктерінің кез келген кеңістіктегі күйінде тетіктерді, тораптарды, конструкциялар мен құбырларды пісіруді орындау. Ұзындығы екі метр орталық жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелері құбырларының авариялық учаскелерін ауыстыру. Раковиналар мен жарық жерлерді пісіру жұмыстары.


3.4.5 Коммуникациялық коллекторлар күтімі жөніндегі жұмыстар

Кәсіптің үлгілік атауы: слесарь-жөндеуші.

Үлгілік жұмыс тізбесі:

Коммуникациялық коллекторларды қарап тексеру, оларды газдалудың болмауына тексеру және желдету. Коллектордың күзетілетін аймағын қоқыстан тазарту. Коллекторларға орнатылған коммуникацияларға рұқсатты қамтамасыз ету. Коллекторлардың суға батуы кезінде суды ағызуды жүргізу. Құрылыс құралымдарының гидрооқшаулағышын қайта қалпына келтіру. Люктерді, сондай-ақ жартылай өткізгіш арналардың коллекторға түйісетін жерлерін тұмшалау. Люктерді, торларды, кронштейндерді жөндеу және бояу кезінде сылақ және сырлау жұмыстарын орындау. Баспалдақтардың, алаңдардың, өтпелер мен олардың таяныштарының бекітпелерін тексеру, оларды жөндеу. Коллектордың люктерін қар мен мұздықтардан тазарту. Желдету немесе механикалық желдетуді қосу жолымен коллектордағы температураны 30°С –тен асырмай ұстау. Дренажды жүйелердің жұмыстарын қарап тексеру. Дренаждарды жуу және тазарту. Коллекторлардың электрлік жарық жүйелерінің жұмысын тексеру және барлық жұмыс түрлері бойынша ақауларды жою.

3-кесте

р/с№

Кәсіптердің атауы

Өлшем бірлігі

Сандық норматив

1.

Слесарь - сантехник

ғимараттың жалпы алаңының 1000 мІ

0,2

2.

Электр жабдықтарын жөндеу және күтім жасау жөніндегі электромонтер

ғимараттың жалпы алаңының 1000 мІ

0,37

3.

БӨАжА слесарі

ғимараттың жалпы алаңының 1000 мІ

0,18

4.

Электр-газбен пісіруші

ғимараттың жалпы алаңының 1000 мІ

0,01

5.

Слесарь –жөндеуші

ғимараттың жалпы алаңының 1000 мІ

0,01



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет