*Семестр бойынша бөлу мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқа байланысты өзгертіледі.
Циклдің белгіленуі
|
Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері
|
Қалыптасатын білім, іскерліктер мен дағдылар
|
Қалыптасатын құзырет коды
|
ЖБП 00
|
Жалпы білім беретін пәндер
|
ЖГП 00
|
Жалпы гуманитарлық пәндер
|
ЖГП 01
|
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
Мамандықтары бойынша кәсіби қарым- қатынас жасау үшін қажетті лексика- грамматикалық материалдар; кәсіпке байланысты мәтіндерді аудару техникасы; кәсіби қарым- қатынас.
|
Білімдер:
- қарым-қатынас жасауда тілдік құралдарды пайдалану нормалары, тәртібі және қазақ (орыс) тілінің жүйесі туралы;
Іскерліктер:
- кәсіптік және күнделікті тақырыптар бойынша қазақ (орыс) тілінде араласу;
- ауызша және жазбаша түрінде тілді меңгеруді өз бетінше жетілдіру, сөз қорын толықтыру;
- бағдарламалық тілдік материалдарды сөздіктің көмегінсіз жазбаша және ауызша аударма жасау;
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 5
|
ЖГП 02
|
Кәсіби шет тілі
Мамандықтары бойынша кәсіби қарым- қатынас жасау үшін қажетті лексика- грамматикалық материалдар (1200-1400 лексикалық бірлік); кәсіпке байланысты мәтіндерді аудару техникасы; кәсіби қарым- қатынас.
|
Білімдер:
- қарым-қатынас жасауда тілдік құралдарды пайдалану нормалары, тәртібі және шет тілінің жүйесі туралы;
Іскерліктер:
- кәсіби және күнделікті тақырыптар бойынша шет тілінде (ауызша және жазбаша) қарым-қатынас жасау;
- кәсіби бағыт бойынша шетелдік текстерді (сөздікпен) аудару;
- ауызша және жазбаша түрінде тілді меңгеруді өз бетінше жетілдіру, сөз қорын толықтыру.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 6
|
ЖГП 03
|
Дене шынықтыру мәдениеті
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене шынықтырудың ролі.
Тұлғаның дене шынықтыру және жан-жақты дамуының негіздері.Кәсіби қолданбалы дене шынықтыру.
Қимыл үйлестігін, болашақ кәсіби артистік қызметке қажетті дене мүшесінің икемдігі мен дене мүсінінің сұлулығын қалып-тастыруға арналған ырғақтық гимнастика сабағы.
|
Білімдер:
- дене шынықтыру мәдениетінің салауатты өмір салтындағы рөлі ,
дененің саулығын жетілдіру негіздері, тұлғаның гармониялық дамуы туралы.
Іскерліктер:
- денсаулығын қалпында ұстау тәсілдерін толық пайдалану;
- денсаулықты сақтау және шынықтыру дағдыларын пайдалану.
|
БҚ 1
БҚ 9
|
ӘЭП 00
|
Әлеуметтік-экономикалық пәндер
|
ӘЭП 01
|
Мәдениеттану
Мәдениеттану және оның қоғам өміріндегі ролі. Мәдениет теориясы. Мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы. Мәдениет туралы көне және орта ғасырлық түсінік. Ренессанс кезеңіндегі мәдениет. Капитализм құндылығындағы жүйелер.;
Өз халқының мәдени- тарихи құндылықтарын тану, ұлттардың жалпы адамзаттық мәдениетке жетуі.Қазақстан мәдениетінің даму кезеңдері..Орта ғасырдағы Қазақстан халықтарының мәдениеті, оның салт-дәстүрі халықтың қөркем өнері. Қазіргі Қазақстан мәдениеті.
|
Білімдер:
- мәдениеттің мәні және түсінігі;
- мәдениеттің құрылымы;
- мәдениеттің қалыптасуы және дамуы;
- Қазақстан мәдениетінің даму кезеңдері;
- Қазіргі Қазақстан мәдениеті туралы.
Іскерліктер:
- мәдениеттану түсініктерін еркін қолдану;
- көшпенділердің рухани мәдениетін және материалдық ерекшеліктерін, оның қоғамдық мәдениетте алатын орнын көрсету.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 5
БҚ 8
|
ӘЭП 02
|
Философия негіздері Философия пәні, дүниежүзілік филосо-фиялық ойлардың рухани негіздері; адам табиғаты мен оның тіршілігі;
Адам және Құдай; адам және космос; адам, қоғам, өркениет, мәдениет; тұлғаның бостандығы мен жауапкершілігі, адам-заттық таным мен қызметі; ғылым мен оның ролі; адамзат жаһандық кең мәселелердің қарса-ңында.
|
Білімдер:
- адам өміріндегі философиялық, ғылыми және әлемдегі дін көрінісі негіздері туралы түсінігі;
- әлеуметтік және этикалық, түрлері мен әдістемесі, оның құрылымы, ғылыми танымы мен ғылымның ролі туралы түсінігі.
Іскерліктер:
- дене және рухани, әлеуметтік және биологиялық бастауларындағы адамның мінез-құлқын, оның саналық көрінісін, саналы және санасыздық мінезін анықтау;
- қоғамдағы адамдардың арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік нормаларын бағдарлап отыру.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 5
БҚ 8
|
ӘЭП 03
|
Саясаттану және
әлеуметтану негіздері
Саясат және қазіргі қоғамдағы саясаттың рөлі.Саясат және саясаттану, шетелдік әлеуметтік саяси ойдың дамуы және пайда болу кезеңдері, оның идеялары мен теорияларының өзгерістері мен тегі туралы жүйелі түсінік. Әлеуметтік топтар және оның саясаттағы рөлі.
Саяси билік жүйесі, пайда болуы, саяси мәдениет және оның компоненттерінің ерекшеліктері. Халықаралық қатынастар және ішкі саясат.Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде. Оның даму жолындағы жаһандық мәселелері.
Саяси әлеуметтанудың функциялары.Әлеуметтік концепциялар. Шағын орталарда әлеуметтік талдау; әлеуметтік процестер, институттар, ұйымдар.Әлеуметтік сұрақ жүргізу әдістері.
|
Білімдер:
- саясаттану пәні туралы түсінік;
-қоғамның әлеуметтік құрылым негіздері, оның белгілері;
- әлеуметтік зерттеулер түрлері;
- оқу пәні және ғылым ретінде саясаттану пәні туралы түсінік;
-саяси билік туралы түсінік;
-азаматтардың басты саяси құқығы;
-негізгі халықаралық ұйымдар;
-халықаралық қатынастардың басты принциптері;
-қазіргі жаһандық мәселелер туралы.
Іскерліктер:
- процестер және саяси қарым-қатынас, саяси сыртқы дүние, үкімет құрылымын анықтау (жалпы дүниежүзінде және Қазақстанда);
- саяси дағдылар мен саяси жүйелер туралы түсініктемені құрастыру.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 5
БҚ 8
|
ӘЭП.04
|
Экономика негіздері
Экономикалық теория тарихи жобада. Жеке меншік түрлері мен формалары; Нарықтың пайда болуы және дамуы.Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту негіздері. Сұраныс, ұсыныс, нарықтық баға. Кәсіпкерлік және жеке еңбек қызметі. Кіріс,қосымша кіріс. Экономиканы мемлекеттік жүргізу түрлері..Ұлттық және әлемдік валюта жүйесі.
|
Білімдер:
- экономикалық теорияның жалпы ережесі;
- меншіктің түрі мен формалары;
- Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасуы;
- кәсіпкерліктің түрлері туралы.
Іскерліктер:
- өзінің кәсіби қызметінде керекті бағдарға арналған экономикалық ақпаратты табу және
қолдану;
- экономикалық терминдер мен түсініктер жайлы хабардар болу.
- экономика саласы жайлы хабардар болу.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 5
БҚ 8
|
ӘЭП.05
|
Құқық негіздері
Құқық, түсінік, жүйе, деректеме. Қазақстан Республикасының Конституциясы
- құқық жүйесінің түйіні.
Адам құқығының жалпы декларациясы.Тұлға, құқық, құқықтық мемлекет. Заңгерлік жауаптылық және оның түрлері . Құқықтың негізгі тармақтары, Қазақстан Республикасының соттық жүйесі, құқыққорғау ұйымдары.
|
Білімдер:
- адам мен азаматтың құқығы және бостандығы, оның механизмін іске асыруды;
- кәсіби қызмет аймағында құқықтық адамгершілік- этикалық нормалары туралы.
Іскерліктер:
- маманның кәсіби қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды қолдану.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 4
БҚ 8
|
ЖКП.00
|
Жалпы кәсіптік пәндер
|
ЖКП 01
|
Музыкалық психология және педагогика негіздері Психология нысаны.
Тұлға туралы түсінік. Жалпы психология мәселелері.
Жас жеткіншектер психологиясы мәселелері. Педагогика негіздері. Педагогика , оның нысаны.
Музыкалық педагогика. Оқу процесі, оның негізгі принциптері, түрлері, әдістемелері мен құралдары.
Балалар музыкалық мектебіндегі оқу жүйесі.
|
Білімдер:
- психология мен педагогика пәнінің негіздері;
- тәрбиелеу және білім беру теориясының негіздері;
- жас айырмашылығы психологиясы мен педагогикасының ерекшеліктері
- балалар музыка мектебіндегі балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері
- музыкалық сабақтарды ұйымдастыру жүйесі мен әдістемелері, формалары, негізгі принциптері туралы.
Іскерліктер:
- музыкалық педагогика мен психология саласындағы теориялық білімді тәжірибеде қолдану;
- жас жеткіншектердің ерекшеліктерінің есебінен өздігінен оқу үрдісін ұйымдастыру;
|
БҚ 1
БҚ 3
КҚ 3.1.2
|
ЖКП 02
|
Аспаптану
Пәннің негізгі бөлімдері. Музыкалық аспаптардың шығуы туралы қысқаша мәлімет.
Оркестрдің құрамдары, оркестрлік негізгі құрамы, оркестрлік аспаптар орындаушылық мүмкіншілігі және диапазоны туралы мәлімет.
Фольклорлық-этнографиялық, орыс, қазақ халық оркестрлері туралы мәлімет.
Оркестрлік топ аспаптары.
|
Білімдер:
- оркестрлер мен оған енетін аспаптар туралы жалпы мәліметтер;
- оркестрлік аспаптардың техникалық және көркемдік мүмкіндіктерін жүзеге асыру;
- оркестрге арналған музыканы жазу жүйесі туралы.
Іскерліктер:
- аспаптар туралы хабардар болу;
- партитураларды талдау;
- музыканың көркемдік мазмұнына сүйене, оркестрлеудің техникалық тәсілі мағынасын түсіну.
|
БҚ 3
БҚ 7
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
|
ЖКП 03
|
Аспаптау
Оркестрдің әртүрлі құрамдарына аспаптау техникасы. Әртүрлі аспаптарға репертуарды қайта жасау. Әртүрлі құрамды ансамбльдік және оркестрлік партитураларды талдау мен оқудың дағдыларын меңгеру. Күрделі емес шығармаларды қайта жасау.
|
Білімдер:
- аспаптаудың негізгі техникалық тәсілдері туралы.
Іскерліктер:
- автордың идеялық- көркемдік ойларын іске асыру тәсілдерін өз бетінше таңдау;
- аспаптық тәсілдерді практикалық жұмыстарда қолдану.
|
БҚ 3
БҚ 7
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
|
ЖКП 04
|
Фортепиано
Әр алуан фактура және форма, стиль, мазмұндар бойынша фортепиано музыкасының негізгі жанрларын игеру,
Академиялық концерттер, емтихандар, сынақтарға жатталған бағдарламаларды шығару.
Парақтан оқу, ансамбльде ойнау, сүйемелдеу, транспорттау дағдыларын дамыту. Өздігімен жұмыс істеу дағдыларын, музыкалық-теориялық пәндер курсы бойынша оқу материалын иллюстрациялауды қалыптастыру. Кәсіптік терминологияны білу.
|
Білімдер:
-музыкалық өнердің жанрлары, формалары және стильдері;
- ансамбльдік музицирлеуі және жеке ерекшеліктері;
- кәсіби музыкалық терминологияны;
- белгілі композиторлардың шығармалары туралы.
Іскерліктер:
- орындаушылық және педагогикалық қызметінде алған білімі мен дағдыларын қолдану;
- музыкалық әдебиет пен музыкалық шығармаларды талдау кезінде фортепианоны пайдалану;
- орташа қиындықтағы музыкалық шығармаларды жеке орындаушыға сүйемелдеу;
- балалар музыка мектебі оқушыларының репертуарындағы шығармаларды парақтан оқу;
- ноталық мәтінді сауатты талдау;
- ойнау аппаратын жетілдіру.
|
БҚ 3
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
|
ЖКП 05
|
Жалпы домбыра Қосымша аспаптың мүмкіншіліктері мен ерекшеліктері; қолдың қойылымы, әуенді шығару,
аспапта ойнауының негізгі тәсілдері. Парақтан оқу.
|
Білімдер:
- аспапта ойнауының негізгі тәсілдері;
- аспаптың дамуы мен шығу тарихы туралы;
Іскерліктер:
- күрделі емес музыкалық шығармаларды орындау;
- аспаптың шығуы мен дамуы тарихынан білімін пайдалану;
- қазақ дәстүрлі музыкасы шығармаларын тұтастай қабылдау;
- қазақ дәстүрлі музыкасының ерекшеліктерін анықтау;
- парақтан оқу;
- аспапта ойнаудың негізгі тәсілдерін қолдану.
|
БҚ 3
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
КҚ 3.1.9
КҚ 3.1.11
|
ЖКП 06
|
Музыкалық сын Музыкалық сын тарихы бойынша қысқаша мәлімет (шетел, орыс және қазақ).
Сынаулық пікір объектілері. Стиль. Жанрлар.
Анонс жасау.
Рецензиялау. Концерт бағдарламаларының түрлері. Сұхбат.
Фестиваль, байқау, жәрмеңкені жарықтандыру.
Кәсіптік лексика мен терминология.
|
Білімдер:
- музыкалық сынау тарихы;
- музыкалық-сынау жанрлары туралы.
Іскерліктер:
- оқылған кітаптың аннотациясын жазбаша түрде дайындау;
- концерттер, спектакльдер туралы очерктер, баяндамалар жазу;
- музыкалық сын тарихынан білімін қолдану;
- музыкалық сыни жанрлары түрлерінен білімін қолдану;
- кәсіби терминология мен лексиканы игеру.
|
БҚ 3
БҚ 5
БҚ 6
БҚ 7
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
КҚ 3.1.7
КҚ 3.1.11
|
ЖКП 07
|
Ғылыми-зерттеу жұмысының негіздері Оркестрдің әртүрлі құрамдарына аспаптау техникасы. Әртүрлі аспаптарға репертуарды қайта жасау. Әртүрлі құрамды ансамбльдік және оркестрлік партитураларды талдау мен оқудың дағдыларын меңгеру. Күрделі емес шығармаларды қайта жасау.
|
Білімдер:
- ғылыми зерттеу методологиясының негіздері;
- ғылыми жұмысының жазылу әдістері мен түрлері туралы.
Іскерліктер:
- конспектілерді дайындау;
- қолданылатын әдебиет картотекасын құрастыру ;
- ғылыми-зерттеу жұмыс жоспарын жасау;
- ғылыми - зерттеу жұмысы мақсаттарына сәйкес мәтіндік материалды қисынды сала білу ;
- әдебиетпен жұмыс жасау барысында алынған мәлімдемелерді тәжірибе жүзінде талдап қорыту;
- жұмысты техникалық сауатты дайындау;
- ғылыми зерттеу әдіснамасының негіздерін игеру;
- ғылыми жұмыстың жазылу әдістері мен түрлерін игеру.
|
БҚ 3
БҚ 5
БҚ 6
БҚ 7
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
КҚ 3.1.7
|
АП 00
|
Арнайы пәндер
|
АП 01
|
Музыка теориясы (топтық):
Музыкалық жүйе (әуен, қисындылық, фактура, мелизмдер, ырғақ, метр). Лад және үндестілік.
Секвенциялар.
Хроматизм және альтерация, хромалық гамма. Аралықтар. Аккордтар.
Салыстыру, модуляция, ауытқу.
Тектес үндестіктер. Әуен. Транспозиция. Мелизмдер. Музыкалық тілдің құрылу элементтері. Ноталық жазба жазудың қысқарту белгілері. Музыкалық терминдер.
|
Білімдер:
- музыка тілінің маңызды элементтері және оның өзара байланысы;
- музыкалық тілдің заңдылықтары, әр түрлі музыкалық теориялық құбылыс, түсінік, анықтамалар, терминология туралы.
Іскерліктер:
- музыкалық шығармаларды талдауда тәжірибеде алған білімдерін еркін қолдану.
|
БҚ 1
БҚ 3
БҚ 7
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
|
АП 02
|
Музыка теориясы (жеке)
Секвенция ойнау.Жүйеліктер ойнау (сатылы, интервалды, аккордты ). Аккордтардың бар мүмкін лад пен үндестіліктерге шешілуі. Жазба тапсырмалары. Музыкалық шығармаларды талдау.
|
Білімдер:
-музыкалық тілдің ең күрделі элементтері мен олардың өзара байланыстары;
-терминология, анықтама, түсініктеме, әр алуан музыкалық теоретикалық құбылыстарды, музыкалық тілдің заңдылықтары туралы.
Іскерліктер:
- практикалық есептерді шығарғанда музыкалық тілдің элементтері туралы білімін пайдалану;
- музыкалық тілдің ең күрделі элементтері мен олардың өзара байланыстарын талдау;
- музыкалық тілдің заңдылықтарын, құбылыстары мен түсініктемелерін айқындау.
|
БҚ 1
БҚ 3
БҚ 7
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
|
АП 03
|
Гармония (топтық)
Классикалық гармонияның ең маңызды заңдылықтарын зерттеу. Музыкадаға гармонияның функциялары (құрылымдық, композициялық, фондық, функциялық, ладтық). Функционалдық, аккордтардың функционалдық жүйесі, гармоникалық оралымдар.
Гармоникалық әуен және бас.
Толық функционалдық жүйе. Хроматикалық жүйе: ауытқулар, 1-2 дәрежелі жақындықты үндестіліктер және алыс үндестілерге модуляциялар. Аккордқа жатпайтын дыбыстар. Органдық пункт. Мажорлы-минорлы және минорлы-мажорды жүйелер, Эллипсис.
Энгармоникалық модуляция. Гармония тарихына шолу жасау.
|
Білімдер:
- классикалық гармонияның маңызды заңдылығы;
- музыкадағы гармониялық жүйенің бейнелік-мағыналық мазмұны және көркемдік мүмкіншіліктері туралы.
Іскерліктер:
- әуен мен бас дыбысын үндестіру;
- транспозиция дағдыларын игеру;
- секвенцияларды, аккордтық қатарды ойнау;
- гармонияның форманы қалыптастыру рөлі мен колористік, мәнерлілігін айыра, гармониялық даму түрлері мен әдістері мағынасын ашу үшін музыкалық шығармаларды талдау.
|
БҚ 1
БҚ 3
БҚ 7
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
|
АП 04
|
Гармония (жеке)
Толық гармоникалық талдау.
Әуен мен бастың гармонизациясы. Ойын: секвенция (3 түрі). 24 үндестіліктерде тоникаға келтірумен аккордтарды шешу, аккордты жүйеліліктер және модуляциялар (5 түр): функционалдық, энгармониялық, эллиптикалық, әуендік, линеарлық. Цифровкалар.
|
Білімдер:
- классикалық гармонияның күрделі заңдылықтары;
- музыкадағы гармоникалық жүйелердің бейнелі-мағыналы мағынасын және мәнерлі мүмкіншіліктері туралы.
Іскерліктер:
- әуен мен бас дыбысын үндестіру;
- транспозиция дағдыларын игеру;
- секвенцияларды, аккордтық қатарды ойнау;
- музыкалық шығармалардың тәсілдері мен түрлері жағынан гармониялық дамуын талдау;
- гармонияның пішінді қалыптастыру рөлі мен көркемдік, колористік мәнерлілігін айыру;
- әр түрлі гармониялық тәсілдерді қолдана отырып есеп шығару;
- фортепианода секвенциялар, әр түрлі жанрларда гармониялық қатарларды ойнау.
|
БҚ 1
БҚ 3
БҚ 7
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
|
АП 05
|
Сольфеджио
Курс негізі - музыкалық есту қабілетін дамыту. Гармония, музыка теориясы курсында алған білімдерін тәжірибелі түрде қолдану:
-интонациялау және естуін анықтау;
- парақ бетінен оқи білу;
- бір дауыстан 4 дауысты музыкалық диктант жазу техникасын дамыту.
|
Білімдер:
- музыка теориясының негізі туралы.
Іскерліктер:
- әндету және есту арқылы тональдік, ладтар, сатылық, интервалдық, аккордтық қатарлар,
модуляцияларды (диатоникалық, жылдамдатылған, энгармониялық, эллиптикалық) тани білу;
- бірдауыстылық–төртдауыстылық
музыкалық үлгілерді сольфеджиолау;
- бағдарлама талаптарына қарай музыкалық үлгілерді есту арқылы талдау дағдысын пайдалана отырып жазып алу;
- сольфеджиолауда және жазба жаттығуларда оқып білген көркемдік тәсілдерін қолдану.
|
БҚ 3
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
|
АП 06
|
Этносольфеджио
Дәстүрлі музыканттың қәсіби дайындығының базалық құрамы ретінде музыкалық этноесту қабілетінін қалыптастыру болып табылады.
Жұмыстың тәжірибелік түрлері қазақ дәстүрлі музыка тілінің заңдылықтарын меңгеруге бағытталған.
Жұмыстың жазба түрлерімен қоса ауызша түрлері маңызды орын алады (суырып салу, ауызша диктант).
|
Білімдер:
- қазақ музыкалық тілінің негіздері;
- қазақ әуенінің саздық құрылымы;
- қазақ әнінің және күйінің ырғақтық құрылымы;
- қазақ дәстүрлі музыка жанрлық жүйесі туралы.
Іскерліктер:
- есту қабілеті арқылы қазақ фольклор үлгілерінің жанрлық түрлерін тұтас қабылдау;
- қазақтың музыкалық фольклорының үлгілерін талдау;
- фольклор үлгілерін таза интонациялау;
- берілген жанрлық модельге ойдан суырып салу;
- қазақ музыкалық тілінің элементтерін есту арқылы анықтау;
- қазақ әндері мен күйлерінің үзінділерін нотаға түсіру;
- қазақ әндерін таза интонациялау;
- музыкалық-есту қабілетін дамытатын әдістерді қолдану;
- әр аймақтық қазақ әндері мен күйлерін кешенді талдау.
|
БҚ 3
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
КҚ 3.1.7
|
АП 07
|
Халық музыкалық шығармашылығы
Халық музыкалық шығармашылығы және фольклор ұғымы. Музыкалық фольклордың негізі. Қазақ халық музыкасының жанрлары. Халық музыкалық тілінің негізі – дыбыс, үйлесімдік, ырғақ,
|
Білімдер:
- көне заманнан келе жатқан бүгінгі күнге дейінгі халықтың музыкалық мұрасы;
- халық музыкасының түрлері мен жанрлары туралы.
Іскерліктер:
- халық музыкасының жанрларынан хабардар болу;
- дәстүрлі музыкалық мәдениеттің аймақтық-стильдін ерекшелігін айыра білу;
- халық шығармалары үлгілерін тыңдау және талдау.
|
БҚ 1
БҚ 3
БҚ 5
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
КҚ 3.1.7
КҚ 3.1.9
КҚ 3.1.11
|
АП 08
|
Қазақ музыка әдебиеті Дәстүрлі ауызекі кәсіби өнер; аймақтық мектептер(әндік және аспаптық);
Дәстүрлі жазба кәсіби музыкасының қалыптасуы;
Қазақстан композиторларының шығармалары
(Е. Брусиловский,
А. Жұбанов, Л. Хамиди,
М. Төлебаев және т.б.).
Қазақстан композиторларының шығармашылық негізгі жанрлары;
Қазақстанның қазіргі музыкалық мәдениеті мен композиторлардың шығармалары.
* Қазақ музыкалық әдебиетінен екі курстық жұмыс жазу:
-
XIX ғасырдағы кәсіби композиторлардың шығармашылығы;
-
ХХ ғасырдағы қазақ музыкасы;
|
Білімдер:
- халықтық-кәсіби музыканы
мен оның таратылу жағдайы;
- халықтық-кәсіби композиторлар шығармаларының жеке-стильдік ерекшеліктері (әншілер, күйші- аспапта орындаушылар);
- жазбаша дәстүріндегі композиторлар мектебінің негізгі кезеңдерінің қалыптасуы;
- классикалық музыка мұрасының қазақ музыкасындағы негізгі жанрларының қалыптасу және даму ерекшеліктерінің тарихы (опера, симфония, камералық-аспаптық, камералық-вокалдық және т.б.);
- ұлттық композиторлар мектебінің өкілдері мен олардың шығармашылығы туралы.
Іскерліктер:
- аймақтық әуен және аспаптық мектептердің стильдік ерекшеліктерін айыра білу;
- Қазақстан композиторларының жеке-стильдік келбетін анықтау;
- Қазақстан композиторларының шығармаларын тыңдау және талдау.
|
БҚ 1
БҚ 3
БҚ 5
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
КҚ 3.1.7
КҚ 3.1.9
КҚ 3.1.11
|
АП 09
|
Әлем музыка әдебиеті
І тарау. Шетел әдебиеті. Музыка өнер түрі ретінде және оның мәнерлік жүйелері. Музыканың негізгі жанрлары.
Классикалық музыка өнерінің әр алуан жанрларының дамуы мен қалыптасуы (театрлық, вокал-хорлық, симфониялық және камера-аспаптық жанрлары). Музыка өнерінің эволюциясы; көркемдік ағымдар- барокко, классицизм, романтизм, империализм.
Оқушылардың жалпы эстетикалық және музыкалық дамуын есепке ала отыра И. Бахтан М. Равельге дейінгі композиторлардың шығармалары.
ІІ тарау.орыс музыка әдебиеті М. Глинкадан И. Стравинскийге дейін.
Опералық , симфониялық, вокал-хорлық негізгі шығармалары: шығармашылық ұйымдар, тарихи және көркемдік кескіндемелер.
ІІІ тарау: ХХ ғасырдың музыка (К. Орф, А. Оннегер, М. Де Фалья, Б. Барток, Б. Бриттен, Гершвин)және кеңес музыкасы (С. Прокофьев, Д. Шостакович, Г. Свиридов, В. Гаврилин, Р. Щедрин).
*Музыкалық әдебиеттен екі курстық жұмыс жазу.
|
Білімдер:
- негізгі музыкалық жанрлардың қалыптасу және даму ерекшеліктерінің тарихы;
- әр дәуірдегі әлем композиторларының өмірі мен шығармашылығы туралы.
Іскерліктер:
- әлемдік музыка әдебиетінің музыкалық үзінділерін ойнау;
- музыкалық шығармаларды талдау,
- музыкалық-тарихи дәуірлер, стиль, жанрларды сипаттау;
- ұсынылған тақырыптар бойынша реферат, курстық жұмыстарды жазу.
|
БҚ 1
БҚ 3
БҚ 5
БҚ 6
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
КҚ 3.1.7
КҚ 3.1.9
КҚ 3.1.11
|
АП 10
|
Музыкалық шығармаларды талдау (топтық)
Музыка түрлері мен жанрлары. Жалпы талдау туралы түсінік.Кезең, қарапайым түрлер.
Күрделі түрлері. Вокалды – камералық музыка түрлері.
Қарама-қарсылық құрас-тырмалы және шоғыр-ланған түрлері. Рондо және варияциялық түрлері. Сонаталық түрі және оның әр түрлілігі. Циклдық түрі. Полифониялық түрі. Еркін және аралас түрлері.
|
Білімдер:
- музыкалық ой-өрісі және пішін қалыптасуының даму заңдылықтары;
- музыкалық пішін-композицияның тарихи қалыптасуы және олардың өзгеру жолдары туралы.
Іскерліктер:
- музыкалық шығармаларды мазмұны мен көркемдік пішінінің бірегейлігі тұрғысынан талдау.
|
БҚ 1
БҚ 3
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
|
АП 11
|
Музыкалық шығармаларды талдау (жеке)
Жазбаша тапсырмалар. Музыкалық шығармаларды талдау (жалпы, құрылымды, жеке)
|
Білімдер:
- музыкалық тұлғажасам және ой-өрісін дамыту заңдылығы;
-музыкалық композиция-түрлерінің тарихи үйлестіруі және олардың өзгеру түрлерінің жолдары туралы.
Іскерліктер:
- музыкалық шығарманың пішінін анықтау;
- көркемдік түрі мен біріккен мазмұнының тұрғысынан қарағанда музыкалық шығармаларды талдай білу;
- музыкалық шығармаларды талдауда практикалық жаттығуларды орындау үшін фортепианоны қолдану;
- жанрлық ерекшеліктерді, дәуір стилін және композитордың авторлық стилін талдау тұрғысынан музыкалық шығарманың пішінін анықтау бойынша практикалық жұмыста теориялық білімді қолдану.
|
БҚ 1
БҚ 3
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
|
АП 12
|
Полифония (топтық)
Полифониялық әуен, оның ерекшеліктері. Екі дауысты қарапайым контрапункт. Екі дауысты имитация. Полифониялық тақырыпты қайта құру әдістері. Канон. Үш дауысты қарапайым контрапункт және имита-ция. Күрделі контра-пункттың барлық түрлері: екі есе, үш есе, көлденең- жылжымалы, екі есе жылжымалы. Фуга. Полифониялық вариа-циялар. Гомофон – полифониялық түрлері. Халық әуендеріндегі гетерофония. Полифония тарихының негіздері.
|
Білімдер:
- полифонияның негізгі даму кезеңдері;
- еркін және қатаң стильдегі полифониялық жазбаның ерекшеліктері;
- полифониялық пішін жасау заңдылықтары туралы.
Іскерліктер:
- музыкалық шығармаларды мазмұны мен пішінінің бірегейлігі тұрғысынан сипаттау;
- полифониялық музыкалық шығармаларды талдау;
- полифония курсы бойынша практикалық тапсырмаларды орындау.
|
БҚ 1
БҚ 3
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
|
АП 13
|
Полифония (жеке)
Жазбаша тапсырмалар.
Музыкалық шығармалардың талдауы.
|
Білімдер:
- полифония дамуының негізгі кезеңдері;
- полифониялық жазбаның күрделі және бос ерекшеліктері;
- полифониялық тұлғажасам заңдылықтары туралы.
Іскерліктер:
- полифониялық шығармаларды талдауда жанрлар мен полифониялық даму принциптері туралы теориялық мәліметтерді қолдану;
- полифониялық пішіндері, даму әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып жазбаша тапсырманы орындау.
|
БҚ 1
БҚ 3
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
|
АП 14
|
Сольфеджио
оқыту әдістемесі Балалар музыкалық мектебінде сольфеджио курсын оқу мақсаттары және міндеттері. Сольфеджио курсындағы оқытудың әртүрлі әдістемелері:
-өлшемдік және ырғақтық сезімділігін дамыту;
-сольфеджио сабақтарында дирижерлеу және тактілеу;
-ладты есту қабілеттілігін дамыту ;
-гармония есту қабілеттілігін дамыту;
-парақтан оқу тәсілдерін оқыту;
-музыкалық диктант жазылуы;
- сольфеджио пәні бойынша әртүрлі мамандықтарға арналған сабақ өткізу және күнтізбелік жоспарлар, бағдарламалар құрастыру;
-оқу және әдістемелік әдебиеттерге шолу.
|
Білімдер:
- сольфеджио курсының оқу мақсаттары және міндеттері;
- сольфеджио оқытудың әртүрлі әдістемелері;
- музыкалық есту компоненттерінің дамыту тәсілдері мен әдістері туралы.
Іскерліктер:
- әр мамандықтарға арналған сольфеджио бойынша бағдарламалар құрастыру;
- күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрастыру;
- сабақ өткізу жоспарларын өңдеу;
- оқу сабақтарын ұйымдастырып өткізу.
|
БҚ 1
БҚ 3
БҚ 5
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3
КҚ 3.1.4
|
АП 15
|
Музыкалық әдебиетін оқыту әдістемесі
Сабақтарды ұйымдастыру тәсілдері, сабақтардың үлгілері, материалдарды мазмұны үлгісімен және жанр түрлерінен түсіндіру әдістері, білім бекіту, материал меңгерудің әртүрлі формалары. Музыкалық әдебиетін оқыту әдістемесі курсындағы дидактикалық принциптері.
|
Білімдер:
- музыка әдебиеті курсының оқу мақсаттары және міндеттері;
- ұжымдық оқытудың негізгі принциптері туралы.
Іскерліктер:
- оқу жоспарларымен жұмыс жасау;
- тақырыптық- күнтізбелік жоспарды құрастыру;
- сабақ өткізу жоспарын өңдеу;
- оқу сабақтарын ұйымдастырып өткізу.
|
БҚ 1
БҚ 3
БҚ 5
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3
КҚ 3.1.4
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
|
АП 16
|
Лекторлық шеберлік негіздері
Ауызша сөз сөйлеудің негізгі түрлері мен жанрлары. Лекция-концерт, орындаушылық шеберлік конкурстарын және тағы басқа сөз сөйлеудің қазіргі замандағы формалары. Кіріспе сөзді құрастыру, түсініктемелерге материалдар іріктеу . Сахналық этикет.
|
Білімдер:
- лектордың ауызша баяндайтын әртүрлі жанрлармен жұмыс жасау әдістері,
сахналық этикет нормалары туралы.
Іскерліктер:
- әртүрлі жас мөлшеріндегі аудиторияға арналған баяндамаларды дайындау;
- сауатты, мәнерлі сөйлей білу;
- ауызша баяндаудың әртүрлі түрлері мен жанрларымен жұмыс жасау әдістерін игеру;
- сахналық этикет нормаларын игеру.
|
КҚ 3.1.8
КҚ 3.1.9
КҚ 3.1.10
КҚ 3.1.11
|
КП 00
|
Кәсіптік практика
|
КП 01
|
Сольфеджио оқыту практикасы Педагогикалық тәжірибенің мақсаттары және міндеттері- сольфеджио курсындағы оқытудың әртүрлі әдістемелерін қолдану:
-өлшемдік және ырғақтық сезімділігін дамыту;
-сольфеджио сабақтарында дирижерлеу және тактілеу;
-ладты есту қабілеттілігін дамыту ;
-гармония есту қабілеттілігін дамыту;
-парақтан оқу тәсілдерін оқыту;
-музыкалық диктант жазылуы;
- сольфеджио пәні бойынша әртүрлі мамандықтарға арналған сабақ өткізу және күнтізбелік жоспарлар, бағдарламалар құрастыру.
|
Іскерліктер:
- жас жеткіншектер педагогикасы мен психологиясынан білімін қолдану;
- сольфеджионы оқыту әдістемесі курсының мазмұны бойынша білімін қолдану;
- балалардың музыканы есту қабілетінің ерекшеліктерін білу;
Дағдылар:
- күнтізбелік-тақырыптық және сабақ өткізу жоспарларын құрастыру;
- БММ-нің оқу-әдістемелік іс-қағаздарын жүргізу.
|
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3
КҚ 3.1.4
|
КП 02
|
Музыка әдебиетін оқыту
практикасы Сабақтарды ұйымдастыру тәсілдері, сабақтардың үлгілері , материалдарды түсіндіру әдістері, білім бекіту, материал меңгерудің әртүрлі формаларын тәжірибелі түрде қолдану. Музыкалық әдебиетін оқыту әдістемесі курсында алынған дидактикалық принциптерді қолдану.
|
Іскерліктер:
- отандық және әлемдік музыка әдебиеті курсының мазмұны бойынша білімін қолдану;
- жас жеткіншектер педагогикасы мен психологиясынан білімін қолдану;
Дағдылар:
- күнтізбелік-тақырыптық және сабақ өткізу жоспарларын құрастыру;
- БММ-нің оқу-әдістемелік іс-қағаздарын жүргізу.
|
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3
КҚ 3.1.4
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.9
|
КП 03
|
Фольклорлық-этнографиялық практика
Практикалық
материалдармен жұмыс жасау. Халық музыкалық шығармашылық жанрларын талдау. Нотировка жүйелері.
|
Іскерліктер:
- дәстүрлі музыканың ұсынылған фрагменттерін есту арқылы жазу;
- дыбыстық музыкалық материалды анықтап талдау және нотаға түсіру;
- дәстүрлі қазақ музыкасының ерешеліктерін анықтау;
Дағдылар:
- қазақ дәстүрлі музыкасының үлгілерін нотаға түсіру;
|
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.6
КҚ 3.1.7
|
КП 04
|
Лекторлық практика Лекция-концерт, орындаушылық шеберлік конкурстарын және тағы басқа сөз сөйлеудің қазіргі замандағы формаларын қолдану. Кіріспе сөзді құрастыру, түсініктемелерге материалдар іріктеу . Сахналық этикет.
|
Іскерліктер:
- лекторлық шеберлік негіздері бойынша білімін практикада пайдалану;
- сахналық мәдениетті, сауатты лексиканы, кәсіби терминологияны игеру;
- аудиолық түрлерді құрастыру принциптерін қолдану;
Дағдылар:
- жұрт алдында сөз сөйлеу және дайындау;
- жұрттың жас мөлшеріне қарай лекция-концерттерді құрастыру.
|
КҚ 3.1.8
КҚ 3.1.9
КҚ 3.1.10
КҚ 3.1.11
|