Үлгілік оқу жоспары



бет3/5
Дата09.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#187678
1   2   3   4   5


Ескерту:ЖБП– Жалпы білім беретін пәндер; ЖГП– Жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП - Әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – Жалпы кәсіптік пәндер; АП – арнайы пәндер; БҰАП – білім беру ұйымдары анықтайтын пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестаттау; КДДБ – кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру; К – консультация; Ф – факультативтік сабақтар.

*Семестр бойынша бөлу оқыту формасына, мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқаларға байланысты өзгертіледі.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы «____»___________

№_____бұйрығына 39- қосымша



«0107000 –Технология» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары
Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (орта буын маманы)


Циклдің белгіленуі

Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білім, іскерліктер мен дағдылар

Қалыптасатын құзырет коды

ЖБП.00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП.00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП.01

Кәсіптік қазақ (орыс) тілі

Қазақ (орыс) тілінің фонетикасы, лексикасы, морфологиясы, синтаксисі. Тілдің дамуы. Мамандық бойынша сөздіктер. Қазақ тілінде іс жүргізу. Кәсіптік-бағдарламалық мәтінді аудару техникасы (сөздікпен). Кәсіптік қатынас.



Білімдер:

-кәсіптік бағыттағы қазақ (орыс) тіліндегі мәтінді (сөздікпен) оқу мен аударуға қажет ең аз лексиканы және грамматиканы меңгеру;



Іскерліктер:

-қазақ және орыс тілдерінде қарапайым қарым-қатынас жасау дағдысын білу;

-сөзді сауатты құрастыру.

- сөйлесу;

-әдебиетті шапшаң және мәнерлі оқу, терминологияны дұрыс іріктеу;

-кәсіптік тақырыптарда сөйлесу.



БҚ 1- БҚ11

ЖГП.02



Кәсіптік шетел тілі

Орта білім бағдарламасының лексикалық материалы. Фонетикалық минимум. Монофтонгтар. Дифтонгтар. Дауыс екпіні. Интонация. Сөз құру. Синтаксис. Пунктуация ережелері. Мамандық бойынша іскерлік тіл негіздері, кәсіптік лексика, фразеологиялық құрылымдар және сөздіктер. Кәсіптік-бағдарланған мәтіндерді аудару техникасы (сөздікпен). Кәсіптік қатынас.




Білімдер:

-кәсіптік бағыттағы шет тілінің мәтәнін (сөздікпен) оқуға және аударуға қажет ең аз лексиканы (1200-1400 лексикалық бірлік) және грамматиканы;



Іскерліктер:

-шет тілінде элементарлық қарым-қатынас жасау;

-сауатты сөйлеу; сөйлеу тілін қалыптастыру;

-әдебиетті жүгірте және мәнерлеп оқу, терминдерді дұрыс қолдану;

-кәсіптік тақырыптарда сөйлесу.


БҚ 1- БҚ11



ЖГП.03
Қазақстан тарихы:
Қазіргі әлемдегі Қазақстан Республикасының орны мен маңызы. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылым. Арқайым – әлемдік өркениет ошағы. Қазақстан тарихындағы моңғол кезеңі.

ХVI- XVIII ғ.ғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы. Қазақстандағы патша билігінің отарлық саясаты.
Қазақстан ХХ ғасыр басында, азаматтық қарсылық кезеңінде. Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан.
Ұлт-азаттық қозғалыс.

Ақпан революциясы және патша билігінің құлауы.

Қазан төңкерісі, азаматтық соғыс және шетел интервенциясы.


Кеңес үкіметін орнату және оның Қазақстандағы ерекшеліктері. Казармалық социализмнің құрылуы. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС).

Индустрияландыру және күштеп «ұжымдастыру», отырықшыландыру саясаты және оның салдары. Ауыл-шаруашылығын қайта жаңғыртудың Сталиндік-Голощекиндік моделі. Қазақстандағы шаруалар көтерілісі. Саяси репрессиялар. Екінші дүние жүзілік соғыс басталғанға дейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Ұлы Отан соғысы және фашизмді жеңудегі Қазақстанның қосқан үлесі.

Соғыстан кейінгі кезең және халық шаруашылығынқалпына келтіру.

Тың игеру.

Республиканы дамытудағы қарқындау.

Саяси қарсылықтар (1969, 1979, 1986).

Қайта құру кезеңі.

Қазақстан – егеменді тәуелсіз мемлекет.


Білімдер:

- Қазақстан тарихын

- қазақ халқының қалыптасуын;

- көшпенді өркениеттің пайда болуын;

- Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызын;

- Қазақстанның Ресей құрамына енуін;

- XVII-XVIII ғ.ғ. жоңғар шапқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күрес;

- ХХ ғ. 20-80 ж.ж. бас көтерулер, қозғалыстар мен көтерілістер;

- ХХ ғ. 20-30 ж.ж. Қазақстан мәдениеті;

- қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы;

- 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғалары;

- тамыз төңкерісі және оның құлдырауы;

- ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі;

Іскерліктер:

- қысқа тарихи-археологиялық әңгіме құрастыру;

- көшпенді мал шаруашылығының пайда болу себептерін ашу;

- алғашқы мемлекеттік бірлестіктерге сипаттама беру;

- жер аудару саясатының басты мақсатын анықтау;

- көтірілстердің жеңілу себептерін сараптау;

- ЖЭС пен ұжымдастырудың маңызын ашу;

- 20-30 жылдардағы этнодемографиялық жағдай. Репрессиялар мен депортация;

- картамен жұмыс істеу;

- қазақ диаспорасының пайда болу себептерін ашу

- Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы және соғыстан кейінгі жылдардағы ролін ашу


БҚ 2-6

ЖГП.04

Дене тәрбиесі

Дене шынықтырудың адам өміріндегі, мамандарды дайындаудағы, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі. Дене шынықтырудың әлеуметті-биологиялық және психофизиологиялық негіздері. Кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы.





Білімдер:

- дене шынықтыру негіздерін және салауатты өмір салтын білу;

- дене шынықтырудың адамның жалпы мәдени, кәсіптік және әлеуметтік дамуындағы ролі;

Іскерліктер:

- спорттық-дене шынықтыру іс-әрекеттерді, денсаулықты шынықтыру,

-өмірлік және кәсіптік мақсаттарға жету үшін, дене шынықтырудағы өз орнын анықтау үшін пайдалана білу;


БҚ 1- БҚ11

ЖГП.05

Өзін-өзі тану

Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты, міндеттері. Өзін-өзі тану пәнін қалыптастыру үшін қолданылған теориялық тұжырымдамалар. Мен- адаммын. Адамгершілік қарым-қатынастың тәлімдік маңызы. Әдептілік-әділдік. Эстетикалық тәрбие. Сұлулық-сымбат тәрбиесі. Ақыл-ой тәрбиесі. Өмір әдебі. Мен өзімді тани аламын. Жастарға адамгершілік – рухани тәрбие берудің негізі. Менің өз отбасымдағы алатын орным.

Өз Отанымның патриоты. Достық. Махаббат. Бақыт. Ұлттық салт-дәстүрлердің жаңарған түрлері, жаңа заман туғызған салт-дәстүрлердің тәлімдік мәні. Бала тәрбиесі бесіктен. Сенім мен сүйіспеншілік. Парыз-адам бойындағы басты қасиет. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеті.


Білімдер:

- салт - дәстүр, әдет-ғұрыптардың жөн-жоралығын;

- өз жетістіктері мен кемшіліктерін көреді;

- адамгершілік қарым-қатынастың тәлімдік маңызын.



Іскерліктер:

- жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиетін анықтай алу;

- өз сезімін басқара алуы.


БҚ 1- БҚ11


ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Педагогика мен педагогикалық шеберлік негіздері

Педагогиканың жалпы негіздері. Педагогика ойының тарихи дамуы. Оқыту жүйесі туралы негізгі ұғымдар. ҚР оқыту жүйесі. Оқыту теориясы (оқытудың принциптері, әдісі ,мазмұны). Қазіргі кездегі тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері. Ұжымның қалыптасуы және оның тұлғаға тигізетін әсері. Ғылыми дүниетанымның қалыптасуы. Адамгершілік тәрбиесі. Еңбек тәрбиесі. Экологиялық тәрбие. Отбасы тәрбиесі. Тәрбие ісінің мазмұны мен әдістемесі. Педагогикалық шеберлік, оның мағнасы. Оқыту процесін басқару. Озат педагогикалық тәжірибе.




Білімдер:

- оқыту мен тәрбиенің теориясын;

- негізгі педагогикалық терминдер мен түсініктерді.

- білім беру саласындағы негізгі заңнамалық актілерді;



Іскерліктер:

- кешенді әдіс тұрғысынан нақты оқу-тәрбиелік міндеттерді орындау;

- педагогикалық ғылымның қазіргі заманғы жетістіктерін пайдалану;

- халықтық және қазіргі заманғы педагогиканың идеяларын пайдалану.



БҚ 1- БҚ11



ЖКП 02

Этнопедагогика

Халық педагогикасы-ұжымдық халық шығармашылығының құрам бөлігі. Авиценна, Әл-Фараби, В.Г.Белинскийй, Н.Г. Чернышевский, К.Д.Ушинский халықтың педагогикалық данышпандығы туралы. Ағартушылық идеялар мен халық педагогикасы. Халықтық педагогиканың мәні, мақсаттары, міндеттері, айырмашылық ерекшеліктері. Халықтық педагогиканың ескерткіштері педагогикалық ақиқаттар жинағы ретінде. Халық ауыз әдебиетіндегі дидактикалық принциптердің бейнеленуі. Мақал-мәтелдер, халық педпгогикалық миниатюралар. Ертегілер, дастандар, жырлар-халық өмірінің оқулығы. Халықтық педагогикадағы тәрбиенің мазмұны, әдістері, тәсілдері, құралдары. Жеке адамның қалыптасуы мен ақыл-ой тәрбиесі туралы халықтың көзқарастары.Жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесі, жеке адам адамгершілігі туралы халық ұғымы. Халықтың педагогика жүйесіндегі еңбек тәрбиесінің мағнасы. Халықтық педагогика жасұрпақтың дене тәрбиесінің тәсілдері, нормалары туралы.



Білімдер:

-халықтық педагогикада қолданылатын негізгі педагогикалық түсініктерді;

-халықтық педагогиканың мақсаттары мен міндеттерін, негізгі формаларын, әдістерін, құралдарын, факторларын;

-ғылыми педагогика нормаларымен өнегелілік, руханилық, тәрбиелік туралы халықтық педагогика түсініктерінің жалпылығын;

-қазақ халықы тәрбиесінің ерекшеліктерін;

Іскерліктер:

-халықтық педагогика идеяларын пайдалану;

-халықтық педагогикадағы білімдерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану.


БҚ 1- БҚ11



ЖКП 03

Психология

Психология пәні, зерттеу әдістері мен міндеттері. Ми және психология. Сана психикалық бейненің жоғарғы формасы. Іс-әрекет және жеке адам. Топтағы қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынас. Психологиялық танымдық процестер. Эмоционалды еркін процестер менқалып. Жеке адамның өзіндік ерекшеліктері.Жас ерекшелік психологиясы негіздері. Жас ерекшелік түсінігі. Жас ерекшелік кезеңдерін сипаттау (мектепке дейінгі, бастауыш мектеп, орта және жоғары мектеп жасындағылар). Педагогикалық психология негіздері. Оқыту процесінің құрылысы, компоненттері, заңдылықтары. Тәрбие психологиясы және оның заңдылықтары туралы түсінік. Педагогикалық қабілет, шеберлік, дағды. Оқу-тәрбие процесіндегі байқау стилі туралы түсінік.



Білімдер:

-психологиялық терминдер мен түсініктерді;

-психология пәнін және оның міндеттерін, салаларын, зерттеу әдістерін;

-психикалық қызметтің құрылымын білу;

-негізгі психикалық танымдық процестерді, олардың жүру заңдылықтарын, оларды оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуде қолданудың мәні мен шеберлігін;

- әртүрлі жастағы балалардың психикалық даму ерекшеліктерін;



Іскерліктер:

- музыка сабағындағы оқушылардың шығармашылық дамуын белсендіру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

- психологиялық зерттеу мен диагностиканың әдістерін игеру;

- өзіндік даму бойынша жұмыс ұйымдастыру




БҚ 1- БҚ11


ЖКП 04

Тәрбие теориясы әдістемесі

Тәрбие жұмысының әдістері.Қазіргі замандағы мектептегі тәрбиеге қойылатын басты талаптар. Мектептегі қазіргі тәрбие жұмысының негізгі бағыттары мен мазмұны. Тәрбие жұмысы жүйесіндегі сендіру, ынталандыру. Қазіргі мектептегі қоғамдық бірлестіктерде ұлттық мінез. Сабақтан тыс уақыттағы тәрбиелік шаралар. Студенттердің (білімді, шеберлікті, дағдыны) меңгере білуі. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері. Сынып жетекшісінің міндеттері. Сынып сағатының құрылымы. Мен талаптары. Сынып сағаттарын талдай білу. Оқушы ұжымын қалыптастыру жолдары. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың «Болашақ» атты қоғамының ережелері. Тәрбиелеу әдісінде «Атамекен», Жұлдыз», Қазына», Кәусәр бұлақ» бағдарламаларын қолдану. Жанұялармен, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс. Тәрбиелеу жұмысында халықтық педагогиканы қолдау.



Білімдер:

- оқушылардың психологиялық-педагогикалық мінездемелерін білу;

- тәрбиенің мәні, міндеттері, мазмұны, формалары және әдістері;

- қазіргі заман жағдайындағы тәрбиенің психологиялық-педагогикалық мәселелері;

- педагогикалық қатынастың психологиясын білу;

- тәрбие мәселелері жөніндегі ҚР мемлекеттік құжаттары;

- тәрбиенің альтернативтік әдістері;

- халықтық педагогикада қолданылатын негізгі педагогикалық түсініктерді;

- халықтық тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, негізгі формаларын, әдістерін, құралдарын, факторларын, оқыту мен тәрбиелеу теориясын білу;

- тұлғаның жас ерекшелік дамуының заңдылықтарын және жас аралықтарының психологиялық-педагогикалық сипаттамасын;



Іскерліктер:

- өзін-өзі дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру;

- арнайы педагогикалық және психологиялық әдебиетті талдау;

- мұғалімдердің тәрбие саласындағы тәжірибелерін бақылау және талдау; негізгі педагогикалық түсініктерді пайдалану; тәрбиенің альтернативті әдістерін, халықтық тәрбиенің формаларын, әдістерін, құралдарын қолдану.



БҚ 1- БҚ11


ЖКП 05


Заманауи оқыту құралдары

Фото жұмыс

Фотоаппараттар мен объективтер. Фотографиялық түсірілім. Сандық фотоаппараттың құрылғысы. Сандық фотоаппараттың жұмысы. Сандық фотографияның артықшылықтары мен кемшіліктері.

Мультимедиа-технология. Мультимедиа-технологияның қағидалары, қолданылуы. Компьютердің аппараттық бөліміне қойылатын талаптар.

Интернет-технология. Интернетке қосылу. Интернеттің ресурстары. Электрондық пошта. Телеконференция.

Интерактивтік технология. Кеңселік технологияларды басқарудың технологиясы. Принтер, оның түрлері. Сканер, оның түрлері. Факс. Ксерография.



Білімдер:

- оқытудың техникалық құралдарының құрылғыларын, олардың жұмыс жасау қағидаларын;

- мультимедиялық технологияларды, оларды қолданудың қағидаларын;

- интернет-технологияның қызметтерін.



Іскерліктер:

- практикада оқытудың техникалық құралдарын, интернет-технологияны қолдану, сканерлеу, көшіру, сабақ өткізуде техникалық құралдардың заманауи түрлерін пайдалану.





БҚ 1- БҚ11


ЖКП 06

Әлемдік көркем мәдениет

Алғашқы адамдардың мәдениеті. Ежелгі әлем мәдениеті. Антикалық әлем мәдениеті. Ежелгі Рим мәдениеті. Орта ғасыр мәдениеті. Дамыған феодолизм өнері. Гуманизм және Италияда пайда болуы. Кейінгі орта ғасырдағы мәдениет.

Дәуірдің көркем бағыттары. Ағарту. Романтизм, Реализм – көркем мәдениеттің бағыттары. Пейзаж өнері. ХХ ғасыр мәдениеті. Халық шығармашылығы – халық мәдениетінің көзі. Қазақстан мәдениеті.


Білімдер:

- әлемдік көркем мәдениеттің негізгі құрылу кезеңдері мен даму барысын;

- әлемдік көркем мәдениет жауһарларын;

Іскерліктер:

- өнер жөнінде әңгіме, сұхбат, сынып сағаттарын өткізу; өзара жақын өнер түрлерінің (сыршырай, әдебиет, музыка) өзара әрекеттестігінің әдістерін меңгеру.



БҚ 1- БҚ11


ЖКП 07

Анатомия мен жас ерекшелік физиологиясы

Пән мазмұны. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. Нерв жүйесінің жалпы құрылымы, маңызы. Вегетативтік нерв жүйесі. Жоғары нерв қызметі. Рефлекстер. Қабықтың анатомды-синтетикалық қызметі. Жоғары нерв қызметінің түрлері. Анализаторлар. Тірек- қимыл апараты. Жүрек тамырлар системасы. Тыныс органдары. Ас қорыту органдары. Заттар мен знергия алмасуы. Зәр шығару органдары. Ішкі секреция бездері. Тері. Мінез-Құлықтың психофизикалық аспектілері.




Білімдер:

- адамның тірек-қимыл аппаратының, сүйек-бұлшық ет құрамының, жүйке жүйесін, сонымен қатар жоғары жүйке қызметі мен анализаторлық жүйенің физиологиясын;

- балалардың, жасөспірімдердің және ересектердің организмдерінің құрылысы мен қызметін;

Іскерліктер:

- алған білімін практикалық қызметте, тұрғындармен ұйымдастырушылық педагогикалық дене шынықтыру жұмысын ұйымдастыруда қолдану, дене шынықтыру және спорт жаттығуларында қолданылатын дене жаттығуларын талдау.



БҚ 1- БҚ11


ЖКП 08

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Құжаттар. Олардың функциялары және оларды ресімдеу әдістері. Құжаттар жүйесі. Іс номенклатурасы. Іс қағаздарын жүргізу технологиясы және ұйымдастыру. Қызметтік құжаттарды даярлау және құру.




Білімдер:

- ресми кеңселік құжаттар түрлері туралы түсінікті;

- қызметтік хатты құру әдісін, құжаттардың классификациясы мен оларды жүргізуді;

- мемлекеттік тілде іс құжаттарын құру технологиясын;

- ПЭЕМ қолдануды және кіріс-шығыс құжаттарды тіркеуді;

- құжаттарға қойылатын талаптарды,

- құжатпен қамтамасыз ету басқармаларын, олардың функцияларын.

Іскерліктер:

- стандарт бойынша құжат бланкілерін ресімдеу;

- іс құжаттарын құру;

- анықтама-сөздікті, арнаулы сөздіктерді қолдану;

- реквзиттерді дұрыс толтыру, қызметтік хатты құру, іс номенклатурасын, индекстеу;

- ақпаратты-анықтамалық, ақшалы және қаржылық құжаттарды АБЖ жағдайында оларды өңдеу.




БҚ 1- БҚ11


АП 00

Арнайы пәндер

АП 01


Конструкциялау және моделдеу технологиясы

Конструкциялау және моделдеу негіздері. Терминология, конструкция және модельдеу тәсілдері мен әдістері. Бұйымдарды дайындауда жоспарлау процесі. Бұйымдар нобайын салу технологиясы, сызбалардың құрылысы. Детальдардың материалдарын және көлем түрін анықтау. Бұйымдарды конструкциялауда детальдарды қосу әдістері. Бұйымдарды дайындауда жоспарлау процесі. Қарапайым бұйымдарды модельдеу мен конструкциялау. Любакс» әдісімен төс, бөксе нормаларын анықтау.



Білімдер:

- техникалық шығармашылықтың ұйымдастырушылық негіздерін;

- қоғамдық өндірістегі техникалық шығармашылықтың оқушыларды дайындаудағы перспективалы мақсат ретінде дамуы мен жетілуінің сипаты.

Іскерліктер:

- техникалық үйірменің бағдарламасын жасау және ондағы жұмысты ұйымдастыру;

- техника бойынша жалпы іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу.

Дағдылар:

- техникалық объектілерді және олардың модельдерін техникалық үйірме қызметінің мазмұнына сәйкес конструкциялау әдістері.



БҚ 1- БҚ11

КҚ 3.1.3



АП 02

Материалтану

Қағаз бен картон.Қағаз картонның пайда болу тарихы. Қағаз бен картонның түрлері мен қасиеті. Тоқыма материалдар. Талшықтар мен ЖГП-тердің түрлері мен қасиеті. Маталар. Тоқыма тоқу. Мата емес материалдар. Ағаш және ағаш материалдарының түрлері мен қасиеті. Металдар мен қорытпалар. Металдар мен қорытпалардың түрлері мен қасиеттері. Шыны мен пластмасса. Шыны мен пластмассаның түрлері мен қасиеті.



Білімдер:

- материалдың құрылысын;

- материалдың қасиетін;

- материалдың қолданылу аймағын;

- негізгі конструкциялы материалдарды;

- материалдарды өндірудің негіздерін.



Іскерліктер:

- міндеті бойынша түрлі материалдарды қолдану.



Дағдылар:

- материалдардың қасиетін анықтау.



БҚ 1- БҚ11

КҚ 3.1.2



АП 03

Жалпы электротехника

Электр, күшті және жарықтандырушы қондырғылар туралы мәліметтер. Сызулар мен схемалар. Қауіпсіздік техникасы ережесіталаптары. Жылытқыш, механикалық,тұрмыстық, электр приборлар мен машиналардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері. Тұрмыстық және электр приборларының ақауларын табу және жөндеу.





Білімдер:

- тұрақты және айнымалы токтың негізгі параметрлерін;

- бір фазалы және үш фазалы электр тізбектерді;

- генератор мен қозғалтқыштың қиыстырмасын, олардың жұмыс істеу принципін;

- қорғаныс аппаратурасын;

- жартылай өткізгіш құралдарды;



Іскерліктер:

- дайындық жұмыстары мен жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау;

- электр тізбегін жинау;

- айнымалы токтың параметрін анықтау;



Дағдылар:

- электр схемасын құру және оқу;

- электр өлшеуіш құралдарды қолдану;

- электр тізбегінің есебі.



БҚ 1- БҚ11

КҚ 3.1.4


АП 04


Сызу

Қазіргі кезеңдегі сызу және графикалық білім мен іскерліктің ролі. Техникалық ойлауды, кеңістікті елестетуді дамыту. Графикалық бейнелеудің негізгі әдістері және хабар беру процесінде қолданылатын шартты белгілер.Сызбаны,эскизді,схеманы түсіне оқи және орындай білу.Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту мен рационалдау.




Білімдер:

- жұмыс орнын ұйымдастыру ережесін;

- сызба материалдарымен, құралдармен, жабдықтармен жұмыс істеу ережесі мен тәсілдерін;

- шартты белгілердің түрлерін (масштабтық, сызықтық, масштабтан тыс), шартты белгілерді белгілеудің тәсілдерін;



Іскерліктер:

- сызбада негізгі геометриялық сызбаларды қолдану;

- көлемдік сызбалардың көмегі арқылы кеңістік түрлерінің тапсырмаларын шешу тәсілдерін қолдану;

- күрделілігі орташа пәннің кешенді сызбасын құру.



Дағдылар:

- аксонометриялық (параллель) және орталық (перспективалық) проекциялардың әдістері бойынша заттардың проекциясын құру;

- бұйымдар мен заттардың сызбаларын оқу.


БҚ 1- БҚ11

КҚ 3.1.14



АП 05

Техникалық сурет

Аксонометриялық проекцияларды салудың негізгі ережелері. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Аксонометриялық проекция түсініктері.

Қарындашпен, бояумен, қаламұшпен жұмыс істеу. Адамның портретін,дене бітімін, киім түрлерінің кейбір элементтерін салу

(бас, аяқ киім). Киім стилін сақтау



Білімдер:

-адамның дене бітімінің, басының және оның бөліктерінің пропорциясын, киім стилін;



Іскерліктер:

-киім элементтерін салу: жаға, қалта, бүкпе, желбір, бас киімдер, аяқ киім; киімнің әртүрлі стилінің эскизін салу; түрлі бұрылыста отырған және тұрған адамның портретін, дене бітімінің суретін салу.

Дағдылар:

- түрлі көркем материалдармен сурет салу, адамның дене бітімінің пропорциясын жеткізу.



БҚ 1- БҚ11

КҚ 3.1.14





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет