Ұлы Дала Алтын Ордалық кезеңде (XIII-XV ғғ.)


Алтын Орданың этникалық құрамы



бет3/3
Дата24.07.2023
өлшемі28.97 Kb.
#475797
түріҚұрамы
1   2   3
лы Дала Алтын Ордалы кезе де (XIII-XV .)

Алтын Орданың этникалық құрамы
Алтын Орда этникалық құрамы жағынан күрделі мемлекет болған. Оның құрамына бір-бірінен қоғамдық-экономикалық даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары – ең көбі қыпшақтар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т.б. болды. Отырықшылардан бұлғарлар, орыстар, черкастар, хорезмдіктер, т.б кірді. Мұнда моңғолдар саны аз болды. ХІІІ ғ. аяғы мен ХІV ғ. моңғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орданың халқы «татарлар» деген атау алды [3; 118 б.].
Шыңғыс хан өзіне жақындатқан негізгі төрт ру болды. Бұл рулар 1206 жылғы құрылтайда Шыңғыс ханды ақ киізге отырғызып, моңғол тайпаларының ханы етіп салайды. Осылай 1206 ж. бастап Моңғол империясының негізі қаланып, оның негізгі этникалық құрылымын наймандар, қияттар, меркіттер және керейлер құрайды. Әр заманда осы төрт тайпа Шыңғыс ханның және оның мирасқорлары
құрған хандықтың орталық тайпалары болды. Жошы Ордасының құрылған кезінде Шыңғыс хан отар-отар қой, үйір-үйір жылқы, ірі қара мал және оларды бағып жүргендермен қоса Жошыға найман тайпасының құрамынан екі ірі ру – Балталы және Бағаналы руларын бөліп берді. Бұл рулар Алтын Орданың құрамына кіріп, Орда әскерінің негізін құрды. Белгіленген рулар бүгінгі күні де Жошы ұлысы болған территорияда мекен етеді, яғни Ұлытау тауларынан оңтүстікке қарай Қарағанды облысында. Алтын Орданың негізгі халқын қазақ тайпалары мен татарлар құрады. Бұл тайпалар Алтын Орданы билеуші тайпаларына айналды.Араб деректемелерінде көрсетілген қыпшақ тайпалары деп аталған ноғай халқының тайпалық құрылымы келесі түрде көрсетілген:
1. Қият 12. Ошақты
2. Жалаир 13. Алшын
3. Қаңлы 14. Жетіру
4. Албан 15. Арғын
5. Суан 16. Найман
6. Дулат 17. Қыпшақ
7. Шапырашты 18. Керей
8. Сіргелі 19. Меркіт
9. Шаңышқалы 20. Қоңырат
10. Ысты 21. Маңғыт (ноғай)
11. Сарыүйсін 22. Уақ
Жошы ұлысын мекендеген басқа түрік тайпалары туралы деректер табылған жоқ. Қалған халықтарды араб тарихшылары орыстар мен шеркестер деп атайды.
Кейінірек керейлерден Абақ-Керей, Ашымайлы-Керей рулары бөлініп, Керей тайпасы деп аталды. Керейттердің қалған рулары басқа елдердің құрамына еніп (қырым татарлары, өзбек, қарашай, қарақалпақ), қазір Қазақстанның Батыс бөлігінде мекен етеді. Олардың саны азайып, Керейт деген жалпы атаумн Жетірудың құрамына кірді.
Алтын Орда дәуірінде қазақ тайпалары жүздерге бөлінген жоқ. Жүздерге бөліну әкімшілік қажеттіліктен туған құбылыс болды. Қазақ халқының жүздерге бөліну кезінде қазақ халқының құрамынан қияттар, маңғыттар және қожалар бөлініп кетті. ХV-XVI ғғ. маңғыттар Алтын Орданың құрамында жаңа автономия – Ноғай ордасын құрды.
Ноғай Ордасына қыпшақтардың, наймандардың, керейлердің шағын бөлігі қосылды [4; 357 б.].
Жоғарыда аталып кеткендей Алтын Орданың негізгі құрамын қазақ тайпалары құрады, ал моңғолдар болса жергілікті халықпен сіңісіп түріктенді. Бірақ қазіргі кезде ғалымдардың көбі Шыңғысханның шығу те
тегі туралы мәселені қайта қозғап отыр.Ғалымдардың пайымдауынша «моңғол» сөзі түріктің(қазақтың) «мың» және «қол» сөздерінен тұрады. Бұл атауды Шыңғыс ханның өзі көшпелі тайпаларды біріктіру үшін шығарған деген болжам бар.
Араб деректерінде де Алтын Орда қыпшақ немесе татар ұлысы деп беріледі. Ал халықтың жалпы атауы ноғайлы елі деп аталады.
Селбесу (Симбиоз; грек, symbiosis — бірге тұрушылық) — әр түрлі екі немесе бірнеше организмдердің тұрақты бірге тіршілік етуі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет