Ұлы дала ұбт білім беру орталығының Биология пәнінің мұғалімі: Абылқасымова Зере Биология пәнінен Зат тасымалы бөлімі



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата19.11.2022
өлшемі0.83 Mb.
#465247
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
№8 зат тасымалы бөлімі



ҰЛЫ ДАЛА ҰБТ 
БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ
Биология пәнінің мұғалімі: Абылқасымова Зере 
Биология пәнінен 
Зат тасымалы бөлімі 
 
1. Өсімдіктердегі тасымалды қамтамасыз етеді: өткізгіш ұлпа 
2. Өткізгіш ұлпаның өткізгіш элементтері: трахеидтер, түтіктер, сүзгілі түтікшелер 
3. Заттардың жоғары ағысы: су мен минералды заттар тамырдан жоғары қарай сабақ арқылы 
ағаш сүрегі бойымен көтерілуі 
4. Сүзгілі түтікшелер: жапырақтағы органикалық заттардың өсімдік бойымен таралуы 
5. Заттардың төменгі ағысы: өсімдіктердің қоректік заттармен қамтамасыз етуі 
6. Өсімдіктерде зат тасымалдау қызметін атқарады: тамыр, өркен 
7. Өркеннің негізгі бөлімі: сабақ 
8. Сабақтың қызметтері: Тіректік, Тасымалдаушы 
9. Тамыр оймақшасы: қабыршақтанып, түлеп отыруға қабілетті, дөңгелек ірі жасушалардан 
тұрады 
10. Тамыр оймақшасы: сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі 
11. Шырыш: өсіп келе жатқан тамырдың ұшын ылғалдандырады 
12. Тамыр оймақшасының қызметі: бөліну аймағындағы тамыр жасушаларын механикалық 
зақымданудан сақтайды. Оң геотропизмді қамтамасыз етеді 
13. Оң геотропизм: өсіп келе жатқан тамырды тереңдікке бағыттайды 
14. Бөліну аймағы: тамырдың басқа жасушаларының өсуіне бастама береді 
15. Өсу аймағы: бөліну аймағынан кейін орналасқан, түзуші ұлпа жасушаларынан тұратын 
бөлімі 
16. Өсу аймағы: тамырдың бөлігі ұзарады, созылады 
17. Сору аймағы: өсу аймағынан кейін орналасқан, сыртқы жасушалары өсінді түзеді. 
18. Сору аймағы: тамыр түктері болады 
19. Тамыр түктері: қабықшасы жұқа, шырышты, үлкен орталық вакуолі бар 
20. Тамыр түктерінің қызметі: өсімдік тамыыр топыраққа берік бекінеді 
21. Тамыр түктері: топырақтан қоректік заттарды соратын сорғыштар 
22. Сору аймағынан кейін орналасқан өткізгіш ұлпалар: тін, сүрек 
23. Тін: жапырақтан келетін органикалық заттарды тасымалдайтын ұлпа 
24. Сүрек: түтіктен өтіп, су мен минералды заттар көтеріледі 
25. Тамырдың ортаңғы бөлігінде орналасқан: тін, сүрек 
26. Тамырдың жуандап өсуіне жауапты түзуші ұлпа: камбий 
27. Өткізу аймағы: тамырдың үзындығы жағынан ең үлкен аймағы 
28. Егер тамырдың ұшын кесіп тастаса: тамыр ұзарып өсуін тоқтатады, жанама тамырлары 
тармақталып, өсімдіктің қоректік заттарды сіңіру ауданын ұлғайтады 
29. Өсімдіктерде су мен минералды заттардың тасымалдануы жүзеге асады: тамырдың 
сору аймағындағы тамыр түктері арқылы 
30. Түтіктер: еріген бірқатар жасушадан түзілген қуыс 
31. Тамыр қысымы: су мен минералды заттарды сабақ пен жапыраққа жылжытатын күш 
32. Тамыр мойны: сабақтың тамырға өтетін бөлімі 
33. Жүйкелер: жапырақтың түтікті талшықты өткізгіш шоқтары 
34. Лептесік: екі жанасушы жасушамен шектелген саңылау 
35. Эпиблема: тамырдың бірінші реттік қабығы жасушаларының жоғары бір қабаты 
36. Эпиблема болады: тек сору аймағында 
37. Тамырдың орталық цилиндрі: ксилема мен флоэма болады 
38. Орталық цилиндрдің түзуші ұлпасынан дамиды: (перицикл) жанама тамырлар 
39. Перициклден түзіледі: камбий 
40. Камбийдің қызметі: жуандатып өсіру
41. Перицикл: жанама тамырларды қалыптастырады 
42. Қабық: жыл сайын қалыңдайтын тоз қабатынан түзілетін бөлімі 


43. Қабаттары: өң, тоз, тін 
44. Қабықтың ішкі жағын алып жатыр: тін 
45. Тіннің құрамы: сүзгілі түтік пен серік жасуша 
46. Тін талшықтарының қызметтері: сабаққа серпімділік пен иілгіштік қасиет береді 
47. Тіннің астындағы түзуші ұлпа: камбий 
48. Камбий: жасушалары бөлінеді, сабақтың барлық ұлпалары түзіледі, сабақ жуандап отырады 
49. Сүрек: камбийдің астында орналасқан бөлімі 
50. Сүректің құрамы: түтікшелер мен талшықтар 
51. Сүрек: ең қалың, қуатты бөлімі. Ол тақта, жиһаз, шере жасау үшін қолданылады 
52. Сүректің құрамына кіретін ұлпалар: тірек, өткізгіш, негізгі 
53. Өзек: сүректен кейін орналасқан сабақтың ортаңғы бөлімі 
54. Өзек: ірі, қабырғасы жұқа, бір біріне тығыз жанасқан жасушалардың жиынтығы 
55. Өзектің қызметі: қор жинау 
56. Өркен: өсімдіктің сабақ, жапырақ, бүршіктен тұратын жерүсті бөлімі 
57. Төбе бүршігі: өркеннің жоғары ұшында орналасқан бүршік 
58. Жанама бүршіктер орналасады: жапырақ қолтығында 
59. Жапырақ қолтығы: жапырақ пен сабақтың арасында орналасқан 
60. Буын: жапырақтың, бүршіктің қолтықта бекінген орны 
61. Буынаралық: буындардың аралығы 
62. Буынаралық ұзын болса: ұзарған өркен 
63. Буынаралық қысқа болса: қысқарған өркен 
64. Өркеннің осьтік бөлімі: сабақ 
65. Ағаштардағы негізгі өркен: дің 
66. Стрелка: тамырсабақтан, тамырдан өсетін, гүлі н/е гүлшоғыры бар жапырақсыз сабақ 
67. Шырмалғыш сабақты өсімдіктер: шырмауық, құлмақ 
68. Түрөзгеріске ұшыраған жерасты өркендер: тамырсабақ, түйнек, пиязшық 
69. Бір бірінен ажырмайтын өсімдік мүшелері: тамыр, өркен 
70. Өсімдік организмінің тіршілік процестеріне бірдей әсер ететін мүшелер: тамыр, өркен 
71. Әртүрлі типке жататын жасушалардан тұратын өткізгіш ұлпа: ксилема, флоэма 
72. Ксилема: өткізуші элементтері өлі жасушадан тұрады. 
73. Ксилема (сүрек): су алмасуды қамтамасыз етеді, жоғары сатылы өсімдіктерде жақсы 
дамыған 
74. Трахеид: өз қабырғасында бір жағынан екінші жағына тесіп өтетін саңылау түзбейтін 
өткізгіш жасушалар 
75. Трахеидтер өзара жалғасады: саңылау 
76. Ксилема: су өткізгіш элементтерден басқа талшықтар механикалық қызмет атқарады 
77. Ксилемада тірі жасушалар да болады оларды сүректің паренхимасы деп атайды 
78. Паренхималар түзеді: өзек сәулелерін 
79. Флоэма: өткізуші элементтері жасушаны тірі сақтайды 
80. Флоэма (тін): әртүрлі типті жасушалардан түзілген күрделі ұлпа 
81. Сүзгілі элементтер: жапырақтан органикалық заттарды өткізгіш негізгі жасушалар 
82. Ксилема мен флоэма: түзуші төбелік ұлпадан дамиды 
83. Жоғары сатылы өсімдіктерде сүзгілі элементтердің типтері: сүзгілі жасуша, сүзгілі түтік 
84. Сүзгілі жасушалар: қырықжапырақтәрізділер мен ашық тұқымдылардағы сүзгілі 
элементтер 
85. Сүзгілі түтікшелер: жабықтұқымдылардағы сүзгілі элементтер 
86. Серік жасуша: біршама тығыз цитоплазмасы болады, ядросыз сүзгілі жасушаның, 
түтікшенің жұмыс белсенділігіне әсер етеді 
87. Саңылау: жасуша арасында зат тасымалдануды жүзеге асыратын жасуша қабығындағы 
тесіктер 
88. Трахеидтің саңылаудан айырмашылығы: тесіктер бір жағынан екінші жағына тесіп 
өткен 


89. 
90. 
91. Қанайналым жүйесінің қызметтері: Дене температурасы мен организмнің ішкі 
тұрақтылығын сақтайды; Мүшелерді өзара байланыстырады; Ұлпалар мен мүшелердегі газ 
алмасуды реттейді 
92. Қанайналым жүйесінің Түрлері: ашық, тұйық 


93. 
94. Тұйық қанайналым жүйесінде қан: тұйық тамырлар жүйесі арқылы айналады, жүректен 
шыққан қантамырлар арқылы мүшелер мен ұлпаларға таралып, одан соң жүрекке қайтып 
келеді 
95. Тұйық қанайналым жүйесі тән: буылтық құрттар, желілер 
96. Ашық қанайналым жүйесі тән: былқылдақденелілер, бауынаяқтылар 
97. Ашық қанайналым жүйесінің ерекшеліктері: қан қысымы төмен, қанның денеге 
таралуының қиындығы, қан жүрекке өте жай қайтады 
98. Шұбалшаңның қанайналым жүйесі: арқа мен құрсақ қантамырынан тұрады 
99. Шұбалшаңның әр буылтығындағы байланыс: сақина тәрізді байланыстырғыш тамырлар 
100. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет