«Ұлы даланың биігі-Тәуелсіздік» Мақсаты


Барысы: 1.Ән «Көк тудың желбірегені» (Берікжанов А.)



бет2/2
Дата03.01.2022
өлшемі31.16 Kb.
#450452
1   2
тәрбие сағаты ұлы даланың биігі Тәуелсіздік

Барысы:

1.Ән «Көк тудың желбірегені» (Берікжанов А.)

- Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады.  1991 ж. 16 желтоқсанда Тәуелсіздік Декларациясы қабылданып, Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады. «Ұлы даланың биігі-Тәуелсіздік»  атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен  қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне арналады. Тәрбие сағатымызды төмендегі жоспар бойынша жүргіземіз:



1. Кіріспе.

Тәуелсіз ел- Қазақстан.

2. «Түбін білмеген тексіз»

А.Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар.

Ә.Тарихи оқиғалар тізбесі.

3.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер.

4. Қорытынды.

Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың.Жүгі нарда , қазаны теңде болып, көшіп -қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген.  Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.

1-оқушы: Қазақ халқы азаттык үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

Мұғалім: Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті.  Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1836-1838 жылдардағы Ішкі Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Бұл көтеріліс Ресей патша үкіметіне қарсы бағытталды. Қазақ шаруаларының жерлерін тартып алып , орыс шаруаларына үлестіріп берген  олар халықтың ашу-ызасын тудырды. Исатайдың серігі, ақын Махамбет Өтемісұлы өз жырларын осы тақырыпқа арнады.

1917 ж. бастап қазақ елі кеңес елінің құрамында болды. 1925-1933ж.ж. Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп , «Кіші Октябрь» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырына  тіреп негізгі күн көрісі мал болған қазақтар екі-үш жылда малдарынан түгел айрылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. қазақ аштықтан қырылды.

1937ж. асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. (Қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың портреттері)

Мұғалім:

 «1941-1945ж.ж. адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді» ( Кеңес Одағының Батырлары - слайд)

Мұғалім:1986 ж. желтоқсаны.

Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар Алматы алаңына еріккеннен шыққан жоқ, алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл кеңес еліне таратылды. ( Желтоқсан оқиғасы жайлы бейнежазба көрсетіледі)

Мұғалім:1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика болып жарияланды.

Оқушылар Мемлекеттік рәміздер жайлы білетіндерін ортаға салады.



ІІІ 1991-2020 жылдар аралығында Қазақстан қандай жетістіктерге жетті.Мұғалім жетістіктерді атайды. Оқушылар таратып алған гүлдің не жапырақтың стикері арқылы жетістік уақытын дәл тауып бәйтерек ағашының басына іліп гүлдендіреді. 

1991ж. 29 тамызда

Семей полигоны жабылды.

1991ж. 2 қазанда

Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1991ж. 1 желтоқсанда

Тұңғыш президентіміз сайланды.

1992ж.  2 наурызда

Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып кірді.

1992ж. 4 маусымда

Қ.Р. Мемлекеттік рәміздері қабылданды.

1993ж.15 қарашада

Ұлттық валютамыз-теңге айналымға енді.

1994ж.19 маусымда

Ядролық қаруды таратпау  туралы келісімге қол қойылды.

1995ж. 30 тамызда

Жаңа Конституцияның қабылдануы.

1996 жылы


Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік монументі» ашылды

1997 жылы 11 шілдеде

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды.


1998ж. мамырда

Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді.

1999ж. 10 қаңтар

Президент сайлауы болды.

2000ж.

«Мәдениетті қолдау жылы» Түркістанға 1500жыл толды.

2001ж.

2001 жыл - осы жаңа ғасыр тұсында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толды.

2001-2010 жылдары -Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Мемлекет басшысының  бастамасы бойынша «Тілдің үш тұғырлығы» ұлттық мәдени жобасы іске асырылды.



2002ж.

«Денсаулық жылы» деп аталды.

Евразияның кіндігі - Астананың төрінде, сулы жасыл-желекті бульвар орталығынан -  шыңына алтын шарды көтерген күміс түсті жарқыраған мұнара - «Бәйтерек» монументі пайда болды. Ол көкке ұмтылған Астананың символына айналды. Н.Ә.Назарбаев жасаған сызба-нұсқаның жобасы негізінде тұрғызылған «Бәйтерек» халықаралық байқауда ТМД елдеріндегі 2002 ж. ең үздік нысаны ретінде алтын медальға лайық деп танылды. Оның биіктігі 97 метр.



2003ж.

Ойын-суық кешен-аквариум «Думан» дүниежүзілік мұхиттың ең шалғайдағы бөлшегі іспеттес Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

2004ж.

«Қазақстан –Ресей жылы» болды.

Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды.



2005ж.

Байқоңырдың  50 жылдығы аталып өтті.

Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.



2006ж.

Республиканың жаңа әнұраны қабылданды.  Әнұран негізіне композитор Ш.Қалдаяқовтың (сөзі Ж.Нәжімеденовтың) 1950 жыдары жазылған  «Менің Қазақстаным» әні алынды.  Қолданыстағы әнұранның заңды авторларының бірі - Н.Ә.Назарбаев

2007ж.

«Қазақ тілін қолдау » жылы болды.

2009ж.

«Ана мен бала жылы»

2010ж. 12 желтоқсан

Астана қаласында Еуразиялық Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтті.

2011ж.

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы тойланды.

2012ж.

Қазақстан спортшылары жазғы олимпиадалық ойындарда жетістіктерге жетті.

2012 ж.

Қазақстан «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін жүргізуге мүмкіндік алды.

2013 ж.

«Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.

Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды.

2014ж.

Ең негізгі саяси оқиғасы атанған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы

2015ж.

Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы атап өтті.

Осы жылы қазақтың 3-ші ғарышкері Айдын Айымбетов ғарыш көгіне самғады.

2016ж.

Тәуелсіздіктің 225 жылдығы аталып өтілді.

2017ж.

ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» атты көрме өтілді.

2018ж

Қазақстан БҰҰ қауіпіздік кеңесіне төрағалық етуі

2019ж

Тұңғыш елбасы президенттік өкілеттілігін тоқтатып орнына К.Тоқаев билік басына келді

2020ж




 4. «Тәуелсіздіктің 7 қыры» циклі бойынша түсірілген деректі фильмдердегі маңызды оқиғалар.Оқушылар талдауы

 

Қорытынды:



Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

 

Ән «Атамекен»



«С.Бекбосынов атындағы орта мектебі»КММ

Тәрбие сағаты



тақырыбы:

Ұлы даланың биігі-Тәуелсіздік!

сыныбы:9

сынып жетекшісі: Ж.Ибраева

2020-2021 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет