Ұлы даланың жеті қыры тарих пен болшақтың алтын көпірі



Дата23.08.2022
өлшемі15.15 Kb.
#460014
Ұлы даланың жеті қыры


Ұлы даланың жеті қыры - тарих пен болшақтың алтын көпірі
Әр халықтың сан ғасырлық тарихы бар. Ал біздің қазақ халқының тарихы сонау тереңде жатыр. Адам өткен тарихын жақсы білмесе, болашаққа нық қадам баса алмайды. Біз өз ұлтымыздың, өз еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін , әдет-ғұрпын ұмытпай, қастерлей білуге тиіспіз. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу біз үшін қаншалықты маңызды? Тарихқа көз жүгіртсек, талай қиындықтар мен тағдырдың ауыр соққылары қазақ халқының басынан аз өтпегенін көреміз.
Түрлі нәубетті басынан өткізген халқымыз бүгінгі күні өз тәуелсіздігін алып, дамыған елдердің қатарында болашаққа қадам басып келеді. Бұл күнге жетуіміздің басты себебі- ата-бабаларымыз бен аға-әпкелеріміздің өз елі үшін аянбай қан мен терін төгуінің арқасында. Біз осынау бақытты заманға кімнің арқасында жеткенімізді ұмытпауымыз керек және өз еліміздің тарихын терең біліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білуге тиіспіз.
ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – құнды дүние. Мақала «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерден тұрады. « Ұлт тариxындағы кеңістік пен уақыт» бөлімінде қазақтың атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургиясы, аң стилі, Есік қорғанынан табылған Алтын адам, Ұлы Жібек жолы және т.б. құндылықтарымыз туралы айтылса, « Тариxи сананы жаңғырту».бөлімінде ұлы даланың ұлы есімдері, ежелгі өнер, дала фольклоры мен музыкасы және тариxтың кино өнері мен телевизиясы туралы баяндалған. Шынында да, тарихтың сонау терең сахнасына үңілсек, халқымызда киелі саналатын төрт түліктің бірі- жылқының адам үшін атқаратын қызметі жоғары бағаланады. Бұл түлік- ата-бабаларымыздың жан серігі, айрылмас досы болған.. Атқа міну салтының негізін қалаған- біздің халық.
Этнографиямызға шолу жасасақ, халқымыздың қаншалықты бай екенін анық байқай аламыз. Салт- дәстүріміздің ерекшелігін, ұлттық аспабымыз домбыра, қобыз үнін естігенде тебіренбейтін жан жоқ, сірә!? Халқымыздың тілі де өте бай. Оның бірден- бір дәлелі-М. Әуезовтың «Абай жолы» роман -эпопеясы. Ұлы жазушы бұл туындысында халқымызың әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін айқын түрде бір сөзді екінші рет қайталамай, бай тілмен шебер суреттеп жеткізе білген. Сан алуан халық өз әлемінің кереметімен мақтанады. Ал мен үшін тарихы ең бай халық- қазақ халқы.
Тұңғыш елбасымыз: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы»,- деп атап өткендей, тарихымызды ұмытпайық, өткеніміз бен бүгінімізді бағалай білейік! Болашағымыз сонда ғана жарқын болатыны сөзсіз!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет