Дүние жүзіндегі атақты оқу орындарының бірі – Мәскеу Мемлекеттік Университетінде де біршама уақыт кафедра басқарып, дәріс берді. 50-жылдардың бас кезінде Фрунзе қаласында Қырғызстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-хатшысының басқаруымен Мәскеулік және жергілікті ірі ғалымдар қатысқан үлкен ғылыми жиналыс өтті. Онда қырғыздың ұлы эпосы – «Манас» жыры талқыланып, оған кері пікірлер айтылғанда жырды Мұхтар Әуезов қорғап қалды. «Манасты мансұқтау - ұлттың тілін кескенмен бірдей» - деп қарсы дәлел айтты. Заңғар жазушы, драматург, ғұлама ғалым, кемеңгер ұстаз Мұхтар Әуезов 64 жасында 1961 жылы Мәскеуде операция үстінде қаза болды - Әңгімелері:
- “Қорғансыздың күні”,
- “Жетім”, “Оқыған азамат”,
- “Үйлену”, “Барымта”,
- “Бүркітші”, “Үздер” т.б.
- Драматургиясы:
- “Еңлік-Кебек” (1917),
- “Қарагөз” (1926),“Түнгі сарын”,
- “Бәйбәше-тоқал” (1918),
- “Айман-Шолпан”(1934;1956),
- “Алма бағында”, “Шекара” т.б
- Повестері:
- “Қилы заман” (1928),
- “Қараш-қараш оқиғасы” (1927),
- “Көксерек”, т.б.
- Мұхтар Әуезовтың
- қаламынан көптеген әңгімелер туған.
- Негізгі тақырыптары - сол кездегі халықтың
- тұрмыс жағдайын көрсететін, өмір көріністерінен
- алынған туындылар. Қай әңгімесін алып оқысақ та,өмір шындығын көрсетіп отырғаны байқалады. Мысалы,
- «Қараш-қараш оқиғасы» - белгілі қоғам қайраткері
- Тұрар Рысқұловтың өмірінен хабардар етіледі.
- «Қорғансыздың күні» - қиын кезеңде тамағы үшін байдың есігінде жалшылықта жүрген, қорғаушысы жоқ,
- қиындықты көп көрген адам тағдыры баяндалады.
- Сол сияқты «Жетім» әңгімесі де оқырманын бей-жай
- қалдырмайды. «Жетім» әңгімесі –
- 1924 жылы жазылған.
|