Ұлы жібек жолы



Дата11.07.2016
өлшемі61 Kb.
#190322

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ


«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып,ШинжәңОрталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған.

Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б.з. дейіңгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтарға басталған. Бадахшан тауынын лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары тыбылып, оларды өндіре бастаұға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі.


Б.з. дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Кара теңіз өнірінен Дон бойына ,содан Оңтүстік Орал өніріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға,жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі ақабын мекендеген агрипейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен жібек ,ұлпандар мен терілер ,иран кілемдер,асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын .
Қымбат бағалы жібек қатысқан ,осылардың дәнекерлік демеуі аркасында сол кез ушін тансық болған бұл тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жеткен.
Б.з. дейінгі ІІғ орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда –саттықтың тұрақты желісі ретінде кызмет аткара бастайды .
Б.з.ІІ-V ғғ егер Шығыстан жүре бастасақ ,Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып ,Ланчжоу манындағы Хуанхэ өткеліне баратын да одан әрі Нань-Шаннің солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айырылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсұға, сосын Бедел асуы арқылы Ыссық көлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, хотан Яркенд, Бақтрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай шырқап кететін; бұл Оңтүстік жолы деп аталатын. Ал, Солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқар, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға баратын.
Б.з. VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар». 
VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес. 
Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-Ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін сақталған. 
Архиология және архивтік материалдар бойынша 
VII-VIII ғасырларда Отырардың билеушісі өзін теңдесі жоқ «Отырарбенді патшасы » деп атаған. Қала аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі –Кедер IX-X ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан ең өскен қала екен. 
Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі-Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстианның елшісі Земарх Килликискийдің Батыс түрік қағанаты Дизабулға берген есебінде Тараздың да аты аталған. Шамамен 680 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды. 
VII ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылықтан қорғау кезінде түрік, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басын алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар.
X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші-Қарахан күмбезі. Өкінішке орай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта тұрғызылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана. 
Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында төменгі Барысхан, Хамукет, Жікіл, Адахкет, Ден, Нуджикет, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатты. Сондай-ақ Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан. 
XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Яссауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады. 
Сырдариядағы ірі қала-Сығанақ. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қилысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ –ата жұрты бар. 
X-XII ғ. Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бірқатар қалалар –Қарашоқы, Қарнақ, Ашынас, Баршылылықкент т.б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы-шахристаннан рабадқа ауысқан.
Қазақстан жеріндегі халықтардың зкономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Визиантия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VI- X ғ. Халықаралық саудада «Ұлы Жібек жолының» зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан Газгирдке, одан Испиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген.Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар «Жібек жолы»Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкет,Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті.
Тараздан «Жібек жолымен»Төменгі Барысханға,Құланға,одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып,Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жетеді екен.
Исфиджаб қаласынан солтүстікке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент,Баба-ата,Созақ қалаларын,одан кейін Орталық Қазақстан далаларын басып өтіп,Кеңгір,Жезді,Нұра,сондай-ақ Ырғыз бен Ертіс аңғарларына,қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтін болған.Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар,жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан.Өзендерге көпірлер салынған.Қалаларда сауда орны,ірі базарлар болған.Орта Азиядан шыны,асыл заттар,көп қолданылатын өнер бұйымдары,жылқы малы т.б шығарылып,Қытайдан жібек,фарфор,керамика әкелінетін.Шеттен әкелінетін бұйымдар-меруерттен,лазуриттен,маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген заттар.
Қалалардың өсіп өркендеуі,сауданың дамуы,ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған.Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды.Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1.  Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007

  2.  Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра

  3.  Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет