ІІІ Қорытынды
Мүшел жастағы жыл санауда халықтың сан ғасырлық көрген білгенінен, бастан кешкен уақиғаларынан қорытқан ақыл ойының жиынтығы, анықтамасы: табиғатта,өмірде үнемі қайталап тұратын уақиғалармен, құбылыстармен байланысты туған тоқсан ауыз сөзінің тобықтай түйіні.
Әр халықтың мүшел саны –кез-келген уақиғаның, мәселенің тұсында еске түседі тілге оралады.
Ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдің араласпайтын жанры жоқ. Еретегі, аңыз әңгіме, дастан-жыр, халық өлеңдерінде,тіпті жұмбақтармен тақпақтарда дасөз әрлеу,ойды өткірлеу үшін мақал-мәтелдер дәлел,айшық ретінде қолданылады. Біз өз зерттеуімізде жалпы мақал-мәтелдер ғана емес, киелі сандардың мақал-мәтелдерде кездесуін қарастырдық.
Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктіктерден көрінген. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақталып келген. Сондай-ақ, бұл киелі сандарды мақал-мәтелдерде тиімді қолдана білген. Осы дәстүрді жалғастыра отырып, біз де күнделікті сөйлеу мәдениетімізде киелі сандарды қолданып жүрсек, ісіміз әрдайым алға басар еді.
Зерттеу нәтижесінде біз 1 саны бар мақал-мәтелдердің көп екенін көрдік. Екінші орында 7 саны бар мақал-мәтелдер. Бұл қазақ халқының«сүйікті» саны. 2 саны бар мақал-мәтелдер үшінші орында. Жұп сандар - екі, төрт, алты, сегіз – әлдеқайда аз кездеседі. Сонымен, бір «бір», «екі», «үш», «бес», «жеті», «жүз» деген нақыл сөздер мен мәтелдерді жиі кездестіруге болады.
Біз өз жұмысымызда киелі сандары бар мақал-мәтелдерді зерттедік. Сандары бар мақал-мәтелдерді анықтау мақсатында әдебиеттерге талдау жасап, оларды жүйелендірдік. Олар мақал-мәтелдердің бірінші, екінші және үшінші орында тұрғанын анықтады. Халық даналығы қандай сандарға көбірек мақал-мәтелдер арнағанын анықтады.
Біздің зерттеу материалдарымыз пәнге деген қызығушылықты дамыту үшін математика, әдебиеттік оқу пәндері бойынша оқушылармен сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу кезінде пайдалы болуы мүмкін деп санаймыз.
Ұсыныс:
Киелі сандарды математика сабағында жиі әрі тиімді пайдаланса;
Киелі сандардың мақал-мәтелдерде қолданылуы туралы кітап шықса;
Ғылымымызға, тілімізге байланысты келіп қосылып жатқан мақал-мәтелдердегі киелі сандар туралы арнайы сайт ашылса.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ұ.Шүленбаева. Мақал-мәтелдердегі киелі сандар.-Алматы, Ана тілі газеті. №32.2004. 8-б.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 7 том. – Алматы: Ғылым, 1983. - 256 б.
Р.Наурызбаева. Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың мәнін ашу жолдары.//Бастауыш мектепте халықтық тәлім-тәрбие берудің шығармашылық жолдары. –Алматы, Білім.2006 ж. 36-б.
Достарыңызбен бөлісу: |