«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына



Дата09.07.2016
өлшемі31.67 Kb.
#187443



«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолданудың экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық ықтимал салдарларының болжамы
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындар мынадай негіздер бойынша талап етілмейді.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама (бұдан әрі - Хаттама) Келісімде ескірген, өзектілігін жоғалтқан және қолданылмайтын нормалардың болуына байланысты қабылданған болатын, ал бұл осы нормалар қолданылатын азаматтардың құқықтарын іске асыруға нұқсан келтіреді.

Хаттаманы ратификациялау ұлттық заңнаманың өзгерген нормаларына сәйкес заттай жеңілдіктердің орнына ақшалай төлемдер төлеуге мүмкіндік береді, ол Қазақстан Республикасында 1999 жылдан бері арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде жүзеге асырылып келеді.

Әлеуметтік саладағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың нысандары мен әдістерін жетілдіру проблемаларын одан әрі шешу мақсатында, ТМД шеңберінде келісілген әлеуметтік және құқықтық саясат жүргізу, азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы ұлттық заңнамаларды, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларды, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын әлеуметтік қорғау жүйелерін жақындату, үйлестіру арқылы қол жеткізуге болады.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама:

1994 жылғы 15 сәуірдегі Келісімді бірқатар ТМД қатысушы-мемлекеттердегі заттай жеңілдіктердің ақшалай төлемдермен ауыстырылуын (Хаттаманың 1-бабының 1-тармағы) ескере отырып жандандыруды;

1994 жылғы 15 сәуірдегі Келісім қолданылатын, тұрақты тұратын адамдар санаттарына арналған кепілдіктер тізбесін (Хаттаманың 1-бабының 1-тармағы) нақтылауды;

1994 жылғы 15 сәуірдегі Келісім мемлекеттерінің аумағына уақытша келетін адамдардың кепілдіктер тізбесін (Хаттаманың 1-бабының 6-тармағы) нақтылауды;

1994 жылғы 15 сәуірдегі Келісімге 1-қосымшаның атауын (Хаттаманың 1-бабының 6-тармағы) нақтылауды;

Украин КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстон КСР аумақтарында 1944 жылғы 1 қаңтар мен 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде заңсыз құралымдар мен топтарды (бандитизмді) жою жөніндегі ұрыс операцияларына тікелей қатысқан адамдардың санаттарын (Хаттаманың 1-бабының 7-тармағы);

Бұрынғы КСР Одағы азаматтарының қатысуымен ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттердің, қалалардың, аумақтар мен кезеңдердің Тізбесін (Хаттаманың 1-бабының 9-тармағы);

1994 жылғы 15 сәуірдегі Келісімге 2-қосымшаның атауын (Хаттаманың 1-бабының 10-тармағы) нақтылауды көздейді.

Көрсетілген Заңды қабылдаудың болжамды әлеуметтік және құқықтық салдарлары:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларды, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру;

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылардың, қаза тапқан әскери қызметшілер отбасыларының конституциялық кепілдіктерін іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық базаны нығайту;

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларды, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.



Қабылданатын Заңның қолданылуынан экологиялық салдар күтілмейді.

Министр Т. Дүйсенова



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет