Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Солай ғой, бірақ өлігін көре алмаған соң адамға Қиьгн болады екен,— деп күрсінді ана көзінің жасын



бет388/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   395
Jau tilinda 2

Солай ғой, бірақ өлігін көре алмаған соң адамға Қиьгн болады екен,— деп күрсінді ана көзінің жасын




сүртіп огырып. «Степан Сергеевичтің өлімін қалай ес- тіртер екенмін»,— деп қатты қиналып келген Жомарт ыңғайын тауып естірткеннен кейін, сол бір соғыстың бірінші күнін еске түсіргісі келді.

  • Есіңізде ме, Анна Ивановна, 22 июнь күні таң- ертёң қаладан шығып кетіп едік қой. Шекараға жа- қындай бергенде-ақ шабуыл жасап келе жатқан жау әскерінің алдыңғы бәлімдерімен соғыс басталып кетті. Сақадай сай келе жатқан жаудың танкалы құрамала- ры өйтіп, бүйткенше болмай, бізге тап берді. Бетпе-бет белдескен ұрыста зеңбіректеріміз іске аспады, кәдеміз- ге жарамады. Неміс танкалары оңды-солды бізді жай- пап жіберді. Біздің полктан не бәрі он шақты адам ға- на қалды. Сол алғашқы айқаста полк командирі оққа ұшты. Степан Сергеевич танк қирататын гранатпен жаудың төрт танкасын табан астында талқандады. Сол сәтте сол жақтағы ағаш ішінен шыға келген бір танк Степан Сергеевич тобына, өздері де төрт-бес-ақ адам еді, тап берді. Олардың гранаталары болмай қалды ғой деймін, танкіге винтовкадан оқ ата бастады. Сол сәтте танкіге орнатылған ірі калибрлі пулеметтен жау оқты боратып жіберді. Комиссар бастаған жауынгерлер тү- гелімен сол арада ерлікпен Отан үшін қаза тапты,— деп барып, Жомарт астыңғы ернін тістеп, басын шай- қап, көзіне жас алып, орамалмен бетін сүртті. Анна Ивановна егіліп жылап отыр. Серік пен Борис сыртта- ғы машина маңында еді, бұл әңгімені олар естіген де жоқ.

  • Сонан,— деп жалғады сөзін Жомарт,— менің жанымда қалған жауынгерлер жауға қарсы аянбай ок атып, жау танкісін өзімізге қарай беттетпеді. Сөйтіп, жан алып, жан беріп тұрғанымызда артымыздан күш келіп жаудың бетін қайтардық. Жауды өкшелеп қуып бара жатқанымызда менің оң жақ санымнан оқ тиіп ауыр жараландым. Жүруге жарамай, көп өлік арасын- да қансырап жата бердім. Ңанша уақыттан соң екені есімде жоқ, бір кезде майдан даласынан елік жинап жүрген өзіміздің әскерлер келіп мені бір жерге алып келді де, менімен төрт адамды самолетке салды. Сонан соң не болғанымды білмеймін, бір далалық госпиталь- да жатқанымды бірнеше күннен кейін бір-ақ білдім. Санымнан операция жасап, таңып тастапты. Оң аягым ап-ауыр, қозғалсам сырқырап ауырады. Госпитальды




бір жерден екінші жерге көшіре берді. Сонан есімді ясинаған соң, Жамал мен Серікті іздеп елге хат жаз- дым. Әкем Жамал мен Серіктің елге келмегенін, олар- дан хабарсыз екенін айтып хат жазыпты. Жамалды осылай жоғалтып жүре бердім. Екі ай дегенде жарам ясазылып жүруге жарадым. Госпитальдан шығарып, бір артиллерия полкына штаб бастығы етіп тағайында- ды. Бір айдан соң подполковник атағын беріп, сол полктің командирлігіне ауыстырды. Бұл полк та талай кескілескен ұрыстарға қатысып, көптеген шығынға ұшырап жүрді. Шығынның орнын талай рет толтырып, ұрысқа шығып отырдық. Осы Днепрден өтуде ерекше көзге түсіп полкке гвардия атағы берілді. Полкымыз «Қызыл Ту» орденімен наградталды. Офицерлеріміз бен жауынгерлеріміз де талай рет наградталды. Қазір осы полктың командирімін. Серік пен Жамалды қа- лай, қайдан іздерімді білмей жүруші едім. Бір күні подполковник Краснжтен хат алдым да, сол күннің ертеңінде өзімен рация арқылы сөйлесіп, сіздердің ха- барларыңызды естіп қатты қуандым. Менің бұл ха- лімді дивизия командирі жақсы білуші еді. Қуанға- нымнан сол кісіге барып жағдайымды айттым. Мен сұ- рамай-ақ: «Екі күнге босаттым. Барып балаңды тауып ал»,— дегені. Мұндай өмірімде қуанбаспын да! Екінші эшелонда тұр едік. Орныма комиссарды қалдырып, бері қарай тартып отырдым. Жолда подполковник Красюктің штабына соғып, ол кісіге де алғысымды айттым. Міне, Анна Ивановна, қиын қыстау күндерде Серігімді паналатып бауырыңызға басыпсыз. Әке ор- нына — әке, шеше орнына — шеше болыпсыз. Сіз бол- масаңыз Серіктің күні не болатын еді?! Сізге бір ғана рақмет айту аз сияқты. Сіздің бұл жақсылығыңызды немен ақтарымды білмей отырмын,— деп қиналды Жомарт Анна Ивановна алдында.
Сіз сонша қиналмай-ақ қойыңыз. Бұл істегенде- рімнің барлыгы менің аналық борышым. Бұл әрбір со- вет адамының борышы. Әрбір партия мүшесі осылаіі істер еді, егер осындай жағдайға. тап болса. Жомарт Мергенбаевич, сізге көп рақмет. Хабарсыз кеткен Сте- ланның Отан үшін ерлікпен қаза тапқанын сіздің аузыңыздан естідім. Сізден басқа мұны ешкімнің ау- зынан ести алмайтын едім. Өйткені оның өлімін көр- геиде
РДІҢ барлығы да қаза тапқанын өзіңіз айтып






отырсыз. Оның куәсі сіз ғана. Әрине, бұл қайғылы ха- бар, сонда да менің жұбанатыным, өлмейтін адам бол- майды, бәріміз де өлеміз ғой бір күні, Степан өлсе Отан үшін, бақытты болашақ үшін жаумен алысып өлді. Отан солдаттарының алдыңғы қатарында қаза тапқа- нын көңіліме медеу тұтам. Барлығымыз да сүйікті Отан үшін, коммунизм ісі үшін өлсек армансызбыз дейміз ғой. Олай болса Степан сол Отан үшін, комму- низм үшін белдескен айқаста мерт болды, арманы жоқ деп ойлаймын. Бірақ армансыз адам болмайды ғой, оның да арманы, аңсағаны болған шығар,— деді Анна Ивановна көзіне қайта жас алып. Оны салалы саусақ- тарымен сығып тастады да, сөзін әрі қарай жалғады.— Дегенмен, ол өзінің жеке басының арманы ғой. Отан мүддесі, халық мүддесіне қарағанда ол не? Степан коммунист еді, комиссар еді — Отан солдаты еді, сол Отаны үшін қаза тапты. Оның үстіне артына өзі сияқ- ты бір Отан солдатын қалдырды. Степанның топыра- ғы торқа болсын! Енді Борисім тірі болса болғаны,— деп Анна Ивановна өзіне-өзі тоқтау айтып Жомарттың борышын жеңілдеткендей болды. Жомарт көпті көрген бұл ананың соншама ақылды екеніне іштей риза бол- ды. «Соғыстан бұрын екі-үш жыл көрші тұрдық. Онда жай әйелдердің бірі ғана сияқты еді. Кімнің кім екені қиыншылықта көрінеді деген осы-ау. Қандай ақылды, парасатты адам. Міне, адам болса осындай болсын!» — деп қорытты Жомарт Анна Ивановна туралы ойын.
Сол күні Анна Ивановна мен Жомарт арасында ұшан-теңіз әңгіме жібінің ұшығы таусылмады. Сонан әңгіме соңы мұнан былайғы өмірге ойысты. Жомарт Серік пен Бориске, Анна Ивановнаға әкелген сәлемде- месін берді. Енді берілмеген бір нәрсе бар. Оны қалай жөнін тауып берерін Жомарт білмеді. Ол ақша еді. Оны Анна Ивановна алмауы да мүмкін. Анна Иванов- на біреуден ақша ала қоятын сұғанақ адам емес. Оны Жомарт біліп отыр. Сонда да қағазға мұқият оралып, екі жерінен айқұш-ұйқыш жіппен байланған түйіншек- ті Анна Ивановнаға ұсынып:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   395




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет