Папа, сенің «партия не айтса, бәрі орындалады» деген сөзіңді мен ешқашан есімнен шығармаймын. Біз жеңеміз, мұны жұрттың бәрі біледі,— деді Илько мақ- таныш сезімімен
Папа, сенің «партия не айтса, бәрі орындалады» деген сөзіңді мен ешқашан есімнен шығармаймын. Біз жеңеміз, мұны жұрттың бәрі біледі,— деді Илько мақ- таныш сезімімен.
Оның айтқан осы сөзі өзін әлдилегендей, көңілін жай таптырғандай болды білем, ол әкесінің көз алдын- да маужырап ұйықтап кетті. ... Таңертең сельсоветке келе жатып Григорий Ва- сильевич сельсовет үйінің сатысында тұрған Василий Алексеевичті көрді. Тегі, ол мұны тосып тұрса керек.
Қартым, ұйықтамаған екенсің, көзіңнен көріп түрмын,— деді, саулығын сұрастыра тұрып Василий Алексеевич Буряк.— Мен де көз шырымын ала ал- мадым.
Кешкі беске деп тұрмын. Халыққа ертерек құ- лақ-қағыс ету керек, олар жұмысын кешкі сағат бес- ке дейін бітіретін болсын. Ал біз қазір колхоз бас- қармасымен, селолық Совет председателімен келісіп, сол жиналысқа дейін жұмыстың бәрін ойластырып қоюға тиіспіз, адамдарды шақыруға Захар қартты жі- бердім.
Василий Алексеевич, комсомолдардан да адам- дар шақыру қажет болар және активтің кейбіреулерін келтірген жөн болар.
Абыржымаңыз, Григорий Васильевич, бәрі де ойлағаныңыздай болады. Комсомолецтер шақырыла- ды. Оның ішінде Ильконы да шақырам. Оны білетін боларсыз деймін? Ол біздің кішкентай активисіміз. Бұ- ларға қоса бригадирлер — Ефим мен Стратон қарттар- ды, әйел акгивтерден екі сауыншыны шақырмақпын... Меніңше, жеткілікті болар.
Жиналыс тура сағат бесте басталды. Парторг Бу- ряк майда.і жайын баяндады, Григорий Васильевич Витряк эвакуация жоспарын, оның қалай ұйымдасты- рылатынын айтып берді. Жиналыс өтіп жатқан кішкене бөлме іші құлаққа ұрған танадай. Тек оқтын-оқтын әрбір бұрыштан ауыр күрсінулер ғана естіледі. Кімге болса да ата мекенін, туып-өскен жерін, өз қолынан салған үйін тастап кету оңай соға ма екен! Мұндағы мәдениет, байлықтың бә- рін олар өз қолдарымен жасады, сондықтан да мұнда- ғы әрбір зат, үй, жер бәрі де жандарына сондай жақын, сондай қымбат. Ертеңінде таңертең осындағы тұрғындардың әрқай- сысы әбігер-абыржусыз, зор сабырмен өз жұмыстары- мен шұғылданды. Мал, астық және колхоздың басқа- дай мүліктерін алыс тылға жөнелтуге ыңғайлап әзір- лей бастады.